Главное меню

  • К списку параграфов

§43. Халқы және елдері. Америка Қүрама Штаттары


Халқы және елдері. Қазіргі кезде Солтүстік Америка халқының саны 480 млн-ға жуық. Материктің байырғы халқын монгол нәсіліне жататын цндістер мен эскимостар қүрайды. Бүл халықтар Азиядан Солтүстік Америкаға шамамен осыдан 25-40 мыңдай жыл бүрын ма­терика Еуразиямен жалғастырып түрған Берингия ццрлыгы арқылы қоныс аударған.

«Америка үндістері» деген атаудың өзі X. Колумбтың тарихи қатесімен (қандай?) бай­ланысты пайда болды. Материктің солтүстігін мекендеген үндістер тайпалары (алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр және т.б.) еуропалықтар келмес бұрын аң және балық ау- лаумен, жабайы жемістерді терумен айналысып, күнелткен. Ал Оңтүстік Мексикада ме­кендеген үндістердің ацтек, майя тайпалары маис (жүгіреді), картоп, қызанақ өсірумен айналысқан. Оларда қолөнер мен егіншілік өте жақсы дамыған. Еуропалықтар келгенге дейін бұл тайпалар Юкатан түбегі мен қазіргіМексика жерінже жоғары дәрежеде дамыған мемпекеттер құрған. Кейіннен басқыншылар олардың халқын қырып, ғажайып медени мұраларын аяусыз тонаған. Ғалымдар Америкадағы үндіс халықтарының шаруашылық және мәдени даму дәрежесін жоғары бағалаған.

XVI ғасырдың басында Американы жаулап алу басталды. Нәти- жесінде бағынып, қүл болудан бас тартқан үндістер қүнарлы жер- лерден қудаланды. Олар еуропалықтар әкелген жүқпалы аурулардан жаппай қырыла бастады. Нәтижесінде Кариб теңізіндегі аралдардың байырғы халқы (караибтар) XVII ғасырда түгелге жуық жойылып кетті. Қазіргі кезде материкте 15 миллиондай ғана үндіетер қалды. Еуропа басқыншылары үндістерден босаған жерлердегі плантацияларда жүмыс істету үшін Африкадан қүлдар әкеле бастады. Қазіргі кез­де Солтүстік Америкада 20 млн-ға жуық афроамерикалықтар түрады.

Солтүстік Американың негізгі халқын Еуропадан, әсіреее Үлы- британия мен Франциядан қоныс аударғандар қүрайды. Олар негі- зінен материктегі ірі мемлекеттер - Америка Қцрама Штаттары мен Канадада түрады. Халықтың басым көпшілігі ағылшын тілінде сөйлей- тіндіктен, материктің бүл елдер орналасқан бөлігін Агылиіындыц Америка деп атайды. Америка Қү-рама Штаттарының халқы нәсілдік және үлттық айырмашылықтарына

қарамастан америкалықтар деген жалпы атпен аталады.

Халқы латын тілдерінде сөйлейтін Мексика жері мен Кариб теңізі аралдары Оңтүстік Америкамен бірге Латын Америкасын қүрайды. Мүнда испандар және португалдардың басқа халықтармен некелесуі нәтижесінде Американың жаңа халқы: мулаттар, самбо, метистер қалыптасты.

Солтүстік Америкада материктің табиғат жағдайлары мен игері- лу тарихына байланысты халық әркелкі қоныстанған. Мысалы, та­бигат жағдайлары қолайлы және ертерек игерілген Үлы көлдер маңы мен оңтүстік-шығыста халық неғүрлым жиі қоныстанған. Бүл бөлікте Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия, Чикаго, Торонто, Детройт, Майа­ми, Хьюстон сияқты ірі қалалар(картадан табыңдар) орналасқан. Ал табиғат жағдайлары өте қолайсыз солтүстік аудандарда жэне климаты қүрғақ, жер бедері таулы болып келетін батыс бөлікте халық салыс- тырмалы түрде сирек қоныстанған.

Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел Америка Қцрама Штаттары орналасқан. АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр (оларды картадан табыңдар).

1. Карта бойынша АҚШ-тың географиялық орнының ерекшеліктерін анықтаңдар.

2.    АҚШ жағалауларын қандай мұхиттар шайып жатыр?

Америка Қүрама Штаттары. Америка Ңүрама Штаттары жері- нің ауданы (9 млн 363 мың км2) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алады. Бүл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мүхиттағы Гавай аралдарынан түрады. Әкімшілік қүры- лымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тү- ратындықтан ел Америка Қцрама Штаттары(АҚШ) деп аталады. Астанасы - Вашингтон қаласы.

АҚШ жерінің табигаты алуан түрлі. Оның көпшілік бөлігі қоңыр- жай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Батыстагы Кор­дильера мен шығыстагы Аппалач тауларының аралығында Үлы және Орталық жазықтар орналасқан. Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін ойпатты жагалық жазықтар алып жатыр. АҚШ жері арқылы Солтүстік Америкадагы ең ірі өзен Миссисипи агып өтеді, ал Канадамен шекаралас аймақта Үлы көлдер шогырланган.

Елде мцнай мен табиги газдың, тас көмір, металдар тәрізді пай­далы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде үдайы гылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. Солсебепті АҚШ шаруа- шылыгы жедел дамуда, ел өнеркәсіп өнімдерін шыгару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ-тың шаруашылыгы сан салалы, ең жетекші сала машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында ав­томобиль шыгарылады. Детройт қаласын «автомобилъдер астанасы» деп атайды. Батыстагы Лос-Анджелес қаласы гарыштық техника мен электроника орталыгы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» үшагы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара метал­лургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген. Транспорттың барлық түрі қарқынды дамыган, соңғы жылдары даңгыл тас жолдардың үзындығы артуда. Чикаго қаласы жолаушы және жүк тасымалы жөнінен ел ішінде бірінші орын алады. Бір тәулікте бүл қала арқылы 2 мың пой- ыз өтеді. АҚШ пен Канаданың жол торабы біртүтас жүйені қүрайды. Жағалауларда ірі портты қалалар көп.

АҚШ жерінің көпшілік бөлігінің жазық және аласа таулы бо­луы, қолайлы климат, ғылым жетістіктерінің кеңінен пайдаланы- луы ауыл шаруаиіылыгын жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік бере- ді. Ел астық, сүт, ет, қүс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды алады. Табиғат жағдайының ерекшелігі мен дақылдардың өнімділігіне байланысты АҚШ жері ауыл шаруашылығының белгі- лі бір саласына маманданған белдеулерге бөлінеді. Солтүстіктен оң- түстікке қарай бидай, жүгері, мақта белдеулері орналасқан. Олардың аралыгында малжайылымдары кеңінен таралған. Аляска балық ау- лау, аң теріеі кәсіпшілігімен жэне орман шаруашылыгымен белгілі. Гавай аралдарының түргындары қант қамысы мен ананас өсіруге ма- манданған.

АҚШ халқының саны (309 млн-га жуық) жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. АҚШ-тағы байырғы халықтың үлесі 1% шама- сында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер қүрайды. Тек қана XIX ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн-ға жуық адам осында қоныс аударған. Соңғы жылдардағы шек- теулерге қарамастан қоныстанушылар есебінен ел халқы жылына млн адамға артады. Америкалықтар 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддееін әрдайым жоғары үстайды. Оларды жа- стайынан Мемлекеттік рәміздерді қүрметтеуге, отансүйгіштікке, АҚШ мемлекеті мен өзінің жеке басының әл-ауқатын жақсарту үшін еңбек етуге тәрбиелейді. АҚШ халқының 3/4-і қалада түрады, елде жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Ең ірі қаласы Нью-Йорк аспанмен таласқан биік үйлерімен ерекшеленеді, қалада Біріккен Үлттар Үйымының ғимараты, ірі банктер, дүкендер бар.

Қолайлы табиғат жағдайларымен сипатталатын елдің оңтүстігінде әлемге әйгілі Диснейленд, көптеген демалыс орындары, ал ЛосАнд- желее қаласында кино өндірісінің орталығы - Голливудорналасқан. Колорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Йеллоустон гейзерлері, Флинт-Мамонт үңгірі және т.б. табиғи және тарихи ескерткіштерін тамашалау үшін АҚШ-қа жылынамиллиондаған туристер келеді.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жедел дамуы, халық са- нының артуы табиғи ортаға үлкен нүқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғатты қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап қалу мақсатында дүние жүзінде алғаш рет үлттық саябақтарды үйымдастыруды қолға алды. Түңғыш үлттық саябақ 1872 жылы Йел­лоустон аңғарында қүрылды. Ол ыстық гейзерлерімен, тасқа айналған ағаштарымен әйгілі. Осындағы Алып гейзерінен атқылаған судың биіктігі 91 метрге жетеді. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса үлттық саябақ бар (235-бет).

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Солтүстік Американы қандай халықтар мекендейді? 

2*. Материктегі халық қүрамына еуропалық отарлау қалай өсер етті? 

3.АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуына не себепші болды?

 Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, АҚШ-тың көрікті жерлері туралы қысқаша хабарлама дайындандар.