Главное меню

  • К списку параграфов

§31. Жер бедері мен пайдалы қазбалары


Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажыратылады. Батыс бөлігін бойлай созылып ежелгі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан. О даншығысқа қарайғы бөлікте жазықтар басым.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр. (қосарбет- тегі «Жер қыртысының қүрылымы» картасын қараңдар). Платфор- малық бөлік үзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілулерге үшырап, кей бөліктері керісінше қатты майысқан. Майысып, төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналуы нәтижееінде тегіс жазықтарға айналған. Олардың қатарына Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі Амазон­ка ойпаты, Ла-Плата, Ориноко жазықтары жатады.

Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес ке- летін Гвиана, Бразилия таулы цстірттері орналасқан (физикалық картаны қараңдар). Кейінгі көтерілулер нәтижесінде жарылыстар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып, лавалық жамылғыларды қалыптастырған. Гвиана таулы үстіртінің орталық бөлігінің, Бразилия таулыүстіртінің оңтүстік-шы- ғысының биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты. Жер қыртысының терең жарылыстары арқылы таулы үстірттер жеке бөліктерге бөлінген, олар өзен аңғарларымен қатты тілімденіп, үгілу мен мүжілуге үшыраған. Осындай жер бедері оңтүстіктегі Патагония үстіртіне де тән.

Оңтүстік Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуімен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар - Гран-Чако, Маморе, Пантанал орналасқан.

Оңтүстік Америкадағы ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән. Тау жүйесі бір-бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйінде- рін қүрайтын бірнеше жоталар тізбегінен түрады. Тау түйіндері сөн- ген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді (ірі шыңдар мен жанартауларды картадан табыңдар). Батыс жартышардың ең биік нүктесі -Аконкагуа (биіктігі 6960 м) осында орналасқан. Тау шыңдары сүйір болып келеді, олардың басын мәңгі қар мен мүздықтар алып жатыр.

Анд тауларының орталық бөлігіне тау аралық үстірттер тән болады, оларды жергілікті халық пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиыршық тастармен қоқымдар, тұзды батпақтар (саларес)алып жатыр. Анд тау жүйесі екі литосфералық плитаның (қандай?) түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады. Мұнда тау түзілу әлі де күшті жүріп жатыр, оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жылыстардың болуы дәлел болады. 1970 жылы Перуде болған жер сілкінуде 70 мың адам қаза тауып, 600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Мұндай апатты құбылыстар әрбір 15-15 жылда қайталанады.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыста- ғы таулы үстірттердің қойнауларында темір, марганец, уран кендері, никель, алмас пен алтынның, алюминий шикізаты -бокситтің, ал ойпаттарда мцнай, табиги газ, тас көмірдің ірі кен орындары бар. Анд тауларында жарылыстар бойымен магманың сыртқа төгілуінен

пайда болған мыс, қалайы, қоргасын, мырыш, кцміс кен орындары мен асыл тастардыц аса бай көздері кездеседі. Боливия жеріндегі әйгілі қалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940 км-гесозылып жа­тыр (қандай материкте осындай белдеу бар екенін естеріңе түсіріңдер). Оңтүстік Американың қазба байлықтарын үзақ уақыт бойы Еуропа елдері мен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келді. Қазіргі кезде материктің тәуелсіздік алған елдері табиғат байлықтарын экономика- ны дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Оңтүстік Американың жер бедерінің қандай басты ерекшеліктері бар? 

2. Физикалық картаны пайдаланып, материктегі ірі жазықтар мен таулы үстірттердің биіктіктерін анықтаңдар. Олардың биіктіктері қай бағытқа өзгереді? 

3. Саяси-өкімшілік жөне физикалық карталарды қатар пай- далана отырып, Анд тауларының бойында орналасқан мемлекеттерді анықтаңцар.

4.                 Анд тауларында қандай табигат апаттары болып түрады? 

5. Анд таулары неге «мысты тау» деп аталады?

1. Анд тауларындағы биік шындар мен жанартауларды анықтап, олардың аттары мен биіктігін кескін картаға белгілендер. 

2. Физикалық картадан материктегі ірі кен орындарын анықтап, кескін картаға шартты белгілермен түсіріндер.