Главное меню

  • К списку параграфов

§28. Материктің географиялық орны. Ашылу жэне зерттелу тарихы


АНТАРКТИКА. АНТАРКТИДА

Антарктида Жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табы- латын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк. Антарктика атауының өзі «Арктикаға қарама-қарсы» деген мағынаны білдіреді, яғни материктің солтүстік поляр аймағына қарама-қарсы орнын дәл бейнелейді. Материк ауданы 12,4 млн км2, ал қайраңдық мүздықтар мен көршілес аралдардықосып есептегенде 14 млн км2-ге жуықтайды. Антарктиданың географиялық орнына байланысты мы- надай табиғат ерекшеліктері бар:

           Жерінің 99%-ын қалың муз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);

           Антарктида Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;

           Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км3, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды;

           Антарктида Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2°С) тіркелген;

           Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері Бентли ойысы (-2555 м);

           Антарктидада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанатауы (3794 м);

           Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күүнің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.

§28. Материктің географиялық орны.

Ашылу жэне зерттелу тарихы

Географиялық орны. Ежелгі Гондвана материгінің қүрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиданың қазіргі табиғат жағ- дайлары оңтүстік жартышардың басқа материктеріне үқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен байланысты түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мүхит айдындары арқылы бөлініп жа­тыр. Антарктида жағалауындағы өте салқын мүхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік агыс жүйесін қүрайды (картадан қараңдар). Антарктидаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант және Үнді мүхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мүхит айдын- дарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мүндағы судың беткі температурасы мен түздылығы, тіршілік дүниесі қүрамы жағынан аталған мүхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида жағалауындағы мүхитсулары шартты түрде Оңтцстік мцхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мүздықтармен қүрсалған.

Қайраңдық мүздықтардың ең үлкен бөлігі Уэдделл жэне Росс тең- іздерінде жатыр. Антарктида жағалауын бойлай жіңішке материктік қайраң созылып жатыр. Қалың мүз жамылғысы әсерінен жер қыр- тысы қатты майысқан, қайраңдардың тереңдігі 500 метрге жетеді. Антарктида жағалаулары биік, тік мүзды жарлардан түрады, онша тілімденбеген. Мүнда бір ғанаАнтарктида тцбегі орналасқан. Материк пен оған жалғасып жатқан үш мүхиттың шеткі сулары аралдарымен қоса Антаркпгиканың қүрамына кіреді (картадан қараңдар).

Ашылу жэне зерттелу тарихы. Антарктида - ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жердің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы ба- ғытта жасаған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге үшырап, мақса- тына жетпеген. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік по­ляр шеңберін үш рет кееіп өткен Дж. Кук Антарктида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мүздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың түжырымдамаларынан кейін үзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.

Материктің орталық бөлігіндегі оңтүстік полюске норвег Руаль Амудсен 1911 жылы 14 желтоқсанда, ал ағылшын Роберт Скотт бір айдан кейін, 1912 жылдың 18 қаңтарында жетті. Бұлгеография тарихындағы ең үлкен жаңалық болып саналады. Саяхат барысын- да ғалымдар Антарктида материгінің орталық бөлігінің табиғаты туралы көптеген құнды мәліметтер жинақтады. Антарктиданың қатал табиғаты жағдайында полюске жету мен кері қайту саяхатшыларға оңайға түскен жоқ. Ит жеккен шанамен жүрген Р. Амудсен экс­педициясы 99 күннен кейін аман-сау қайта оралды. Ал Р. Скотт пен оның серіктері моторлы шанамен шыққандықтан қайтар жолда қайғылы қазаға ұшырады.

Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлееі зор. 1819-1821 жылдары Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лазарев басқарған «Восток»және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхат - қа шыққан орыс экспедициясы Антарктида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция ма­терик жағалауына түңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиданың ашылған күні болып табылады.

XX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Үлыбритания, Аустра­лия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антар- ктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар үйымдастырды. Ол зерттеулер тек жағалаулар- мен ғана шектеліп отырды, ал материктің ішкі аудандары беймәлім қалпында қалып қойды.

Жүйелі зерттеулер Халыцаралық геофизикалыц жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауын- дағы аралдарда 57 база қүрып, бірлесе жүргі- зуінен басталды. Әр ел ғалымдарының басшы- лығымен үйымдастырылған экспедициялар материкті бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік по­люс пен геомагниттік, «Аяқ жетпес» полюс - терге жорықтар жасады, түрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Қатал климат жағдайында зерттеушілер бір жылдан артық жүмыс жасай алмайды. Соңғы жылдары Антарктикада жүзден астам ғылыми-зерттеу орталықтарында 16 елдің зерттеушілері өзара байланыста бүкіл жыл бойы және маусымдық жүмыс жүргізуде. 2011 жылы желтоқсан айында Қазақ география қоғамы үйымдастырған түңғыш қазақстандық автокөлік ғылыми экспедициясы Оңтүстік полюске жетіп,

Амундсен экспедициясының 100 жылдығы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық қүрметіне полюске ту тікті.

Сонымен қатар метеоклиматтық бақылаулар жүргізіліп, болашақта қазақстандық полярлық станса ашу және Халықаралық Антарктидалық келісімшартқа кіру мәселелері көтерілуде. Халықаралық келіеім бойынша Антарктида материгінде ешқандай әскери сипаттағы ша- ралар, ядролық қаруларды сынау жүмыстарын жүргізуге тыйым салынған. Антарктида табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан Антарктиданы гылым мен бейбітшілік материгі деп атайды. Материк пен оның жағалауын зерттеген батыл да табанды, жігерлі де ержүрек зерттеушілердің аттары олардың қүрметіне қойыл- ған жер атауларында мәңгілік сақталады. Антарктида табиғатын зерт- теп білу ғаламшарымыздағы тіршілік дамуының өткені мен болаша- ғын түеінуге мүмкіндік береді.