§4. Жер бедері
1. Жер бедері дегеніміз не? Құрлық пен мухит табанындағы жер бедерінің ірі пішіндерін атаңдар.
2. Олар абсолюттік биіктігіне қарай қалай ажыратылады және олар картада қалай бейнеленеді?
3. Жер бедерінің қалыптасуына қандай күштер эсер етеді?
Табиғаттың ең әсем көріністері жер бедерінің алуантүрлілігімен байланысты. Қүрлықтағы көкжиекке үласып жатқан кең-байтақ, теп- тегіс жазира жазықтар мен аспанмен таласқан асқар биік таулар, таң- ғажайып пішіндегі жанартаулар мен терең шыңырау шатқалдар, арын- ды өзендердің аңғарлары мен қиян асулар жер бедерінде қайталанбас үйлесімін табады. Ал мүхит табанындағы үлан-ғайыр жазықтар мен тізбекті тау жоталары, түңғиық шүңғымалар мен таяз қайраңдағы маржандық рифтер су асты жер бедерінің өзіндік бейнесін жасайды. Шығу тегі, пішіні және жасы бойынша айырмашылық жасайтын тегіс емес Жер бетінің жиынтығын жер бедері деп атайды.
Жер бедері пішіндерімен сендер алдыңғы сыныптардан таныссыңдар. Физикалық кар- тадан Еуразия материгіндегі ірі жазықтар мен тауларды табыңдар. Қосарбеттегі «Жер қыртысының құрылымы» картасын пайдаланып, олардың қандай құрылымдарға сәйкес келетінін анықтаңдар.
Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарын айтарлықтай өзгерткен. Сондықтан сендер жер бедерінің қалыптасу және өзгеру себептерін, олардың материктер мен мүхиттардағы таралу ерекшеліктерін жақсы түсінулерің қажет.
Жер бедері ішкі және сыртқы кцштердің қатар эсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады. Ішкі күштердің әрекеті қысым мен күшті температураның әсеріне тікелей байланысты. Бүл күштер литосфералық плиталарды қозғалысқа келтіреді және жарылыстар бойымен жер бетіне лықсып төгілуіне себепші болады. Соның нәтиже- сінде жер қыртысының қүрылымы, соған сәйкес жер бедері өзгереді (12-сурет). Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі бел- гілі: тік қозгалу (жанартаулық қүбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пай да болуы және т. б.) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың гасырлық тербелмелі қозгалыс- тары. Бүл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін - материктерді және мүхит қазаншүңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің галамшарлық ауцымдагы аса ірі пішіндеріне жатады. Ңүрлық пен мү- хит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін қүрайды.
Жер бедерінің өзгеруіне сыртцы кцштердің де өзіндік үлесі үлкен. Күн сәулесінің, климаттық өзгеріс- тердің ықпалын осы сыртқы күштерге жатқызуға болады. Сол сияқты сыртцыкүштерге үгілу, ағын сулар мен жер асты суларының, мүздықтар мен теңіз толқындарының және адамның шаруашылық әрекеті жатады. Жер бедерін өзгертуде цгілудің әсерінен жиналған борпылдақ жыныстар желдің әрекетінен қүм төбелер мен жалдарды түзеді. Ішкі күштер әсе- рінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге үшырайды. Сыртқы күштер әсерінен жер бедері мүсінделіп, неғүрлым үсақ ойыстар, күмбезді жоталар мен төбелер, өзен аңғарлары, жыралар мен сайлар, қүз жартастарды қалыптастыра- ды (19-суретті қараңдар).
Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар эсер етуінен қалыптасады. Ішкі күштердің әсерінен түзілген жер бедері неғұрлым ауқымды әрі биік болса, соғұрлым сыртқы күштердің ықпалы күшейе түседі. Мысалы, өзен ағып өтетін жер ішкі күштер әсерінен баяу көтеріле бастаса, өзеннің шаю және тасымал- дау әрекеті де күшейеді. Соның нәтижесінде терең шатқалды аңғаолар қалыптасады.
Жер бедері тоқтаусыз үнемі өзгеріп от- ырады. Таулардың пішіні мен биіктігі өзгереді, жоталар мен төбелер аласарады. Керісінше қазаншұңқырлар үгілуден пайда болған борпылдақ жыныстармен толтырылып, тегістеледі. Материктердің жағалық пішіндері де аздаған өзгерістерге ұшырайды.
Мүхит табанының бедері алуан түрлі және күрделі (20-суретті қараңдар). Материктік және мүхиттық плиталар шектесетін өтпелі аймақтарда терең шүңғымалар, тік шатқалдармен тілімденген материкпгік беткейлер түзіледі. Ал жағалық бөлігі едәуір жазық материк- тік цайраңдарга үласады.
Мүхит табанының ең басты ерекшелігі - түтас су астпы жоталары жүйесін қүрайтындығы. Олардың жалпы үзындығы 75 мың км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000-4000 м-ге жетеді. Жота- лардың жан-жағын қоршай, теңдеесіз өте үлкен алқапты қамтитын терец ойыстар - қазаншүңқырлар орналасқан.
Сонымен, жер бедерінің неғүрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір қүрылымдарына сәйкес келеді. Мысалы, қүрлықтағы плат- формаларда ірі жазықтар, геосинклиналдық белдеулерде қатпарлы биік таулар орналасады. Ал литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мүхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылады.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. «Жер ңыртысының қүрылымы» картасы мен дүние жүзінің физикалық картасын салыстыра отырып, материктер мен мүхиттар табанындағы жер бедерінің неғүрлым ірі пішіндерін анықтап, олардың жер қыртысының қандай қүрылымдарына сөйкес келетінін нақты мысалдар- мен дөлелдеңдер.
2*. Материктер мен мүхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады? Оған нақты мысалдар келтіріңдер.
Қосарбеттегі «Жер қыртысының қүрылымы» картасын пай- даланып кескін картаға жанартаулар мен апатты жер сілкіну аймаң- тарын түсіріндер.
Қосымшадағы 4, 5-кестелерге назар аударыңдар.