Главное меню

  • К списку параграфов

§44. Канада. Орталык Америка елдерi


1. Канаданың географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар. 

2. Канаданың жер бедерінің сипаты қандай? 

3. Канада жерінде қандай климаттық белдеулер мен табиғат зоналары бар?

Канада - дүние жүзінде жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Канада жерінің ауданы млн 970 мың км2. Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың Арк- тикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы - От­тава қаласы.

Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюеке неғүрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық аркти- калыц шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен сол- түстік бүғысы - карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық - эскимостар түрады. Олардың негізгі кәсібі бүғы шаруашы- лығы, теңіз жануарлары мен балық аулау болып табылады.

Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік бөлігінде табиғат жағдайлары салыстырмалы түрде қолайлы болады. Оңтүс- тікке қарай температура жоғарылап, жауын-шашын мөлшері арта- ды. Канаданың басты байлығы - көгілдір көлдер мен қалың орман­дар. Көлдердің жалпы саны жөнінен Канада дүние жүзінде бірінші орын алады. Мүнда Үлы көлдермен (естеріңе түсіріңдер) қатар ондаған ірі көл, мыңдаған үсақ көлдер бар. Канада ормандарға бай. Мүнда америкалыц көгілдір шырша, бал қарагай, царагай өееді. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындау және оны өңдеумен айналысады. Барлық жерде дерлік айрықша әсем цйеңкі агаиіы өседі. Тіпті елдің мемлекеттік туында да үйеңкі жапырағы бейнеленген. Үлы көлдер маңын мекендегеналгонкин тайпалары ежелден-ақ үйеңкінің тәтті шырынын қант орнына қолданған. Үйеңкінің қоймалжың шыры- нын канадалықтар әлі күнге дейін тамаққа пайдаланады. Ормандар да терісі бағалы аңдардан бцлгын, кцзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю - барибал, сілеусін, койот тіршілік етеді.

Елдің оңтүстік-батысындағы прерийді егіс далалары алып жа­тыр. Ңүнарлы қара топырақта өсірілетін бидай, сүлы, арпадан мол өнім алынады. Канада жылына шамамен 40 млн тонна бидай өнімін жинайтындықтан, астықты басқа елдерге де көп сатады. Ал шөбі шүй- гін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Ка­нада жерінің батысында Кордильера таужүйесіне жататын Макензи, Жагалық жоталар, Канаданың Сеңгір таулары орналасқан. Тау беткейлерін қалың орман жапқан. Канада Кордильерасының биіктігі 6000 м-ге жетеді. Мәңгі қар мен мүз басқан тау шыңдарынан баста- латын қысқа, мол сулы өзендер жазықтағы көлдерге қүяды (картадан табыңдар).

Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Үлы жазықта(картадан табың- дар) мцнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған. Канаданың бай таби- ғи қорлары шаруашылықтың сан алуан салаларын дамытуға мүмкін- дік береді. Өз жерінен өндірілетін металдарды пайдаланып, жүмыс істейтін зауыттарда реактивті үшақтар, ірі мүхит кемелері, жеңіл ав- томашиналар мен ауыл шаруашылық машиналары жасалынады. Елде ағаш өңдеу, қағаз жасау өнеркәсіптері де жақсы дамыған.

Елдің аты үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді. Шындығында да Канада Жер шарының әр түпкірінен келген көптеген халықтардың атамекеніне айналғаг. Канаданың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Англия мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. Ағылшын жэне француз тілдері елдегі мемлекеттік тілдер болып табыла- ды, сондықтан «Ағылшын Канадасы» жэне «Француз Канадасы» деген ұғым бар. Елдің байырғы халықтары эскимостар мен үндістердің үлес салмағы шамалы, олар табиғаты қолайсыз аударғанда ығыстырылған. Ел халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады (ірі қалаларын картадан табыңдар). Канада халықтың тұрмыс жағдайы жағынан өте жоғары елдердің қатарына жатады.

Канадада табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 үлттық парк жүмыс істейді. Ең ірілері - Вуд Буффало, Джаспер, Глейиіер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде үйымдастырылған үлттық парк- терде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қа- жетті жағдайлар жасалған (қосымшаны қараңдар).

Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бө- лігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңізіндегі Үлкенжэне Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка жэне т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел Мек­сика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бүл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халқының түрмыс-тіршілігі Кана­да мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.

Атласты және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, өз беттеріңмен Орталық Америка елдеріне қысқаша сипаттама беріңдер.

Өз білімдеріңді тексеріңдер!

1.        Солтүстік Американың географиялық орнының басты белгі- лерін атаңдар. Оның Еуразияның географиялық орнынан қан- дай айырмашылыгы бар?

2.        Гренландия аралы қай елдің қүрамына кіреді?

3.        Кордильера тау жүйесі неге меридиан бағытында орналасқан?

4.        Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

5.        Солтүстік Америка мен Еуразиядағы табигат жагдайларының үқсас аудандарын атаңдар.

6.        Солтүстік Американың қай бөлігінің табигаты біздің жеріміз- ге үқсас болып келеді? Мысал келтіріңдер.

7.        Солтүстік Америка жерінде шөлдер неге аз?

8.        Солтүстік Америкадагы табиғаты көркем жерлерді атаңдар.

9.        Материктегі табигаты қатты өзгерген аудандарга мысал кел- тіріңдер.

10.    Солтүстік Америкада қандай халықтар түрады?

11.     Солтүстік Американың ірі елдері мен олардың астаналарын табыңдар.

Оқушыларга үсынылатын рефераттар тақырыбы:

1.        «Солтүстік Америка географиялық атауларының топонимиясы».

2.        «Аляска немесе Орыс Америкасы, кеше және бүгін».

3.        «Торнадо», «Ураган». Бүл қандай қүбылыстар?

4.        «Бермуд үштағаны» туралы не білеміз?

5.        Солтүстік Америка үндістері: кеше және бүгін.

6.        Солтүстік Американың үлттық саябақтары (қалауың бойынша).

7.        «Солтүстік Американың сирек кездесетін жануарлары».

4-сарамандың жүмыс Материктің бір өзеніне сипаттама беру

Сабақтың мақсаты: а) өзенге жоспар бойынша сипаттама беруге үйрету;

ә) өзендер сипатының жер бедері мен климат типіне тәуелді екендігін анықтау және негіздеу;

б) өзендердің шаруашылық маңызы мен экологиялық жағдайын анықтау;

в)    статистикалық және картографиялық мәліметтермен жүмыс жа- сау біліктілігі мен дагдыларын қалыптастыру және жетілдіру.

Қажетті ццралдар: Солтүстік Американың физикалық, тақы- рыптық және кешенді карталары; оқулық мәтіні мен статистикалық мәліметтер; презентациялар; сызбалар.

Жүмыс барысы:

1.      Материктің физикалық картасын пайдалана отырып, мүғалім тарапынан үсынылған бір өзенге оқулық қосымшасындағы жоспар бойынша сипаттама беру.

2.      Жүмысты мүғалім тарапынан үсынылған вариант бойынша кес­те түрінде де орындауға болады:

Өзеннің

аты,

ңандай

алапқа

жатады

Бастауы

мен

қүяр

жері

Үзын-

дығы,

км

Өзен

алабының

ауданы,

км2

Жылдың

ағын

мөлшері,

км3

Қоректену көзі және режимі

Шаруашылық маңызы және экологиялық жагдайы

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.