Главное меню

  • К списку параграфов

§5. Ауа температурасы мен қысымының таралуы


АТМОСФЕРА ЖӨНЕ ЖЕРДІҢ КЛИМАТЫ 

1. Атмосфера дегеніміз не? Ол қандай қабаттардан тұрады? 

2. Климат дегеніміз не? Жер шарында қандай климаттық белдеулер бар?


Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы. Атмосфера гео графиялық қабықтың бір бөлігі ретінде Жердің басқа компоненттерімен тығыз байланыста болады. Атмосфераны бейнелі түрде ауа мцхи ты деп атайды. Оның, әсіресе, Жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Ауа қабаты Жердегі тіршілікті ғарыштан келетін күлгін сәулелерден, Жерге түсетін шағын аспан денелерінен қорғайды. Егер атмосфера болмаса, Жер ғаламшарының беті Айдағы тәрізді метеориттермен шүрқ- шүрқ тесілген, тіршіліксіз шөлге айналған болар еді. Сонымен қатар ауа қабаты күндіз жер бетін шамадан тыс қызып кетуден, ал түнде күрт салқындаудан сақтайды.

Жер шарының ауа қабаты - атмосфераның қүрамы мен қүрылы- мы туралы сендер алдыңғы сыныптардан біршама мәліметтер алдың- дар. Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қа- баты - тропосферадагы ауа қүрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мүнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды қүбылыстары - бүлт, жаңбыр, қар, бүршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға - қуаңшылық, су тасқыны, қарлы бо- рандар мен дауылдарға әкеліп соқтырады. Сондықтан тропосфераны ауа райы «қалыптасатын» орын деп те атайды. Қазіргі кезде апатты қүбылыстардың алдын алу үшін адамзат алдында ауа райын болжау менбасқара білу міндеті түр.

Сендер ауа райының белгілі бір жерге тән көп жылдық режимін климат деп атайтынын білесіңдер. Климат табиғаттағы маңызды компоненттердің бірі. Ол материктер мен мүхиттардағы ірі табиғат кешендерінің қалыптасуын, орналасуын анықтайды. Климат адамдардың түрмысы мен шаруашылық әрекетінің сипатында айқын- дайды. Сондықтан климаттың қалыптасу себептерін білу өте қажет.

Климаттық карталары. Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттъщ карталардың маңы- зы зор. Онда климаттың басты элементтері: температура,қысым, жел, жауын-шашын және т.б. таралуы, климаттық белдеулердің орналасуы көрсетіледі. Картада кейде климаттың бір ғана элементі, мысалы, температураның таралуы немесе жылдық жауын-шашынның мөлшері мен таралуы, ал кейде бірнеше элементтері қатар беріледі. Климаттық элементтердің таралуы картада изосызыцтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар изотер- малар (гректің «изос» - бірдей, «термос» - жылу деген сөзінен шық- қан), қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобар («барос» - қысым, салмақ), жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүкте- лерді қосатын сызықтарды изогиета («гиетос» - жаңбыр) деп атайды. Изосызықтар айқын ажыратылу үшін олардың аралықтары шартты түстермен боялады. Сонымен қатар бүл карталар да ең жылы және ең суық айлар шілде мен қаңтардың орташа температуралары, белгілі жерде байқалған ең жоғарғы (абсолюттік максимум)және ең төменгі (абсолюттік минимум) температуралар көрсетіледі. Қыс пен жаздағы ауа массалары мен басым желдер көк және қызыл түсті бағытты сызықтармен беріледі.

Жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралуы. Климаттық белдеулердің қалыптасуы жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне байланысты. Оның мөлшері географиялық ендікпен анық- талады. Мәселен, экватордың екі жағындағы тропиктер аралығында Күн сәулесінің түсу бүрышы үлкен болады, яғни жыл бойы жылу- ды мол алады. Сондықтан жер беті тез қызып, атмосфераның оған жанасқан төменгі бөлігінде температура жоғарылайды. Соның нә- тижесінде мүндағы жылдық орташа температура +25°, +26°С шама- сында болады. Ал экватор дан полюстерге қарай күн сәулесінің тү- су бүрышы кемиді. Сол себепті Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстігінде жылдық орташа температура -10°С, ал Антарктиканың орталық бөліктерінде -50°, -55°С-қа дейін төмендейді. Жердің Күнді айнала қозғалуы мен пішініне байланысты күннің түсу бүрышы тро­пиктер мен полюстер аралығында, әеіресе қоңыржай белдеулерде жыл ішінде күшті ауытқуларға үшырайды. Сондықтан ауа температурасы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.

Атмосфералық қысым белдеулері жер бетінде күн сәулесінің әркелкі түсуі мен Жердің өз білігінен айналуы әсерінен болатын ауыт- қу күшіне байланысты қалыптасады.

Жер бетінде томен қысым басым болып келетін үш белдеу және жоғарғы қысым басым болып келетін торт белдеу бар (21-суретті

 

қараңдар). Ауа ағысы көлденең бағытта ғана емес, тік бағытта да қозғалады. Экватор маңында күшті қызған ауа көлемі үлғайып, салма­ты жеңілдей беретіндіктен жоғары көтеріледі, яғни ауаның тцрақты жогары багытталган қозгалысы пайда болады. Соның нәтижесінде эк­ватор маңындағы Жер бетінде төменгі қысым белдеуі қалыптасады.

Полюстер маңында суынып, салмағы ауырлаған ауа төмен бағытталады, яғни төмен царай багытталган ауа қозгалысы пайда болады (22-суретті қараңдар). Осыған байланысты полюстермаңында­ты Жер бетінде жогаргы қысымды белдеу қалыптасады. Тропосфера- ның жоғарғы бөлігінде ауа қозғалысы мен қысымы керісінше сипатта болады. Өрлеген ауа қозғалысы басым болатын экватор үстінде қысым жоғарылап, ал полюстер үстінде төмен қысым басым орнайды.

Ауаның әрқашан жоғарғы қысымды аймақтардан томен қысымды аймақтарға қарай қозғалатынын білесіңдер. Сол еебепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа томен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозға- лыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуына байланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ау- ырлаған бүл ауа 30° с.е. пен 30° о.е. маңында томен бағытталады. Осы себепті екі жартышарда да тропиктік ендіктерде жогаргы қысым- ды белдеулерқалыптасады. Полюетердегі сияқты мүнда да ауа ағын- дарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жо­гаргы қысымды белдеулерден томен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар түрақты желдерді қалыптастырады.

Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтар- да томен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Атластағы климаттық карталарды пайдалана оты- рып: а) Еуразиядағы 60° ш.б. меридианы бойымен; ө) 40° жөне 50° с.е бойын­ша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар. 

2. Жылдық жауын-шашын карта- сын пайдаланып, Алматы қаласы маңындағы, Сахарадағы жөне Амазонка өзені алабындағы жылдық жауын-шашын мөлшерін салыстырыңдар. 

3*. Еуразияның климат картасы бойынша Скандинавия, Арабия, Чукот жөне Үндістан түбекте- ріндегі қаңтар мен шілденің орташа температураларын жөне жылдық жауын- шашын мөлшерін анықтап, салыстырыңдар. 

4. Еуразияның батысы мен шығысындағы қыс пен жаз айларының ауа массалары мен басым желдерінің бағыттарын анықтаңдар. 

5. Төмендеген жөне өрлеген ауа ңозғалысы қалай пай да болады, олар қандай белдеулерге төн?