§38. Физикалық-географиялық орны. Ашылу жэне зерттелу тарихы
СОЛТҮСТІК АМЕРИКА
Солтүстік Америка - өзіміз түратын Еуразиямен бірге солтүстік жартышарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алады, жерінің ауданы24,2 млн км2.
Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:
• Дүние жүзіндегі аса ұзын әрі енді тау жүйесі - Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км-ге тең;
• Дүние жүзіндегі ең үлкен арал - Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн 176 мың км2;
• Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді;
• Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі - Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік- шығысында орналасқан, оның үзындығы 500 км;
• Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы - Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 145 км;
• Дүниежүзілік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады;
• Дүние жүзіндегі ірі мұздық-тектоникалық көлдер белдеуі Кордильераның солтүстік- шығысынан Аппалач тауларының етегіне дейін созылып жатыр;
• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш - биіктігі 100 м-ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі;
• Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі - Кордильер тауындағы Мак-Кинли шыңы, оның биіктігі 6193 м;
• Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 м төмен жатыр;
• Солтүстік Америкадағы ең суық жер - Гренландия аралының орталығы, мұнда -70°С тіркелген;
• Материктегі ең ыстық жер - Өлім аңғары (+57°С), бұл - солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғарғы температура;
• Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері - Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі;
• Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері - Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.
§38. Физикалық-географиялық орны. Ашылу жэне зерттелу тарихы
Географиялық орны. Солтүстік Америка материгі солтүстік жартышарда арктикалық белдеудегі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады (физикалық картадан материктің шеткі нүктелерін
тауып, олардың координаттарын анықтаңдар).
Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бүл екеуі батыс жарты- шарда орналасқан Америка дүние бөлігін қүрай- ды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты ОрталықАмерика деп те атайды. XX ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы Тынық мүхит пен Атлант мү- хитын жалғастырып түратын Панама каналысалынған (122-бет).
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жат- қан Беринг бцгазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мүзды мүхит суларын Тынық мүхитымен жалғастырады. Сендер солтүс- тік жартышар материктерінде ертеректе жаппай мүз басу жүрге- нін білесіңдер. Осы кезеңде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бүғазы орнында болған қүрлық арқылы жалғасып жатқан. Бүл қүрлықтық «көпір» арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген, адам- дардың да осы жолмен Азиядан Америкаға қоныстанғаны белгілі.
Солтүстік Америка жағалауларының сол- түстігі мен шығысы қатты тілімденген (физи- калық картадан осы бөліктердегі
ірі аралдар мен түбектерді, теңіздер мен шығанақтарды табыңдар). Материктің солтүстік жағалары жаппай мүз басу кезеңінде күшті тілімденуге үшырады, қазірдің өзінде солтүстіктегі аралдар мен түбектердің көпшілік бөлігін қалың мүз қүрсап жатыр.
Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға үқсас болғанымен, география лық орны мен жерінің аумағы, жер бедеріндегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.
Материктің ашылу жэне зерттелу тарихы. 1492 жылы X. Колумб бастаған испан экспедициясының материктің оңтүстік жағалауын ашқанын білесіңдер (§2-нің қосымшасында, 12-13-бет). Олардан көп бүрын, X ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс жаға- лауында түрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік-шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі италиялық Джон Кабот Нью-фаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнан Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемлекеті орналасқан қазіргіМексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон (XVII ғасыр), Александер Макензи (XVII ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларында көптеген жаңа жерлерді ашты. Мате- рикте бүл саяхатшылардың қүрметіне қойылған жер-су атаулары баршылық (оларды картадан анықтаңдар).
Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілее орналас- қан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп, игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жаға- лауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Амери- каның батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жүмыстарын жүргізіп, Нортон шығанағын зерттеді.
XX ғасырдың басында норвег поляр зерттеушісі Руалъ Амундсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтады. Қазіргікезде материк табиғатын зерттеу мен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары пайдаланылуда. Бүл зерттеулер осында орналасқан АҚШ пен Канада сияқты күшті дамыған мемле- кеттер қатысуы арқылы жүргізіледі.
Сүрактар мен тапсырмалар.
1. Солтүстік Америка табиғатының қандай басты ерекшеліктері бар?
2. Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орнын салыстырыңдар. Үңсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.
3. Солтүстік Американың зерттелу тарихына қомақты үлес ңосқан саяхатшыларды атаңдар.