Главное меню

  • К списку параграфов

§15. Жер бедері мен пайдалы қазбалары



1.               Африка материгінің қандай бөлігі платформалық құрылымға жатпайды және оларға қандай жер бедері сәйкес келеді? 

2. Африка платформасы алып жатқан бөліктерге қандай жер бедері тән? 

3. Өткен тақырыптардан литосфералық плиталар қозғалысын еске түсіріңдер. 

4. Не себепті Африка шығысқа қарай биіктейді?

Африканың жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Материк- тің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. (Ңосарбеттегі «Жер қыртысының қүрылымы» картасын қараңдар.) Платформаның экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бө- лігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан мате- рикте абсолюттік биіктігі 200-ден 1000 м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.

Африка платформасының түрлі бөліктерінде үзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған.

Соның нәтижесінде платформаның негізін қүрайтын ежелгі кристал- ды жыныстар жоғары көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді цстірттер қалыптасты. Олардың кейбіреуі жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаггар және Тибести сияқты таулы қыраттарга айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін үзақ уақыт теңіз басып жатқан. Сондықтан мүндай ойыс- тарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншцңқырларды (Чад, Конго, Калахари) қалыптастырған. Материктің шығысындағы іріМадагаскар аралы Африка плат- формасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.

Кайнозой эрасында Африка Арабия біртүтас литосфералық плита- сының Еуразия плитаеымен соқтығысуы нәтижесінде Арабия Африка- дан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны жалаңаштанған (43-сурет). Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Үлы Шыгыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезиөзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Жердің ішкі қойнауынан осы жарылыстар бойымен көтерілген жанар- таулық жыныстардың жиналуынан Африканың шығыс бөлігі биік- теп, таулы қыраттар жүйееі түзілді. Олардың арасында оқшау орна- ласқан, әлі әрекетін тоқтатпаған биік жанартаулар кездеседі (картадан табыңдар). Олардың ең ірісі - Африканың ең биік нүктесі болып табы- латын Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстарда орналасқан көл қазаншүңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін қүрайды (оқулық атласынан табыңдар). Ал ертеректе жанар- тау атқылаудың ірі орталығы болған Айдаһар (Драконтаулары Үнді мүхиты жағалауына қарай сатыланып, биіктейді. Жер қыртысындағы осы қозғалыстарАфрика платформасының түтастай көтерілуіне әкеп соқты. Ал ежелгі платформаның шығысы мен оңтүстік-шығысында жер бедері күрделеніп, қазіргі жанартаулық ауданға айналған.

Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әртүрлі жастағы қат- парлы қүрылымдарға тән. Африканың оңтүстігіндегі палеозой эра­сында көтерілген Кап таулары кейіннен үгілу нәтижесінде аласарып, бірнеше үстірттерге айналған. Ал материктің солтүстік-батысында орналасқан Атлас таулары Африкадағы бірден-бір жас, қатпарлы таулы аймақ болып табылады. Ол Еуразиядағы Альпі, Гималай таула- рымен бір мезгілде көтерілген тау жүйесі.

Африка пайдалы қазбаларға аса бай. Пайдалы қазбалардың көп- шілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының

қатарына жатады. Олардың пайда болуы жэне орналасуы жер қыр- тысының қүрылымы мен даму тарихына байланысты. Магмалық жы- ныстардың кең таралған аудандарында қара және тцсті металдар (мыс, мырыш, қалайы), уран, алтын, алмастың ірі кен орындары бар. Кобальт пен мыстың ірі қоры материктің орталық бөлігінде пла­тина, алтын мен алмастыц аса ірі қоры Оңтүстік Африкада, уран Сахараның орталық бөлігі мен Намиб шөлінде шоғырланған. Шөгін- ді жыныстар қалың жиналған бөліктерде тас көмір, мцнай, табиги газ, әртүрлі тцздар және шөгінді жолмен қалыптасатын темір, фос­форит, боксит, марганецтіц ірі кен орындары таралған. Жерорта те- ңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мцнайга бай. Фосфориттің дү- ние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік Африкада көмірдіц мол қоры бар.

Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері үзақ уақыт бойы өз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Африка жер бедерінің қандай өзіндік ерекшелік- тері бар? 

2*. Материктің жер бедерінде таулы үстірттер неге басым, олар қан- дай тектоникалық қүрылымдарға сөйкес келеді? 

3. Шыгыс Африканың көтерің- кі болуы неге байланысты? 

4*. Егер Шыгыс Африканың жарықтары одан өрі кеңейе беретін болса, Африка платформасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

5.      Африкада қандай пайдалы қазбалар бар? Олардың ңалыптасу жолдарын түсіндіріңдер.

1. Физикалық картаны пайдаланып, Мадагаскардың жер бе- дерін сипаттандар. 

2. Кескін картаға жер бедерінің ірі бөліктерін, биік шындарды, пайдалы қазбалардың орналасуын белгілендер.