Главное меню

  • К списку параграфов

§26. Аустралия Одағы



Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасман аралын бір ғана ел Аустралия Одагы алып жатыр. Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша дүние жүзінде 6-шы орында түрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. Ңазіргі кездегі халқының саны 22 млн адамнан асады. Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалаудағы ірі қалаларда түрады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -ға жетеді.

Материктің байырғы халқы аборигендер метистермен қоса ееепте- геннің өзінде халықтың 1% -ын ғана қүрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің санының өзі байырғы халықтан әлдеқайда көп.

Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200-ден аса тайпалардан қүралған. Олар экваторлық қара нәсілдің аустралиялық тобына жатады. Өңі қара қошқыл, бүйра қара шашты, кең танаулы, қабақтары шығыңқы болып келеді. Еуропалықтар қоныс аударғанға дейін байырғы халық егіншілікпен де, мал шаруашылығымен де айналыспаған. Олар аң аулап, жеу- ге жарамды жабайы өсімдіктерді жинаумен күнелткен. Аборигендер аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген. Олардың ойлап тапқан аңшылық қаруы бумеранг ағаштан әдейі иіліп жасалған. Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді, ал егер тимей қалса, аңшының қолына қайтып келеді. Аборигендер табиғатпен етене жақын болған. Олар көбінесе материктің табиғаты қолайлы шығыс бөлігін мекендеген.

Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардың үрпақтарынан материктің келімсек халқы - аустралиялық агылшындар қалып- тасты. Олар аборигендерді шығыстағы жайлы жерлерден біртіндеп ығыстырып, орталықтағы шөл мен шөлейт жерлердегі резервациялар- га көшірген. Кейбір жекелеген тайпалар әлі де өздерінің қалыптасқан өмір салтын сақтап қалған.

Аустралия Одағы - шаруашылығы дамыған ел. Материктегі ал- уан түрлі пайдалы қазбалар негізінде алдымен тау-кен өнеркэсібі қа- лыптасып, дамыған. Соңғы кезде машина жасау, химияжәне тамақ өнеркәеібінің салалары қарқынды өркендеуде. Елде ағаш сүрегін да- йындап, өңдеу де жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар ауыл ша- руашылығы да жоғары деңгейге көтерілуде. Еуропалықтар өздері басып алған жақсы жерлерді жергілікті табиғат жағдайларына бейімдеп, қой шаруашылығын барынша дамытқан. Қазіргі кезде Аустралия меринос қойларыныц саныжөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Елдің ылғал мол түсетін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аудандарында бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант қүрағы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. «Абориген» үғымы қайдан шыққан? 

2. Аустра- лияның қазіргі халқы қалай қалыптасқан? 

3. Материкте неге халық си­рек қоныстанған? 

4. Еуропалықтар материккесырттан қандай өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін өкелген? 

5. Елдің шаруашылығы табиғат жағдайларына қалай бейімделген? Оған нақты мысалдар келтіріңдер.