§9. Мүхиттағы тіршілік дүниесі
1. Мұхитта сендер білетін қандай өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді?
2. Мүхиттағы тіршілік ортасының құрлықтан қандай айырмашылығы бар?
3. Адамдар теңіздер мен мұхиттардың тіршілік дүниесін қандай мақсатта пайдаланады?
Дүниежүзілік мүхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің қүпияларымен адамзатты әлі де таңғалды- руда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мүхиттардың терең түңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мүхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мүхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шүңғымасында да, жаңа
жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мүхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мүхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен үзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан түрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін үсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға дейін жететін алып кит- тер тіршілік етеді.
Мүхиттағы тіршілік үзақ геологиялық уақыт арал ығын д а су массал арының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бө- ліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера қүрамын өзгертеді. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің біртіндеп қүрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан мүхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды.
Тіршілік ету жағдайына байланысты мүхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грек тілінен аударғанда «қалқыма»), нектон (грек тілінен аударғанда «жүзгіш») және бентос (грек тілінен аударғанда «тереңдік») деп атала- тын үш топқа бөлінеді (30-суретті қараңдар).
Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір- жасушалы балдырлардан, әртүрлі қарапайымдылардан, үсақ шаяндар- дан, теңіз қүрттарынан, ішек қу- ыстылардан және бақалшақтардан түрады. Өсімдіктер планктоны - жа- нуарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мүхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескекаяқтылар) де планктонды азық етеді. Нек- тонды мүхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз жыланда- ры мен тасбақалар, ірі моллюскалар (сегізаяқ, кальмар) қүрайды.
Нектон неғүрлым ірі жануар- лардан түрғанымен, олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық мас-
сасынан 23 есе аз. Бентосты мүхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қүрайды. Олар мүхит түбінде тірші- лік етуге бейімделген әртүрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен (гүлді өсімдіктер өкілі), тікен терілілер, шаян тәрізділер, маржан полипте- рінен түрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейім- делген.
Дүниежүзілік мүхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді. Енді біздің алдымызда мүхиттың осы биологиялық байлығын неғүрлым тиімді пайдалану, қорғау, зерттеу міндеттері түр.
Мұхитта тіршіліктің таралуы географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен дәне поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екіжарты шардағы қоңыржай белдеудің суында тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болады. Сондықтан қоңыржай ендіктер алабы (40°-60°) Дүниежүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады (32-суретті қараңдар). Беткі су қабатының температурасы мен тұздылығы жоғары болғандықтан, тропиктік ендіктерде тіршілік дүниесінің мөлшері азаяды. Ал экватор маңында олардың саны қайтадан артады. Тіршілік бір ендіктің өзінде әркелкі таралған. Ашық мұхитқа қарағанда, жағаға жақын бөліктердегі беткі су қабатының 50 м-ге дейінгі тереңдіктерінде мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі шоғырланған. Бұл Күн сәулесі жарығының жақсы түсуімен, тез жылынуымен, толқындар мен ағыстардың жағаны шаюы себепті құрлықтан қоректік заттардың көптеп келуімен түсіндіріледі. Судың беткі температурасы +28°С-тан кем болмайтын тропиктер аралығындағы таяз сулар- да рифтер мен атолдарды түзетін маржын полиптері көптеп кездеседі. Ондағы су асты тіршілігі ғажайып әсемдігімен таңғалдырады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік мүхиттағы тылсым табиғат қүбылыс- тарын түсіну, табиғат байлықтарын игеру және ондағы табиғат апат- тарынан сақтану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жүмыстары жаңа сатыға көтерілді. Зерттеулер ғы- лым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мүхит түбінде жүмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көме- гімен жүргізіледі. Сонымен қатар мүхит түбінің қүпиясы мен оның табиғат ерекшеліктерімен жете танысу мақсатында техникалық жа- ғынан жетілдірілген сүңгуір қайықтар мен батискафтар да кеңінен қолданылуда.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. Мүхиттағы тіршіліктің таралуына не себепші болады?
2. Сендер қандай ірі теңіз жануарларын білесіңдер?
3. Не себепті мүхитты «тіршілік бесігі» деп атайды?
4. Мүхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?
5. 32-сурет бойынша Дүниежүзілік мүхиттағы балыққа бай аудандарды анықтап, оның себебін түсіндіріңдер.