§6. Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы. Жауын-шашынның таралуы
1. Жел дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Атмосфералық қысым төмендегенде, сендер тұратын жерде ауа райы қалай өзгереді?
3. Атмосфералық жауын-шашын дегеніміз не?Оның қандай түрлерін білесіңдер?
4. Қандай ауаның құрамында ылғал көп болады: суық ауада ма, әлде жылы ауада ма?
Ауа массалары мен басым желдер. Күнделікті өмірде ауа райы- ның кенеттен өзгеруін жиі байқауға болады. Жазда аптап ыстық тез арада жаңбырлы, салқын ауа райына, ал қыста күшті аяздар кенеттен жылымыққа алмасуы мүмкін. Ауа райының мүндай өзгерістері қасиеттері әртүрлі болатын ауаның қысым айырмашылығы әсерінен жиі орын ауыстыруымен түсіндіріледі.
Белгілі бір жерде үзақ түрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қа- сиеттерге (температурасы, ылгалдылыгы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды. Ңалыптасқан орнына байланысты ауа массалары төрт түрге ажыратылады: экваторлыц ауа массасы (ЭА), тропиктік (ТА), қоңыржай (ҚА), арктикалық және антарктикалық (АА) ауа массалары (23-суретті қараңдар). Олар өздері қалыптаса- тын белдеулерге тән қасиеттерге ие болады. Мысалы, экваторлық ауа массасы жыл бойы температурасыжоғары, ылғалы мол болуымен ерекшеленеді. Экваторлық ауа массаларынан басқа ауа массалары мцхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мүхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуыменерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.
Күн мен түн теңесетін кезеңдегі ауа массаларының қалыптасу аймақтары 23-суретте көрсетілген.
Күннің дәл төбеде түратын жағдайы Жердің пішіні мен көлбеулі- гіне байланысты өзгереді. Сондықтан атмосфералық қысым белдеулері мен ауа массалары жыл мезгілдерінде бірде солтүстікке, бірде оңтүстік- ке қарай орнын ауыстырып жылжиды. Мысалы, 21 маусымда Күн Солтүстік тропикте дәл төбеде түратындықтан, солтүстік жартышар- да жаз басталады. 22 желтоқсанда Күн Оңтүстік тропикте дәл төбеде түратындықтан, оңтүстік жартышарда жаз болады. Осының әсерінен ауа массалары орнын ауыстырып отырады. Климаттың белдеулердің қалыптасуы ауа массаларының қозғалыстарына да байланысты.
Ауа массалары қозғалу барысында үзақ уақыт бойы бастапқы қасиеттерін сақтайды, сондықтан өздері эсер ететін жердің ауа райы- ның сипатын анықтайды.
Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайтынын білесіңдер. Түрақты, яғни әрқашан бір бағытта соға- тын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына байланысты пай да болады.
Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал оты- зыншы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бүл желдер пас- саттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассат- тар бағытынан ауытқиды. Солтүетік жартышар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жартышар пассаттары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай соғады.
Түрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65° с.е. пен 65°
о.е.) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бүл желдер еолтүстік жартышарда оңға, ал оңтүстік жартышарда - солға қа- рай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа бағытталған түрақты ауа ағынын қалыптастырады (22, 24-суреттер).
Жыл мезгілдеріне сәйкес, ауа массалары бірде еолтүстікке, бірде оңтүстікке орын алмастырады. Бүл түрақты желдердің эсер ету ай- мақтарының да ығысуына себепші болады. Ауамассаларының үнемі қозғалыста болуы Жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуын және ауаның қүрамын реттеп отырады. Егер ауа массалары қозғалысқа түс- песе, экватор аптап ыстық, ал полюстер маңында анағүрлым суық бо- лар еді.
Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозға- лыстары да анықтайды.
Жер бетінде жауын-шашынның таралуы. Атмосфералық жауын- шашынның әркелкі түсуі топырақтың, өсімдіктердің, табиғат ке- шендерінің таралуына және адамның шаруашылық әрекетіне де эсер етеді.
Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-ша- шынның бүлай әркелкі таралуы жоғарғы және төменгі қысымды бел- деулердің орналасуымен түсіндіріледі. Мысалы, экватор маңындағы
төменгі қысымды белдеуде қалыптасатын жылы ауа жоғары өрлеген сайын салқындап, су буына қанығады. Сондықтан экватор аймағында күнделікті бүлттар түзіліп, нөсер жаңбырлар жауады.
Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын- шашын мол түседі. Керісінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бүл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде қүрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын-шашын мөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.
Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те эсер етеді: күн сәулесі неғүрлым аз түссе, жауын-шашын да соғүрлым аз жауады.
Сүрактар мен тапсырмалар.
1. Ауа массалары дегеніміз не, оның қандай түрле- рі бар?
2. Мүхиттық жөне континенттік ауа массаларының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
3. 22-сурет пен оңулық мөтінін пайдалана отырып, басым желдерді анықтаңдар. Олардың қалыптасу жолдарын түсіндіріңдер.
4. Өздерің түрған жердің климатына қандай ауа массалары өсер етеді?