Главное меню

  • К списку параграфов

§16-17. Климаты


1.                Африка қандай ендіктер арасында орналасқан? 

2. Географиялық орнына сәйкес Аф­риканы қандай қысым белдеулері кесіп өтеді? 

3. Жоғары қысымды белдеулерден ма- терикке қандайжелдер бағытталады, олар температура мен жауын-шашынның таралуына қалай эсер етеді?

Климат калыптастырушы факторлар. Сендер Африканың Жер шарындағы ең ыстық материк екендігін білесіңдер. Өйткені материк- пн; дәл ортасы арқылы экватор сызығы кесіп өтетіндіктен Африканың басым бөлігі жыл бойы күн сәулесін мол алады. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде жаз кезінде Күн сәулесі дәл төбеден тік түседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігінде жылдық орташа температура +20°С-тан томен болмайды (44-суретті қараңдар). Жаз айларында солтүстік тропик кесіп өтетін Сахара үстінде ауаның орташа температурасы+35°С, +40°С-қа дейін көтеріледі. Ең салқын деп есептелетін қиыр оңтүстік жағалық жазықтардың өзінде ауаның орташа температурасы +8°С-тан томен түспейді.

Африка экватордың екі жағында орналасқандықтан екі жарты­шарда маусымдық айырмашылық байқалады. Ең алдымен бүл айыр- машылық әр жартышардағы ылғалдың түсу мезгілі мен мөлшерінен көрінеді. Мысалы, шілде, тамыз айларында солтүстік жартышардың субэкваторлық белдеуінде ыстыц, жаңбырлы, қапырық ауа райы орнықса, ал оңтүстік жартышардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, қүрғақ ауа райы қалыптасады.



Африка жерінің көп бөлігі экваторлық және тропиктік ауа мас- саларыныц ықпалында болады, тек материктің қиыр оңтүстік және солтүстік жағалық бөліктеріне салқын кезде батыс желдері алып келетін қоңыржай ауа массалары эсер етеді.

Екі жартышардың пассаттары бір-бірімен түйісетін экваторлық бөлікте жауын-шашын көп жауады, ол осы бөліктегі өрлеген ауа қозға- лысының (естеріңе түсіріңдер!) әсеріне байланысты болады. Ал Арабия түбегінен соғатын солтцстік-шыгыс пассат желдері енсіз Қызыл теңіз үстінде ылғалға қаныға алмайтындықтан Африкаға қүрғақ тропиктік ауаны алып келеді. Сахараүстімен жылжыған сайын бүл ауа қы- зып, одан әрі қүрғай түседі. Сондықтан солтүстік пассат желдерінің жолында жатқан аудандарға жауын-шашын аз түседі. Африканың оңтүстігіндегі Үнді мүхитынан соғатын оңтцстік-шыгыс пассаттар жылы ағыстар үстінде (қандай?) ылғалға қанығып, Мадагаскар және Айдаһар тауларының шығыс беткейлеріне мол жауын-шашын әкеледі. Ал Гвинея шығанағынан соғатын пассат желдері материктің батыс жағалық бөлігіне ылғалды, экваторлық ауа ағынын әкеледі. Өсіресе жағалаудағы таулардың батыс беткейлерінде жауын-шашынмол түседі. Мысалы, Дебунджа қаласында жылдық жауын-шашын мөл- шері 10470 мм-ге жетеді. Гвинея шығанағы жағалауынан солтүстікке және оңтүстікке жүрген сайын жауын-шашынның мөлшері күрт азая- ды (картадан қарап, себебін түсіндіріңдер).

Африканың климаттық жағдайлары жер бедеріне де тәуелді бо­лады. Жер бедері биіктеген сайын температура мен қысымның, жауын- шашын мөлшерінің өзгеретіні белгілі. Сондықтан экваторға жақын жатқан биік тау шыңдарында мәңгі қар жатады, Атлас тауларының биік бөліктеріне де қар түседі. Ылғалды ауа массаларының жолында жатқан тау беткейлерінде жазық жерлермен салыстырғанда жауын- шашын біршама мол түседі (климаттық картаны қараңдар).

Климаттық белдеулер. Африканың географиялық орнының ерек- шелігіне сәйкес, экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады («Климаттық белдеулер» картасын қараңдар).

Экваторлыц белдеу Конго (Заир) өзені алабының экватор бойын- дағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Аума- ғы онша үлкен емес (Оңтүстік Америкамен салыстырыңдар). Бүл белдеуге бүкіл жыл бойы ылғалды экваторлық ауа массалары эсер етеді. Ауа райы әдетте таңертең ашық болады, түске қарай жердің беті қатты қызуына байланысты ауажоғары көтеріліп, бүлттар пай­да болады. Жиналган қалың бүлттардан түстен кейін нөсер жаңбыр жауады. Жаңбыр кезінде аспанды қақырата күн күркіреп, найзағай жарқылдап, ормандағы тіршілік атаулының берекесін алып, сапырылыстыратын алай-дүлей күшті жел соғады. Бүл жойқын нөсер бірнеше сағатқа ғана созылады, кешке қарай күн шайдай ашылып, тіршілік мамыражай қалыпқа көшеді. Күнделікті осы ауа райы қайталанып отырады. Өсіресе көктем мен күзде нөсерлер күшейеді. Ауа температурасы (+24°С) жыл бойы түрақтыболатын, жауын-шашын жыл бойы біркелкі, әрі 3000 мм-ден жоғары түсетін мүндай климатты ылгалды экваторлыц климат деп атайды (Фри­таун қ. диаграммасы).

Субэкваторлыц белдеулер экваторлық бел- деуден екі жартышардың шамамен 20° ендікте- ріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды. Оңтүстік субэкваторлық белдеудің батыс шекарасы Бенгель суық ағысы- ның әсерінен солтүстікке қарай ығысқан (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Суб­экваторлыц климаттың экватор климатынан басты айырмашылығы - жауын-шашын мөлше- рінің аздау болуы және оның жыл мезгілдеріне қарай түсуінен байқалады. Бүл қүбылыс жазда экваторлық, қыста тропиктік ауа массаларының эсеретуімен байланысты. Жаңбыр негізінен әрбір жарты шардың жаз айларында жауады, ал қыс мерзімі қүрғақ болады. Сондықтан бүл белдеуде жыл мезгілдері ылгалды және ццргац кезеңдерге айқын ажыратылады. Ылғалды кезеңнің үзақ- тыгы экватордан қашықтаган сайын азаяды. Жыл бойы жоғары болатын ауа температурасы әрбір жартышарда жыл мезгілдеріне байланысты аздапөзгереді. Осындай климатты ауыспалы ылгалды климат деп атайды. (Антананариву қ. диаграммасы).

Тропиктік белдеулер материктің екі тропик- тік шеңбер үстіндегі бөлігін қамтиды. Солтүстік тропиктік климаттық белдеу батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгімен көршілес орналасқан. Бүл белдеуге осында қа- лыптасқан тропиктік континенттік ауа масса­лары мен Еуразия үстінен қүрғақ, ыстық ауа әкелетін пассаттар эсер етеді. Сондықтан бел­деуде Жер шарындағы ең ыстық, ең қүрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Мүнда күндіз ауаның орташа температурасы +40°С және одан да жоғары көтеріледі. Қүмның беті +70°С-қа дейін қызады, керісінше түнде ауа мен жер беті тез суынады. Сахараның ауасы қүрғақ, ыстық әрі шаңды болады. Жазда жиі-жиі қүмды да- уылдар - самум желдері соғады, аспан ылғи шаңытып түрады. Қызған ауаның қозғалыстары нәтижесінде көкжиекте пайда болатын сагымдар шөлдегі жолаушылардың көзін алдайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен болатындықтан, Сахарада жаңбыр өте сирек бо­латын қүбылыс. Кейде бірнеше жылға созылған қүрғақшылықтан кейін күтпеген жерден нөсер жаңбырлар жауады. Белдеудің көпшілік бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ден де төмен. Климаттың мүндай сипатын тропиктік континенттік шел климаты деп атайды (Хар­тум қ. диаграммасы).

Оңтүстік тропиктік климаттық белдеу Ат­лант мүхиты жағалауында экватор сызығы үсті- нен басталып, Үнді мүхиты жағалауында 20° о.е. бойымен Мадагаскар аралын кесіп өтеді. Батыста белдеу шекарасының солтүстікке қарай ығысуы Бенгель суық ағысының ықпалына байланыс­ты болады. Сондықтан бүл жағалауда экватор бойына дейін Намиб жагалыц шөлі орналасқан (жағалық шөлдер климатымен сендер Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі мысалында таныс- қансыңдар). Намиб шөлінен шығысқа қарай Калахари иіөлі жатыр. Калахаридің климаттық жағдайлары Сахарамен салыстырғанда біршама қолайлы болып келеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері батыстан шығысқа қарай ар- тады (атластан қараңдар). Үнді мүхитынан келетінтеңіздік тропиктік ауа массасының

ықпалында болатын белдеудің шығыс бөлігіне тропиктік ылгалды климат тән болады. Сонымен Африканың оңтүстік тропиктік климаттық белдеуі батыстан шығысқа қарай үш түрлі климат сипа- тына ажыратылады.

Субтропиктік белдеулер материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қамтиды. Өтпелі белдеу болғандықтан мүнда жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа масссалары эсер етеді. Солтүс- тік субтропиктік белдеу Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр. Температураның жыл мезгілдеріне қарай ауытқуы айқын байқалады. Жазы ыстық (+28°С), қүрғақ, қысы біршама жылы (+10°С), ылғалды болады. Қысқы жауын-шашынды Атлант мүхитынан батыс тасыма- лы арқылы қоңыржай теңіздік ауа массалары келеді. Мүндай кли- матты жерортатеңіздік климатдеп атайтынын білесіңдер. Нағыз жерортатеңіздік климат Атлас тауларының батыс беткейлерінде ғана байқалады, ал шығысқа қарай Сахара шөлінің ықпалы күшейеді (Ал­жир және Триполи қ.диаграммасы).

Оңтүстік субтропиктік белдеудің батысына да жерортатеңіздік климат тән. Бірақ нағыз жерортатеңіздік климатпен салыстырған- да, жаздағы ауа температурасы біршама төмен (+20°С), ал қысы жы­лы (+14°С), ылғалды болады. Бүл оңтүстік субтропиктік белдеудің мүхит айдынына тікелей жалғасуымен түсіндіріледі. Белдеудің оңтүс- тік-шығысында жауын-шашын жыл бойы жауады, Үнді мүхитынан соғатын муссондар (еске түсіріңдер) әсерінен ылғалдың басым бөлігі жазда түседі. Мүндай климат субтропиктік ылгалды климат деп аталады.

Африка материгінің климаттық жағдайлары адам өмірі мен ша- руашылық әрекетіне түрліше эсер етеді. Климаты қатал деп ееептеле- тін Сахара жері медициналық түрғыдан алғанда Африканың ең «таза» ауданы болып табылады. Оның себебі шөлдегі жоғары температура мен қүрғақ ауа жағдайында жүқпалы ауруларды қоздыратын микроб- тар мүлде кездеспейді. Ал, керісінше, ылғалы мол аудандарда көпте- ген қауіпті ауруларды жүқтыратын жәндіктер кең таралған. Бүл адам денсаулығына ғана емее, мал шаруашылығын дамытуға да нүқсан келтіреді.

Африкада жыл бойы температураның жоғары болуы кофе, ка­као, қүрма және майлы пальма сияқты бағалы тропиктік және цит- рустар, шай, мақта тәрізді субтропиктік дақылдарды өсіруге мүмкін- дік береді. Материкте ңоңыржай ендіктердің дақылдары да өсіріледі. Ылғал жетіспейтін аудандар қолдан суарылады.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Африка материгіне қандай климаттық белдеулер төн? Олардың орналасуының қандай ерекшеліктері бар? 

2. Оқулық мөтінін пайда- ланып, өр климаттықбелдеуге төн басты белгілерді ажыратындар. 

3. Солтүстік жөне оңтүстік жарты шардағы бірдей климаттық белдеулердің айырмашылықтарын анықтаңдар. 

4*. Климаттық карталарды пайдалана отырып, оқулың соңындағы жоспар бойынша Мадагаскар аралының климатын сипаттаңдар.