Главное меню

  • К списку параграфов

§22. Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері


Батыс Африка елдері. Аймақтың қүрамына Атлант мүхиты жа­галауы бойындағы Кабо-Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гви- нея, Сьерра-Леоне, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия және ішкерірек орналасқан Буркина-Фасо, Нигер, Мали, Мавритания елдері кіреді (52-суретті қараңдар).

Батыс Африка аймағының жер бедері негізінен аласа таулы, үс- тіртті болып келеді. Ойпатты жазықтар Сенегал жері мен Гвинея шы- ганагы жагалауына, көбінеее батпақты болып келетін өзен бойларына тән болады. Осы жазықтарды ылгалды экваторлық ормандар алып жа­тыр. Ыстық, ылгалды климат жағдайында дамыған қүнарлы топырақ жамылгысында өсірілетін каучук, кофе, майлы пальма, какао, банан, ананас, маниок, батат, сорго, жүгері, қант қүрагы, жер жаңгагы план- тациялары бірте-бірте ормандарды ыгыстыруда. Атлант мүхитының жагалауындаорналасқан елдерде теңіз транспорты, балық аулау мен балық өңдеу шаруашылықтары дамыған. Аймақтағы Нигер, Сенегал, Вольта, Бенуэ сияқты ірі өзендердің шаруашылық маңызы бар.Батыс Африка қойнауынан табылған пайдалы қазбалар өнеркәсіп салаларын дамытуға жол ашуда. Нигерияның Гвинея шыганагы жагалауынан мцнай мен табиги газдың дүниежүзілік маңызыбар аса мол қоры табылган. Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өте ірі кен орындары орналасқан, Гана мен Либерияда алтын, Нигерде уран кездеседі.

Батыс Африка халықтарының тарихы ежелден басталады. Аймақта орта гасырда Бенин, Ифе, Дагомея, Гана, Мали, Сонгай тәрізді мә- дениеті дамыган мемлекеттер болган. Олардың сақталып қалган сәулетті сарайлары, қола және агаш мүсіндері, қыштан жасалган әсем- дік және түрмыстық бүйымдары, тасқа салган бейнелері жергілікті халықтардың бай тарихи мүралары болып табылады.

Халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел болып саналатын Нигерия осы аймақта орналасқан. Нигерияда халық саны 125 мпн-нан асады. Ал халқы 250-ден аса ұлт өкілдерінен тұрады. Халықтың 13-і қалаларда, қалған бөлігі ауылдық жерде қоныстанған. Нигерия ауыл шаруашылығымен айналысатын ел, соңғы жылдары өнеркәсіп те қарқынды дамуда. Кли­мат жағдайлары қолайлы болғандықтан ауыл шарушылық дақылдарынан жылына бірнеше рет өнім жиналады. Алынған өнімнің басым көпшілігі ірі порттар арқылы басқа елдерге жөнелтіледі. Халықтың басым көпшілігі қолөнермен шұғылданады, әсіресе мата, себет тоқу, былғару өңдеу, ағаш бұйымдары мен қыш құмыралар жасау кең таралған. Нигерия шеберлері өңдеген қызыл сафиян деп аталатын өте жұмсақ, жұқа былғары дүние жүзіне ейгілі. Нигерия мұнай мен қалайыны көп өндіріп, басқа елдерге сату арқылы шаруашылығын өркендетіп, халқының әл-ауқатын жақсартуда. Нигерияның бұрынғы астанасы - Лагоста экологиялық жағдай нашарлап, халық санының шамадан тыс артуына байланысты астана 1991 жылы елдің орталық бөлігінде арнайы салынған Абуджақаласына көшәрген. Нигерия­да ірі қалалар көп, олар негізінен жағалауға жақын орналасқан.

Шыгыс Африка елдері. Аймақтың қүрамына Судан, Эритрея, Эфио­пия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания,

Замбия, Малави кіреді (63-суретті қараңдар). Шығыс Африка жерінде Африка материгінің теңіз деңгейінен ең төмен және ең биік жатқан нүктелері орналасқан (оларды физикалық картадан табыңдар).

Аймақ жеріне Африканың ең биік, қозғалмалы бөлігі сәйкес ке- леді. Сондықтан жер сілкіну мен жанартау атқылаулары болып түрады. Аймақтың жер бедерінде Эфиопия таулы цыратымен Шыгыс Африка таулы цстірті айқын ажыратылады. Эфиопия таулы қыраты түгелге жуық лавалық жыныстармен жабылған. Жанартау атқылаулары тек тауларда ғана емее, жарылыстар бойындағы жазықтарда да байқалады. Эфиопия таулы қыратының солтүстік-шығысындағы Афар ойысын тол- тырып жатқан ыстық лава мезгіл-мезгіл кемерінен асып, жан-жағына жайылады. Ыстық лава әсерінен бүл ойыстың айналасында қыстың өзінде ауаның орташа температурасы +30°С-тан томен болмайды.

Шығыс Африка таулы үстірті ірі жарылыстарда орналасқан көл қазаншүңқырларынан түрады. Шығыс Африка жарылыстары бойын­да таралған магмалық жыныстардың қүрамында сирек кездесетін (ко­бальтвольфрам, хром, титанжәне бағалы {алтын, платина), түсті {мыс, мырыиі) металдардың, алмастың мол қоры бар.

Екі жартышардың тропиктері арасындағы орнына сәйкес Шығыс Африкада саванналар басым таралған. Таулы бөліктерде саванналар 2400 м биіктікке дейін көтеріліп, біртіндеп биіктікбелдеулерге ауы- сады. Аймақтың ең биік тауларының басында қар жатады. Шығыс Африка тауларынан материктің ең ірі өзені - Ніл бастау алады.

Эфиопия таулы қыраты кофенің, қара бидай мен тарының отаны болып саналады. Кофе атауы осындағы Каффа деген жердің атымен байланысты шыққан. Шығыс Африка елдерінде өсірілетін «арабика» кофесі дүние жүзіне танымал. Ал Кения жерінде шайдың бағалы түр- лері өсіріледі. Қүнарлы топырақ және жауын-шашынның жеткілікті болуы астық дақылдары мен тропиктік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Шөптесін өсімдіктер басым болатын саванналарда мал шаруа- шылығы да жақсы дамыған. Әсіресе ірі қара мал көп өсіріледі. Судан- да қой шаруашылығы дамыған. Өзен-көлдер бойында халық балық аулаумен және балық өңдеу шаруашылығымен айналысады.

Шығыс Африка халқы әркелкі орналасқан. Климаты шаруашылыққа қолайлы Эфиопия таулы қыраты мен көлдер маңында халық ты- ғызырақ орналасса, климаты ыстық әрі қүрғақ болатын Судан жері мен Сомали түбегінде халық сирегірек қоныстанған. Шығыс Африканың солтүстігінде араб тілі, оңтүстігінде банту тілдері басым.

Шығыс Африка жеріне табиғаттың қайталанбас әсем көріністері тән. Жергілікті халық ежелден-ақ табиғатқа қүрметпен қарап, он- дағы табиғи тепе-теңдікті сақтауға тырысқан. Ңазіргі кезде табиғат- ты қорғау шаралары мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Кения же- рінің 15%-нан астамын қорықтар мен үлттық парктер алып жатыр. Шығыс Африканың өте бай жануарлар дүниесін қорғау мақсатында үйымдастырылған Серенгети, Нгоронгоро, Найроби, Тсаво үлттық парктерін жылына мыңдаған туристер аралап, тамашалайды.

Оңтүстік Африка елдері. Аймақ материктің Конго және Замбези өзендерінің суайрықтарынан оңтүстікке қарай жатқан бөлігін қамтиды. Оның қүрамына Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Оңтцстік Африка Республикасы, Свазиленд, Лесото жэне Мадагаскар елдері кіреді (63-суретті қараңдар).

Жерінің көпшілігін Оңтцстік Африка таулы цстірті алып жа­тыр. Таулы үстірт оңтүстігі мен шығысына қарай биіктеп, Кап және Айдаһар тауларына үласады. Ал орталық бөлігі аласарып,Калахари қазаншүңқырына ауысады. Қазаншүңқырды Калахари шөлі алып жа­тыр. Аймақтың Атлант мүхит жағалауында Намиб шөлі орналасқан. Оңтүстік Африканың көпшілік бөлігінсаванналар, ал таулы бөліктерді субтропиктік ормандар алып жатыр.

Аймақтағы алдыңғы қатарлы елдердің бірі - Оцтцстік Афри­ка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ оның шаруашылық қүрылымында дамыған елдің де, дамушы елдің де белгілері бар. Аф­рика халқының 6% -ы ғана түратын Оңтүстік Африка Республикасын- да материктегі өнеркәсіп өнімінің 40% -ы өндіріледі.

Оңтүстік Африка Республикасында алуан түрлі табиғат байлық- тары мол. Өеіресе пайдалы қазбалардың (алтын, алмас, плати­на, уран, темір, хром, мыс, тас көмір, марганец) ірі кен орындары бар. Осы байлықтар негізінде тау-кен, машина жасау жэне химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Өзендер гидроэнергетикалық қорға бай. Елдегі ең қүнарлы жерлер ірі жер иеленушілердің қолында шоғыр- ланған. Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық техникасы мен ты- ңайтқыштарды пайдалана отырып, жүгері, бидай, темекі, бүршақ, қант қүрағы, мақта, цитрустар, зәйтүн ағашы, ананас, манго, жүзім мен жеміс ағаштарынан мол өнім алады. Таулы аудандарда ангор ешкісі мен биязы жүнді қой өсіріледі. Тоқыма өнеркәсібі ешкі түбіті мен қой жүнін пайдаланып, жүмыс істейді.

Халқының басым бөлігін жергілікті банту халъщтары қүрайды, сонымен қатар еуропалықтардың да үлесі жоғары. Оңтүстік Африка Республикасында үзақ уақыт бойы нәсілдік кемсітушілік белең алып, жергілікті халық табиғаты қолайсыз, оқшау жерлерге (резер- вация) ығыстырылды. Бүл қысым тек 1991 жылғы халық көтерілісі нәтижесінде ғана тоқтатылды. 1994 жылы болған сайлауда өкімет ба- сына жергілікті халық өкілдері келді.

Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға алынған жерлер- де Африканың көптеген жануарлары сақталып қалған. Елдегі ең ірі Крюгер цлттыц паркінде материктегі жануарлардың барлығы дерлік жинақталған. Үлттық парктерді туристер арнаулы жабдықталған кө- ліктермен жүріп аралайды (қосымшаны қараңдар).

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1*. Өр аймақтағы жетекші елдерді атаңдар, олар басқа елдерден қандай белгілермен ерекшеленеді? 

2. Нигерия қандай ел, халқы қандай көсіппен шүғылданады? 

3. Шығыс Африка елдерінің табиғаты қандай? 

4.Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?

1. Кескін картаға аймақтардың шекарасын белгілеп, елдер- дің астаналарын көрсетіңдер. 2. «Африканың аймақтары мен елдері» картасын және оқулықты пайдаланып, Орталық Африкааймағының елдеріне сипаттама беріндер.

Өз білімдеріңді тексеріңдер!

1.        Африканың географиялық орны оның табиғат жағдайына қалай эсер етеді?

2.        Африканы ортасынан экватор сызығының кесіп өтуі оның та- биғатына тән қандай ерекшеліктерді қалыптастырады?

3.        Материк жағалауын қандай мүхит сулары шайып жатыр, олар Африка табиғатына қандай әсерін тигізеді?

4.        Африка табиғатын зерттеп білуде көп еңбек сіңірген зерттеу- ші-географтарды атаңдар. Олар туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.

5.        Африка жер бедерін «Жер қыртысының қүрылымы» картасы- мен салыстырып, олардың өзара байланысына мысал келті- ріңдер.

6.        Африкада басқа материктердегі тәрізді биік әрі үзын тау тіз- бектері неге жоқ? Мүны қалай түсіндіруге болады?

7.        Не себепті Африканы Жер шарындағы ең ыстық материк деп атайды?

8.        Африка мен Оңтүстік Америкадағы ылғалды экваторлық ор- мандарды өзара салыстырып, олардың үқсаетықтары мен ай- ырмашылықтарына мысал келтіріңдер.

9.        Африка мен Оңтүстік Америка саванналарын салыстырып, олардың үқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.

10.     Африкадағы тропиктік шөлдерді атаңдар, олардың табиғат жағдайында қандай үқсастықтар бар?

11.     Адамның шаруашылық әрекетінен аса күшті өзгеріске үшы- раған табиғат зоналарына, ондағы басты өзгерістерге мысал келтіріңдер.

12.     Африканың табиғат жағдайы халықтың шаруашылық әре- кетіне қалай эсер етеді? Мысал келтіріңдер.

Оқушыларға үсынылатын рефераттар тақырыбы:

1.        Африка жанартаулары.

2.        Африканың түяқты жануарлары.

3.        Африка шүраттары (оазистері).

4.        Африка шөлдері (қалауың бойынша).

5.        Африка үлттық саябақтары (қалауың бойынша).

2-сарамандыц жумыс

Тақырыбы: Жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама

Сабацтыц мақсаты: а) карта, сызба, кеете және оқулық мәтінін пайдалана отырып, жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама беру дағдыларын қалыптастыру;

ә) табиғат ресурстарының таралу заңдылығы жэне жекелеген аумақтардың ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы түсініктерін да- мыту және бекіту;

б)   жекелеген аумақтардың ресурстармен қамтамасыз етілуін сипат- тау барысында статистикалық және картографиялық мәліметтермен жүмыс жасау біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.

Қажетті ццралдар: Атластың физикалық, тақырыптық және кешенді карталары; оқулық мәтіні мен статистикалық мәліметтер; презентациялар; сызбалар.

Жцмыс барысы:

1.      Материктің физикалық және тақырыптық карталарын пайдала­на отырып, Африканың тапсырма бойынша берілген аумағын кешенді сипаттау:

А) берілген аумақтың аты жэне географиялық орны;

Ә) Аумақтың қүрамы (негізгі жер бедері пішіндері, өзендері, көлдері, қорғауға алынған нысандары);

Б) Табиғатының сипаттамасы:

а)   табиғат нысандарының аты және қысқаша сипаты;

ә) тектоникалық қүрылысы, жер бедері, пайдалы қазбалары;

б)    климаттық ерекшеліктері (климаттық белдеу мен климат типі) және климаттық көрсеткіштері (орташа температура: қаңтар, шілде; жылдық жауын-шашын мөлшері);

в)    ішкі сулары;

г) топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі, экологиялық проблемалары;

ғ) елдері мен ірі елді мекендері;

2.      Бүл жүмысты мүғалімнің үсынған варианты бойынша, кесте

түрінде де толтыруға болады:

Аумақ- тың аты

Материктің

ңандай

бөлігінде

орналасңан

Негізгі

табиғат

байлық-

тары

Климаты

Өсім-

дігі

Жануар­

лар

дүниесі

Адам

шаруашы-

лықта

ңалай

пайдалана-

ды

Экология-

лык

проблема­

лары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.