Главное меню

  • К списку параграфов

§ 25. Табиғат зоналары


Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жартышардың басқа материктерімен үқсас болып келеді. Бірақ зона­лар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің қүрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бүл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуаринамен жануарлар (кенгуруцйрек- тцмсыц, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75%-ы, ал жануарлардың 90%-дайытек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материк- тердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке агашы,саяхатшылар агашы, араукария, агаиі тәрізді папо­ротник, акацияның кейбір түрлері) де бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдер- дің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды (қосарбеттегі «Табиғатзоналары картасын» қараңдар).

Материктің басым көпшілігін тропиктік шел және шөлейт зо- насы алып жатыр. Бүл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын- шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ үдайы ыстық бол- ғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мүнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан қүрал- ған қалдық тауларды тасты шөлдер,ойпаттар мен көлдердің айнала- сын сазды шөлдер, қалған бөлікті ццмды шөлдер алып жатыр.

Бойында ылғал мөлшері көбірек сақталатын қүмды өңірде астық түқымдас шөптесін өсімдіктер (флиндерс және митчелл шөптері) мен ксерофиттер өседі. Ал материктің ішкі аудандарында өсетін тікенекті акация мен аласа эвкалипттерден қүралған қалың ну бүталар мәңгі жа- сыл скрэб деп аталады. Зонаның солтүстік-шығысында бөтелке агаиіы өседі. Ал 1841 жылы саяхатшыДжон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп атаған. Латын тілінен аударғанда бүл атау «ағашсыз» деген мағына береді және жазықтың ормансыз сипатын дәл бейнелейді. Налларборда «көгілдір бүталар» деп аталатын қүрғақшылыққа төзімді, бойына ылғал жинайтын суккулентті өсімдіктер өседі. Бүл жазықта әктасты жыныстардың кеңінен таралуына байланысты үңгірлер мен оларды байланыстыратын жер асты өзендері көп.

Материктің оңтүстік-батысындағы жерортатеңіздік климат байқа- латын кішігірім бөлікте діңі ауыр, термиттердің әрекетіне төзімді маргината эвкалипттерінен түратын қатты жапырақтыормандар таралған. Ал «Аустралияның өлі жүрегі» деп аталатын Эйр көлінің ай- наласында жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ге дейін төмендейді және бірнеше жыл бойы мүлде жаумауы да мүмкін. Мүнда «вилли-вил- ли» деп аталатын шаңды дауылдар мен қүйындар жиі болып түрады. Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен басты айырмашылығы - шүраттардың болма-уы. Соған қарамастан, олар тіршілікке біршама бай. Мүнда шөлге төзімді алып сцр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго, эму тцйеқцсы мекендейді.


Солтүстікке және шығысқа қарай ыл- ғал мөлшерінің артуына байланысты са­ванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырацты ылғалды са- ваннасы таралған. Мүнда эвкалипт агаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым өседі. Саванналар мен сирек ормандарда жануарлар дүниесінің түр қүрамы мен саны артады. Ірі өзендер мен көлдердің бойында қүстар мен ехид­на,қолтырауындар, ал шығысқа қарай цйректцмсыцтар кездеседі.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс бет- кейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты орман­дар солтүстіктен оңтүстікке қарай алма- сып отырады. Күлгінденген қызыл топы- рақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20°

о.е. дейінгі бөлікте таралған. Мүнда эв- калипттермен қатар, қылқан жапырақты араукария, пальмалардыц 20-дан ас- там түрі, агаиі тэрізді папоротниктер өееді. Олар ломонос, ротангпальмасы сияқты лианалармен шырмалып, ну орман қүрайды. Бүл ормандар оңтүс- тікке қарай қызгылт-сары ферралитті топырақтагы ылғалды субтропиктік ормандарға ауысады. Мүнда биіктігі 100 метр, діңінің жуандығы 12 метрге дейін жететін миндалды жэне карри эвкалип- ттерімен қатар, лавр, арау-кария, агаиі тәрізді папоротниктер, эпифиттер мен лианалар өте көп. Тау орманда- ры 1700-1900 м биіктікте бүталы эвка- липттерге, одан жоғарыда қатты жапы- рақты астық түқымдастар мен күрделі гүлділерден қүралған «қар шөбі» деп ата- латын альпі шалғынына ауысады. Тау- дың батыс беткейінде шар және қолшатыр тэрізді эвкалипттерден түратын қүрғақ эвкалипт ормандары тараған. Ал Тасман аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым. Мүнда Антарктида материгі Ау- стралиямен бірге болған кезеңнен бері сақталып қалған мәңгі жасыл оңтцстік шамшат агашы және каллитристер эвкалипттермен қатар өееді. Ормандар жа- нуарлар дүниесіне бай. Мүнда агаш кен- гуруы, ірі тау кенгуруы, вомбат, жалқау цалталы аю - коала, цзын тцмсықты ехидна, эдемі қауырсынды тотыщстар, жцмац ццстары, лиращйрық, царацу, биіктігі 1,8 метрге жететін, үшпайтын ка­зуар қүсы мекендейді. Тасман аралында Аустралиядағы бірден-бір жыртқыш аң - тасман қалталы щбыжыгы және киви,цоцыс тауыгы кездеседі.

Аустралияға еуропалықтардың қоныс аударуы- мен байланысты көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері сырттан әкелінді. Оларға астық дақылдары мен арамшөптер, жеміс ағаштары, емен, терек

сияқты жалпақ жапырақты ағаштар, үй жануарла- ры, қоян, ит, түлкі, егеуқұйрық және т.б. жатады. Жыртқыштардың болмауына байланысты көбейіп кеткен үй қояндары адамның бақылауынан шығып, жайылым- дарды, егістіктерді, ормандарды күннен-күнге отап тоз- дыруда. Ал иттердіңтезөскенісонша, жабайыланып, қой шаруашылығын шығынға ұшырататын жыртқыш дингоға айналған. Аустралияға сырттан әкелінген жануарлардың шамадан тыс көбеюі материктегі экологиялық тепе- теңдікті бұзды.

Эвкалипт ағашының жапырағында тез түтанатын эфир майы көп болады. Сондықтан Аустралияның ыстық, қүрғақ климаты жағдайында эвкалипт ормандары жиі өртеніп, аумағы кішіреюде. Саванна мен сирек ормандар зонасы жаппай жыртылган жэне жайылымдық жерлерге айналган. Қазіргі кезде материк табигатын мүмкіндігінше сақтаубарысында көптеген жүмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқүсы мен кенгуру бейнеленген, ал ехид­на, үйректүмсық, лирақүйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосцауыл рифі, Какаду тәрізді үлттық пар- ктер дүние жүзіне әйгілі.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары төн? 

2* Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен қандай басты айырмашылықтары бар? 

3. Скрэб дегеніміз не?Ол қай табиғат зонасына төн болады? 

4.Материк табиғатына кері өсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?

Тек қана Аустралияда кездесетін өсімдіктер мен жануарлар- дың аттарын дәптерлеріңе жазып, естеріңе саңтаңдар.

 Қосымшадағы 6-кестемен танысындар.