§27. Мүхит аралдары
Тынық мүхитта аралдардың көп екендігін алдыңғы тақырыптар- дан білесіңдер. Мүхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғыр- ланған аралдардың тобын Мцхит аралдары деп атайды.Бүл арал- дардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн км2 болады. Мүхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жартышардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жартышардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Гавай, Фиджи жэне т.б. аралдар жатады. Тарихи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мүхитаралдары Меланезия («қара аралдар»), Микронезия («цсақ аралдар»), Полинезия {«коп аралдар») жэне Жаңа Зеландия болып бөлінеді.
Мүхит аралдары еуропалықтарға Ф. Магеллан саяхатынан кейін
ғана белгілі болды. Кейіннен бүл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе Жаңа Гвинея аралында 12 жыл түрған орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай Мүхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде қүнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мүхит аралдарында саяхатшылардың қүрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған (оларды кар- тадан табыңдар).
Табиғаты. Мүхит аралдарының әсем табиғаты алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін теп-тегіс жазықтар алып жатыр. Аралдардағы жер бе- дерінің әркелкілігі және оларды қүрайтын жыныстардың әртүрлілігі аралдардың қалыптасуы мен шығу тегіне байланысты болады.
Мүхит аралдары Тынық мүхит табанындағы қозғалыстардың нә- тижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулыц әре- кеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі -Гавай аралдары. Мүндағы сөнбеген Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық плиталардың жымдасу аймағында қалыптас- қан аралдар геосинклиналдык, аралдар болыптабылады. Олардың ең ірісі - Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинк- линалдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Сол- түстік аралындағы сөнбеген Руапехужанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді. Доға жасап орналасатын геосинклиналдық аралдарды бой- лай мүхит табанының терең шүңғымалары жатыр. Мысалы, Дү- ниежүзілік мүхиттың ең терең ойысы болып есептелетін Мариана шцңгымасы Мариана аралдары маңында орналасқан. Сонымен қа- тар, Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония сияқты ірі материктік аралдар да кездеседі. Судың температурасы жыл бойы жоғары бола- тын екі тропиктік сызық аралығында маржандыц аралдар басым. Маржандық қүрылымдар осы бөліктегі жанартаулық аралдардың түзілуіне де қатысады. Мүхит табанындағы қозғалыстар (жарықтардың пай да болуы, жанартау атқылауы, жер сілкінулер) нәти- жесінде үсақ жаңааралдардыңтүзілуі неме- се кейбір аралдардың жойылуы,цунами әеерінен қалыптасқан биік толқындардың маржандық қүрылымдарды шайып кетуі - Мүхит аралдарына тән қүбылыстар қа- тарына жатады.
Географиялық орнына сәйкес, Мүхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мүхиттан соғатынылғалды желдер климатты жүмсар- тады, ылғал бір қалыпты түееді. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бой- ында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктердегі циклондар жолын- да жатқан аралдар тайфундардың жой- қын ықпалына жиі үшырайды.
Ірі қүрлықтардан оқшау орналасқан- дықтан Мүхит аралдарының тірші- лік дцниесі ерекше болады. Ертеректе қалыптасқан материктік аралдардың тіршілік дүниесі алуан түрлі және бай, ал кейінірек қалыптасқан шағын маржандық аралдарда біршама кедей болады. Аралдардың жануарлар дүние- сінде жыртқыштар мен улы жылан- дар кездеспейді. Аралдардың, әсіресе маржандық аралдардың жағалауларын- дағы таяз сулар тіршілікке бай болып келеді. Сондықтан Мүхит аралдарын ашық мүхиттағы «шүрайлыжерлер» деп атайды. Аралдар табиғатында жалпы үқсастықтармен қатар, айырмашылық белгілер де баршылық.
Маржандық аралдардың табиғаты мүхит суымен тығыз байланысты. Маржандық аралдардың екі тобы бар: атоллдар және маржанрифтері. Атолл- дар - таяз теңіз бөлігінде таға түрінде
орналасқан маржандық қүрылымдар. Олардағы негізгі өсімдік - теңіздің түзды суы мен күшті желдерге төтеп беретін кокос палъмалары. Олар панданус, таро өсімдіктерімен бірге жағалау бөліктерде өседі. Аралдардың ішкергі бөліктерінде нан агашы, агаш тэрізді папоротниктер таралған. Қүрлықта да, суда да қатар тіршілік ететін таңцышаяндар, теңіз қүстары кездеседі.
Жанартаулық аралдардың табиғат кешендерінің орналасуы би- іктікке және тау беткейлерінде ылғалдың әркелкі таралуына байланысты болады. Ылғалды климат жағдайында жанартаулық жыныстар негізінде қүнарлы топырақ қалыптасады.
Жауын-шашын мол түсетін аралдардағы (Гавай аралдарында - 12000 мм) таулардың жел жақ беткейлерінде ылгалды тропик- тік ормандар таралған. Орманның жоғар- ғы бөлігі жалпақ жапырақты ағаштардан, төменгі бөлігі пальмалар мен пандандар- дан түрады, лианалар мен эпифиттер, папоротниктер өте көп. Таулардың ық жақ беткейін саванналар мен сирек ормандар алып жатыр.
Ірі материктік аралдар - Жаца Гвинея мен Жаца Зеландия геогра- фиялық орнының айырмашылықтары мен жер бедеріне еәйкес өзіндік табиғат ерекшеліктеріне ие болады. Жаңа Гвинеяөсімдігінің түр қүрамы жағынан Азияға, ал жануарлар дүниесі жөнінен Аустралия- ға үқсайды. Өсімдіктерден саго, панданус және кокос пальмасынан түратын орман, ал оңтүстігіндегі жазықтарда Аустралиялық казуарина, эвкалипт, акация өсетін саванна таралған. Жануарлардан кенгурудың бірнеше түрі, кускус, цалталы борсық, ехидна, казуар, какаду, жцмац қцстары, кесірткелер мен тасбақалар мекендейді.
Ал жер бедері таулы болып келетін Жаңа Зеландия аралдарында гейзерлер мен қазіргі мүздану таралған, тіршілік дүниесі түрге бай. Діңі 3 метрге жететін жаңа зе- ландия қарагайы мен цызыл, сары, ақ царагайлар, жаңа зеландия зыгыры сияқты өсімдіктер мен аралдарды мекендейтін қүстардың 250 түрі басқа ешбір жерде кез- деспейді. Жаңа Зеландияда сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар мүлде жоқ.
Еуропалықтар мүнда жануарлардың 54 түрін әкелген, олардың көбісі жабайыланып, жергілікті табиғатқа зиян тигізуде.
Халңы мен елдері. Адамдар Мүхит аралдарын ежелден қоныстан- ған. Олардың аралдарды қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген
жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік- Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Аралдықтардың түрмыс-тіршілігі ежелден-ақ теңізде жүзуменбайланысты болған. Сондықтан да олар өте жылдам, оңтайлы жүзетін жеңіл қайықтар (каноэ) жасауды шебер меңгерген. Мүхит аралдарының негізгі халқы - папуастардың түрмыс-тіршілігітуралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н.Н. Миклухо-Маклайдың еңбектерінен табуға болады.
Байырғы халықтар бір-бірінен сыртқы пішіні мен тілдік ерекше- ліктері, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері жөнінен айырмашылық жасайды. Жаңа Гвинея мен оған таяу жатқан аралдарда экваторлық нәсілге жататын папуастар түрады. Олардың өңі қара, қалың бүйра шашты, үзын бойлы, денелері шымыр әрі қуатты келеді. Ал Жаңа Зеландия мен оған жалғас жатқанаралдарда ерекше полинезиялық топқа жататын байырғы маори халқы түрады. Олардың өңдері анағүр- лым ақшыл болып келеді. Байырғы халықтардың саны дамыған ел- дердің отаршылдық саясатының нәтижесінде азайған. Мүхит аралда- рының келімсек халқын Еуропадан, Азиядан және Америкадан қоныс аударғандар қүрайды. Олар негізінен Жаңа Зеландия аралдарындақоныстанған.
Мүхит аралдарында Папуа-Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және тағы басқа үсақ аралдық елдер орналасқан. Мүхит аралдарының қа- зіргі халқы кокос пальмасы, батат, ананас, банан, қант қүрағы, күріш өсіреді, балық аулаумен айналысады. Сонымен қатар аралдарда тас көмір, алтын, мыс өндіріледі.
Мүхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел - Жаңа Зеландия. Елдің жері екі үлкен арал мен көптеген үсақ арал- дардан түрады. 4,4 млн-нан астам халқы бар. Жаңа Зеландияда Еуропадан қоныс аударғандардың үрпақтары - жаца зеландиялықтар тү- рады. Байырғы маорилер ел халқының 10%-ын ғана қүрайды. Жаңа Зеландия халқының әл-ауқаты жоғары елдер қатарына жатады. Аста- насы - Веллингтон қаласы.
Жаңа Зеландия ауыл шаруашылығы өте жоғары дәрежеде дамы- ған, халқы қой және ірі қара өсірумен, егіншілікпен, балық шаруа- шылығымен айналысады. Елдің әр түрғынына шаққанда малдың басы 20-дан асады. Дүние жүзінің көптеген елдеріне қой жүнін, ет, сары май, ірімшік, жемістер мен балық өнімдерін сатады.
Жаңа Зеландияда табиғатты қорғау мәселесіне ерекше көңіл бө- лінген. Жерінің 16%-ын қорықтар мен үлттық парктер алып жатыр. Елде 14 үлттық парк бар.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. Мүхит аралдарының географиялық орнын анықтаңдар.
2. Қалыптасуына қарай аралдар қалай топтастырылады?
3. Аралдар табиғатын зерттеген қандай ғалымдарды білесіңцер?
4. Мүхит аралдары табиғатының қандай басты ерекшеліктері бар?
5*. Физикалық жөне климаттық карталарды пайдаланып, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландияның табиғат жағдайларын салыстырыңдар.
6. Мүхит аралдарында қандай халықтар түрады?
Ірі аралдар мен олардың топтарын кескін картаға белгілеңдер.