Главное меню

  • К списку параграфов

§37. Оңтүстік жартышар материктері табиғат компоненттерінің ортаң белгілері мен өзіндік ерекшеліктері


Географиялық орны. Оңтцстік жартышар материктері деп ата- латын Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Антарктика үзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгініц қүрамында болған. Лито- сфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтцстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан, Аустралия Антарктика плитала- рына ажырады (11-сурет, 20-бет). Сонымен қатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант жэне Үндімцхиттарыныц табаны ашыл- ды. Кейінірек Африка-Арабия жэне Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы қүрлықтық байла- ныс үзілді. Нәтижесінде оңтүстік жартышар материктерінің қазіргі пішіні қалыптасты.

Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің солтүстігі мен Аф­рика жерінің жартысынан астамы солтүстік жартышарда орналас- қан. Соған қарамастан олар геологиялық даму тарихы мен табиғат жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жартышар материк­тер! тобына кіреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғат жағдайлары үқсас бо­лып келеді.

Оңтүстік Америка, Африка жэне Аустралия материктерінің көп- шілік бөлігінде температура жыл бойы жоғары болады. Материктердің ең енді бөліктері еубэкваторлық және тропиктік белдеулерде жатыр. Тек Оңтүстік Американың жіңішке оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай бел­деуге енеді. Оңтүстік Америка, Африка жэне Аустралия материктерін Оңтцстік тропик шеңбері кесіп өтеді.

Аустралия мен Антарктика нағыз оңтүстік жартышар материк­тер! болғанымен, олардың географиялық орнына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Дәл ортасы арқылы Оңтүстік тропикшеңбері кееіп өтетін Аустралия материгі өте ыстық, әрі көпшілік бөлігі қүрғақ бол- са, ал Антарктика Оңтүстік поляр шеңбері аумагында жатқандықтан ең суық материк болып есептеледі. Оган материк бетін түтас жауып жатқан қалың мәңгі мүз жамылғысы дәлел болады.

Оңтүстік Америка мен Африканың біраз бөліктері еолтүстік жар­тышарда жатыр. Экватор сызығы Оңтүстік Американың тек еолтүс- тігін, ал Африканың дәл ортасын кесіп өтеді. Сондықтан Африканың климаттық белдеулері екі реттен қайталанады (ол қандай климаттық белдеулер?). Дегенмен қүрлықтың дені солтүстікте орналасуы се- бепті материктің солтүстігі мен оңтүстігіндегі климаттық жағдайлар айырмашылық жасайды. Африканың солтүстігінде Жер шарында- гы аса ірі Сахара шөлі орналасқан. Оңтүстік жарты шар материк- терінің географиялық орнындағы айырмашылықтар Антарктиканың мәңгі қысы мен басқа материктердің мәңгі жазына дейінгі алуан түрлі табигат жагдайларын қалыптастырады.

Жер бедері. Оңтүстік жартышар материктерінің жер бедерінде жа- зықтар басым болады. Олар материктердің негізгі бөліктерін алып жатқан ежелгі гондваналық платформаларға сәйкес келеді. Плат- формаларда фундаментті қүрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан цалқандар мен өте қатты майысқан ойыстар алма- кезек ауысып орналасқан. Ңазіргі жер бедерінде қалқандар күшті мүжілгендіктен қалдық аласа тауларға айналған. Ал ойыстарда шөгінді жыныстардың қалың қабаты жиналып, үлкен алқапты алып жатқан тегіс жазықтар қалыптасқан (картадан анықтаңдар).

Материктердегі ірі тау жүйелері олардың жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Гондваналық плиталар мен мүхиттық литосфералық плиталардың түйіскен аймақтарында болған қатпарлану әсерінен түзілген бүл жас тауларға Оңтүстік Американың батысындағы Анд таулары, Африканың солтүстік-батысындағы Атлас тауы, Аустра- лияның шығысындағы Үлкен Суайрық жоталарыжатады. Гондвана- ның ыдырауы мен басқа литосфералық плиталармен ығысуы нәтижесінде оның көптеген бөліктерінде көтерілулер мен төмен түсу- лер жиі болып түрады. Ығысу күшті жүрген аймақтарда платфор- малық жер қыртысы терең жарылыстармен бөлінді. Жарықтар ар- қылы базальтты жыныстардың (естеріңе түсіріңдер) сыртқа лықсуы нәтижесінде жанартаулыц белдеулер қалыптасты. Оған біртүтас Африка Арабия гондваналық плитасының Еуразия плитасына қарай ығысуы нәтижесінде Арабияның Африкадан бөлінуі, Ңызыл теңіз та- банының қалыптасуы дәлел болады. Осы жарықтар бойымен Африка- ның шығысында еөнбеген жанартаулар жүйесі орналасқан (оларды физикалық картадан табыңдар). Оңтүстік жарты шар материктерінің жағалаулары онша көп тілімденбеген, оған дәлел қолайлы қойнаулар мен шығанақтар аз.

Материктердің экватор мен тропиктер аралығындағы орнына бай- ланысты бірдей климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі. Бірақ материктердің ауданы мен жер бедерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белдеулер мен зоналардың орналасуы және ауданда- ры түрліше болады. Қазіргі кезде оңтүстік жарты шар материктері бір-бірінен оқшау орналасқанымен олардың ертеректе табиғатының біртүтас дамығанын дәлелдейтін өсімдіктер мен жануарлардың ортақ түрлері кездеседі.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. «Гондвана материгінің бөлшектенуі» сызбасы бойынша Гондвана қүрамына кірген литосфералық плиталарды анықтаңдар. 

2*. Физикалық карта мен оңулық мөтінін пайдалана отырып, оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнындағы, табиғатындағы үқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңдар.