§7. Климат қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
1. Ауа массаларының орын алмастыруының себебі неде?
2. Климаттың ауа райынан қандай айырмашылығы бар?
Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жы- луы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П.Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа масса- ларының қасиеттері мен эсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.
Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді (25-су- ретті қараңдар). Негізгі климаттық белдеулер торт ауа массалары- ның жыл бойы басым эсер ететін аудандарына сәйкес келеді. Экватор аймағында экваторлыц климаттық белдеу орналасқан. Бүл белдеуде қысым томен, жыл бойы экваторлық ауа массалары эсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бүлбелдеуде бүкіл жыл бойы ауа температураеы жоғары болады. Жоғары өрлеген ауа қозғалысы- ның басым болуы, пассат желдері арқылы ылғалды мүхиттық ауа массаларының түрақты енуі нәтижесінде жыл бойы жауын-шашын мол түседі. Ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
Тропиктік белдеулер жыл бойы тропиктік ауа массаларының ық- палында болады. Сондықтан бүл белдеуде түрақты жоғарғы қысым мен томен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда ауа массалары- ның температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тро- пиктік ауа массалары әдетте өте қүрғақ. Өйткені 10-12 км биіктіктің өзінде экватор аймағынан тропиктергебағытталған ауа ылғалы едәуір азайған күйде келеді (ол неліктен?). Ауа төмендеген сайын қызып, бүрынғысынан да қүрғақтығы арта түседі. Бүл белдеуде жаңбыр қүр- лықтың жазық бөліктерінде ғана емес, ашық мүхит үстінде де өте сирек жауады. Сондықтан тропиктік белдеулерде Жер шарындағы аса ірі континенттік шөлдер: Сахара, Арабия, Калахари, Викторияорналасқан.
Қоңыржай белдеулерде жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мүнда тропиктік белдеулермен салыс- тырғанда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады (ол нелік- тен?). Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғанда біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Қоңыржай белдеуі шегіндегі материктердің батысында ылғал мол, бүл мүхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануы- мен байланысты. Шығысқа қарай жылжыған сайын ауа ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт кемиді. Ал материктердің шығыс жағалауларында мүхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері қайта артады.
Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында ор- наласқан. Олардыңаттарындағы «суб» сөзілатынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді. Өтпелі белдеулердің климатынегізгі белдеулердегі ауа массаларының жыл мезгілдеріне байланысты қозғалыстарымен түсіндіріледі. Солтүстік жартышардың субэкваторлық белдеуінің жазы экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге үқсас. Ал субтропиктік белдеудің жазы тропиктік белдеуге, қысы қоңыржай белдеуге үқсас.
Климат қалыптастырушы факторлар. Жоғарыда аталған негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің орны мен шекаралары парал- лельдер бойына сәйкес келмейді, олар бірде солтүстікке, бірде оңтүс- тікке ауытқып отырады. Бүл климат қүрушы факторлардың эсер ету дәрежесіне байланысты (26-суретті қараңдар).
Аса маңызды климат цалыптастырушы факторларга география- лық ендік немесе Күннің көкжиектен биіктігі, ауа массалары, жер бедері, мүхиттар мен ондағы ағыстар, жердің төсеніш бетінің сипаты және т.б. жатады. Бүл факторлардың эсер ету заңдылықтарымен ма-
териктер мен мүхиттар табиғатын оқып үйрену барысында тереңірек танысасыңдар.
? Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. Жер шарындағы климаттық белдеулерді көр- сетіңдер, олардың қайсылары солтүстік жөне оңтүстік жартышарларда қайталанып отырады?
2*. Өздерің түрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым бо- латынын, ауа райы сипатының белгілерін жөне оның қандай климаттық белдеуге сөйкес келетінін анықтаңдар.
3*. 23-сурет пен оқулық мөтінін пайдалана отырып, ауа массаларының маусымдық қозғалысы мен климаттық белдеулер арасында қандай байланыс бар екенін анықтаңдар. Жауаптарыңды нақты мысалдармен тол ықтырыңд ар.
Окулық мәтіні мен климаттық белдеулер картасын пайдалана отырып, арктикалық, субарктикалық және антарктикалық, субантарк- тикалық климаттық белдеулерге сипаттама беріндер.