Главное меню

  • К списку параграфов

§30. Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орны. Мүхиттар мен теңіздердің зерттелуі. Ашылу және зерттелу тарихы


Географиялық орны. Оңтүстік Америка Солтүстік Америка мате- ригімен бірге Америка дүние бөлігін қүрайды. Ал тілдік ерекшелігі- не қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды. Материк пішіні солтүстік жартышардың еубэкватор- лық белдеуінен оңтүстік жартышардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан үшбүрышқа үқсайды. Ең енді жері 5° о.е. бо- йына сәйкес келеді. Жағалаулары көпшілік бөлігінде тік жартасты, онша тілімденбеген болып келеді. Тек ірі жазықтар үласып жататын жағалауларында ғана (оңтүстікке қарай) шағын шығанақтар орна- ласқан. Материк жағалауларына жақын маңда аралдар аз, тек оң- түстік-батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеееді (атластан табыңдар). Аралдардың ең ірісі - Магеллан бүғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты Жер аралы.

Материк жағалауындағы мүхиттар. Материктің батысын Тынық мүхит, ал шығыс жағалауларын Атлант мүхитының сулары шайып жатыр. Оңтүстік Америка жағалауларында материктік қайраң өте енеіз, әсіресе Тынық мүхит жағалауларында бірден терең шцңгымалар басталады. Олар Тынық мүхиттық литосфералық плитасының ма- йысып, Оңтүстік Америка плитасының астына енуінен қалыптасқан. Материктің еолтүстік жағалауын Атлант мүхитының Кариб тецізі шайып жатыр.

Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Ты- нық мцхиттпың материк табиғатына тигізетін әсері онша емес. Мате- риктің экватордан солтүстікке қарай жатқан бөлігінде жағалауға ба- ғытталған жылы ағыстар жүйесі тау етектеріне мол ылғал әкеледі. Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перуана суыц агысы бой- лай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады, осында атақты Атакама шөлі орналасқан.

Әрбір 10-12 жылда Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі желдер бағытының өзгеруінен Перуана суық ағысы жағалаудан ашық мұхитқа қарай ығысады. Соның нәтижесінде Эль- Ниньо жылы ағысы қалыптасады. Ол ағыстың әсері 18 айға дейін байқалып, жағалаудың ауа райына үлкен өзгеріс әкеледі. Беткі су жиналып, судағы оттегі мөлшері азаяды. Соның есерінен планктонның өнімділігі төмендейді. Қорек азайғандықтан балықтар мұхиттың басқа бөліктеріне ығысады, құс базары да сирейді. Жылы ағыстың әсерінен жылынып, әрі ылғалға қаныққан ауа жағалауға нөсер жаңбырлар алып келеді. Уақытша пайда бо­латын тасқындар өзендер жағалауындағы қалың құс саңғырығы - гуаноны мұхитқа шай­ып алып кетеді. Мол ылғал есерінен өсімдік жамылғысы қаулап өседі. Эль-Ниньо жылы ағысының ықпалы әлсірегеннен кейін Атакама шөліндегі табиғат жағдайлары бұрынғы қалпына келеді.

Жылы және суық ағыстардың жағалық бөліктерге тигізетін әсерін еске түсіріңдер.

Оңтүстіктегі қоңыржай белдеудің жағалық батыс бөлігі батыс та- сымалының ықпалында болатындықтан ылғал аса мол түседі.

Материк табиғатына Атлант мцхитының әсері де күшті: дүние жүзіндегі ең ылғалды материк болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін осы Атлант мүхитынан алады. Бүл мате- риктің шығысында жер бедерінің біршама еңіс болуымен және жа- ғалау бойымен жылы ағыстардың күрделі жүйесі (оларды картадан табыңдар) өтуімен байланысты. Тек қиыр оңтүстік-шығысындағы Фолкленд суық ағысының ықпалында болатын Патагония жері қүр- ғақ болып келеді.

Ашылу жэне зерттелу тарихы. Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы Солтүстік Америка материгімен тығыз байланысты. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып өздеріңе белгілі саяхатшы Христофор Колумб келген.

X. Колумб Америкаға терт рет саяхат жасады (8-суретті қараңдар). Колумб алғашқы екі саяхатында Орталық Американың аралдарын, Саргасс теңізін ашса, үшінші саяхаты барысында 1498 жылдың тамыз айында тұңғыш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына (картадан табыңдар) келіп жетті. Колумб өзінің жаңа маетрик ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын басты жолды таптым деп есепте- ген. Соның нәтижесінде Американың байырғы халқын үндістер деп атап кетті.

X. Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи болды. Ол 1499 жылғы бірінші саяхатында Гвиана және- Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Ңайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға үқсатып, оған «Кіші Венеция» (Венесуэла) деген ат берген. Веспуччи өзінің екінші саяхатыбарысында 1501 жылы Бра­зилия жағалауларына жеткен. Жағалау бойымен жүзіп, өздері қаңтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар «Қаңтар өзені» (испан- ша Рио-де-Жанейро) деген ат берді. Веспуччи өзі жүріп өткен жер- лердің табиғаты мен халқының түрмыс-тіршілігін суреттеп жазған. Колумб Үндістанға баратын жолды аштым деп есептегендіктен, жаңа дүние бөлігін ашу қүрметіне А. Веспуччи не болды.

Жаңа ашылған жерлерге байлық іздеген испан және португал басқыншылары ағыла бастады. Олардың шапқыншылық әрекеті нәти- жесінде Оңтүстік Американың сол кездің өзінде жоғары дамыған Инк- тер мемлекеті жойылып, жергілікті халқы аяусыз қырғынға үшы- ратылып, байлықтары тоналды. Оңтүстік Америка үзақ уақыт бойы Испания мен Португалияның отары болуынабайланысты саяхаттар көбінесе жаңа жерлерді жаулап алу мақсатында жүргізілді.

XVI ғасырдың басында Жер шарын айнала жүзген саяхаты кезінде Фернан Магеллан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз (кейіннен Магел­лан бұғазы деп аталған) арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы

Фрэнсис Дрейк Отты Жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан жаңа бұғазды ашқан. Одан әрі материктің батыс жағалауын бойлай, Солтүстік Америкадағы Ванкувер аралына жетіп, Азияға бағыт алған.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс географ-ғалымы Александр Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен бірге Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп, алғашқыгеологиялық картасын жасаған; батыс жағалаудағы мүхит ағыстарын си- паттап, олардың материк табиғатына тигізетін әсерін түсіндірген. А. Гумбольдт Анд тауларын зерттеу нәтижесінде биіктік белдеулік заңдылығын негіздеген. Ғалым Оңтүстік Амери­ка табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған. Атақты орыс климат зерттеушісі А.И. Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді.

1932-33 жылдар аралығындағы экспеди- циясы кезінде орыс ботанигі Н.И. Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған. Ғалым кейбір мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанақтың отаны Оңтүстік Америка екендігін дәлелдеген.

Оңтүстік Америкада әлі де адам аяғы баспаған, табиғаты зерттелмеген, қүпияға толы аудандар жеткілікті. Амазонияның мүлгіген жасыл ну ор- мандары, Анд тауларының асқар шындары, бай жа- нуарлар дүниесі әлі де өз зерттеушілерін күтеді.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Оңтүстік Американың географиялық орнын анықтаңцар. 

2. «Америка» атауы ңалай пайда болғанын түсіндіріңдер, неге оның байырғы түрғындары үндістер деп аталады? 

3. Материк табиғатын кімдер зерттеген?

Оңтүстік Американың шеткі нүктелері мен жағалауындағы ірі шығанаңтарды, бүғаздарды кескін картаға белгілендер.