§29. Табиғаты
Зерттеушілердің қатал климат жағдайындағы теңдеесіз еңбек- тері нәтижесінде Антарктиданың ғылымға белгісіз көптеген қүпия- лары ашылды. Антарктида материгін қалың мүз жамылғысымен қо- сып, Мцзды Антарктида деп атайды. Жаппай мүз басу Антарктида Аустралия дан ажырап, оңтүстік полюске қарай жылжыған кезден- басталған. Мүздың орташақалыңдығы 1720 м шамасында, ең қалың жерлері 4300 м-ден асады. Мүз жамылғысымен қоса есептегенде мате- риктің орташа биіктігі барлық материктердің орташа биіктігінен 3 есе артық.Антарктиданы жауып жатқан мүз қалқанының орталық бөлігі қалың әрі көтеріңкі, шет жағына қарай жүқарып, аласарған күмбезге үқсайды. Егер осы мүздарды ерітетін болса, Дүниежүзілік мүхит дең- гейі 62 м-ге көтерілген болар еді. Ал мүз астында жатқан материк бөлігін Тасты Антарктида деп атайды (67-еуретті қараңдар).
Оның негізін гондваналық Антарктида платформасы қүрайды (қосарбеттегі «Жер қыртысы картасы»). Оған батыс бөліктен Анд қатпарлы жүйесіне жататын Антарктида түбегі жалғасады. Олардың жымдасқан бөлігінде қазіргі жер бедерінің көтерілуіне себепші бо- лып отырған жанартаулар тізбегі жатыр. Росс теңізі жағалауында сөнбеген Эребус жанартауы орналасқан. Бүл тау түзілісінің әлі де жү- ріп жатқанын көрсетеді.
Материк жер бедерінің ерекшелігіне қарай Батыс Антарктида және Шыгыс Антарктида болып екіге бөлінеді. Батыс Антарктиданың жер беті өте күшті тілімденген, көпшілік бөлігі мүз салмағынан қатты майысқан ойыстардан түрады. Теңіз деңгейінен ең биік және ең төмен жатқан нүктелер де осында орналасқан. Ал Шығыс Антарк- тидадағы қалың мүз жамылғысымен жабылған жазық жерлер биіктігі 3000-4000 м-ге жететін таулармен алмасады. Таулардың тек ең биік шыңдары ғана жер бетіне шығып жатыр.
Антарктидадағы пайдалы қазбалар әлі де болса толық зерттелме- ген. Қазіргі таңда материк қойнауында тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, алмас, уран және тцсті металдардыңқоры бар екендігі анықталып отыр.
Антарктида - Жер шарындағы ең суық материк (58-суретті қараңдар). Өсіресе ішкі аймақтардың климаты ерекше қатал. Ондағы қысқы орташа температура -60°-72°С-қа дейін, ал жаз кезінде -30°- 50°С аралығында болады.
«Восток» стансасында полярлық зерттеушілер Жер шарындағы ең томен температураны (-89,2°С) тіркеген. Сондықтан осы станса Жер шарының суық полюсі деп аталады. Мүндай өте томен температура жағдайында металл шыны сияқты сынады, адамдардың өкпесі мен көзінің жүқа қабығы үсиді, тістің жылтыр қабаты шытынайды. Сол себепті сыртта жүмыс істеу үшін дене температурасын қалыпты жағдайда үстай алатын арнайы киімдер киюге тура келеді. Тем- ператураның осыншама томен болуы материктің тек географиялық орны ғана емес, материк бетінжауып жатқан мүз жамылғысына да байланысты. Мүз жамылғысы әсерінен күн сәулесінің 90%-на жуығы кері шағылатындықтан, 186 күнге созылатын поляр күндері кезінде де материктің ішкі бөліктері жылына алмайды.
Қатты суынған және төмендеген ауа ағынының салдарынан мате- риктің ішкі бөлігінде жоғары атмосфералық қысым орталығы қалып- тасады. Осы орталықта өте суық, қүрғақантарктикалыц ауа массалары түзіледі. Атмосфералық қысымы жоғары Антарктиданың ішкі аймақтары мен материкке үласатын мүхиттар үстінде температура мен қысым айырмашылығы өте үлкен болады. Сондықтан материктің ені 600-800 км-лік жағалық алабында тцрацты желдер соғып түрады. Оларды агынды желдер деп атайды. Жағаға жақындаған сайын олар күшейіп, кейдедүлей дауылға айналып кетеді. Бүл желдер материк- тен мүхитқа орасан мол қарды үшырып әкетеді де, қыста теңіздерді жаппай мүз басады. Суға сырғып түекен материктік мүз жарылып сынабастайды да, біртіндеп зор қалқыма мцзтауларга айналады. Мүзтаулар көлеміне сәйкес он шақты жылдар бойы мүхит суларында қалқып жүреді.
Антарктида түбегі мен жағалық суларға қыста Антарктидадан келетін суың ауа, ал жазда қоңыржай ендіктерден келетін салқын, ылғалды ауа массалары ықпал ететіндіктенсубантарктикалыц климат қалыптасады. Жазғы ауа температурасы 0°С-қа дейін көтеріледі, тек қар күйінде түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері орталық бөлігіндегі 50 мм-ден жағалауларда 700 мм-ге дейін артады.
Табиғат жағдайының қаталдығына сәйкес Антарктида материгінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жоққа тән. Сондықтан қалың мүз жауып жатқан қүрлықтың басым бөлігіантарктикалыц иіөл зонасы- на енеді. Материктің мүздан бос жағалық бөліктері мен аралдарында ғана мүк, қына және үсақ балдырлар өееді. Антарктидалық жаз кезінде кейбір жағаға жақын биіктеу жерлердің беті қардан арылып, тез жылынып үлгереді. Мүндай бөліктерді антарктикалыц иіцрат деп атайды. Мүздан босаған жер беті жылуды бойына тез сіңіретіндіктен шүраттарда өзіндік климаттық жағдай қалыптасады. Еріген мүз суы- нан көлдер пай да болып, онда үсақ балдырлар өсе бастайды. Кол дер үстінде судың булануынан шағын бүлттар түзіледі. Шүраттардыңауданы онша үлкен болмайды.
Антарктида жағалауындағы сулар үсақ өсімдіктер мен жануарлар- дың жиынтығынан түратын планктонга бай. Планктон киттердің, ит- балықтардың, балықтар мен қүс-тардың негізгі қорегі болып табыла- ды. Антарктида суларында ццстардыц 13 түрі, итбалыцтардыц 5 түрі, көк киттер, кашалоттар мен касат- калар мекендейді. Материк жағалауында қүстардың ерекше түрі -пингвиндер көп та- ралған. Олардың 17 түрі кездеееді, ең көп тарағаны Адели деп аталатын кішкентай пингвин. Сонымен қатар салмағы 50 кг-ға жететін, бойы 1 м-ден асатын, өте әдемі император пингвині мекендейді. Жаз айларында материк жағалауларында дауылпаздар, те- ңіз иіагалалары, су қцзгындары үя салады. Антарктида мен оның жағалық суларында тіршілік ететін жануарлар қорғауға алынған. Ертеректе гондваналық материктермен бірге болған кезеңдерде Антарктидада өте алуан түрлі тіршілік дүниесі болған. Оған мүз ас- тынан табылған мәңгі жасыл өсімдіктер мен ежелгі жануарлардың қалдықтары дәлел болады.
Атмосфераның жалпы ластануы әсерінен Антарктида мүздарының жедел қарқынмен еруі мүмкін деген жорамал бар. Сонымен қатар Жерді ғарыштан келетін зиян- ды сәулелерден қорғайтын атмосферадағы озон қабатының Антарктида үстінде жүқарып сөгілгендігі де анықталып отыр. Бүл қүбылыстың одан әрі күшеюі Жер- дегі тіршілікке зор қауіп төндіреді. Антарктидатабиғатын зерттеушілер бүл апатты қүбылыстарды тоқтату шараларын қарастыруда.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. Антарктида материгі қашан ашылды, оны кімдер зерттеді?
2. Оңтүстік полюске кімдер жөне қашан барды?
3. «Оңтүстік мүхит» дегенді ңалай түсінесіңдер?
4.Антарктида материгін неге мүз қүрсап жатыр? Мүздың қалындықтары қанша?
5. Тасты Антарктида дегеніміз не?
6. Антарктида жағалауына қарай неге ағынды желдер соғады? 7. НеліктенАнтарктида материгінде тіршілік мүхит суымен байланысты?
1. Материктегі жануарлар мен қүстардың аттарын дәптер- леріңе жазындар.
2. Кескін картаға материктегі ғылыми-зерт- теу стансаларының, жағалық теңіздер мен аралдардың аттарын белгілендер.
Өз білімдеріңді тексеріңдер!
1. Аустралияның Жер шарындағы ең қүрғақ материк аталу се- бебі неде?
2. Аустралия табиғатының қандай белгілері Африкаға үқсае бо- лып келеді?
3. Эйр көлі Африканың қандай көліне үқсас болып келеді, оның себебін түсіндіріңдер.
4. Аустралияның табиғатына, халқына және шаруашылығына қатысты «...ең, ең...» деп айтуға болатын ерекшеліктерді атаңдар.
5. Дүниежүзілік мүхитты зерттеудің қандай әдістерін білесіңдер?
6. Тынық мүхит табиғатына тән басты ерекшеліктерді атаңдар.
7. Тынық мүхит табанындағы ірі су асты жотасы қалай аталады?
8. Тынық мүхиттағы ең үлкен жанартаулық аралдар тобын атаң- дар.
9. Тынық мүхитының қандай бөлігінде маржан аралдары көп та- ралған, неліктен?
10. Дүние жүзінің саяси картасы бойынша Тынық мүхит жаға- лауында орналасқан ірі елдерді анықтаңдар. Олардың шаруа- шылық әрекетіне мүхиттың қандай ықпалы бар?
11. Тарихи-географиялық ерекшеліктеріне қарай мүхит аралдары қалай бөлінеді?
12. Антарктиданың басқа материктерден кеш ашылуы неліктен деп ойлайсыңдар?
13. Антарктида сулары неге Оңтүстік мүхит деп аталады?
14. Антарктиданың мүз астындағы жер бедері қандай? Оны неге Батыс және Шығыс Антарктидаға бөледі?
15. Антарктида климатына тән қандай ерекшеліктерді атай ала- сыңдар?
16. Антарктидалық шүрат дегеніміз не?
Оқушыларға үсынылатын рефераттар тақырыбы:
1. Үлкен Тосқауыл рифі.
2. Аустралия аюы - коала.
3. Эвкалипт ағашы туралы не білеміз?
4. Абориген - ол кім, оның бүгінгі өмір салты қандай?
5. Аустралия үлттық саябақтары (қалауың бойынша).
6. Антарктиданың қазіргі зерттелуі.
7. Пингвиндер еліне саяхат.
8. Антарктида мүзтаулары.
Оңтүстік Америка
Оңтүстік Америка жерінің ауданы аралдарымен қосып есептегенде 18,3 млн км , үлкендігі жөнінен 4-орын алады. Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:
Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен - Амазонка орналасқан, оның жылдық ағыны 7000 км3, су жинау алабының ауданы 7 мпн км2 асады;
Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама - Анхель орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады;
Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі - Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2, тереңдігі 304 м;
Оңтүстік Америка - Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк: жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр;
Материктегі аса ірі тау жүйесі - Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Үзындығы 9000 км-ден асатын Анд Солтүстік Америкадағы Кордильераның жалғасы болып табылады;
Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жеріндегі ұзындығы 320 км, ені 220 км болатын дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы - Ла-Плата орналасқан;
Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі - Аконкагуаның биіктігі 6960 м, ал Валдес түбегінде материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40 м) орналасқан.