Главное меню

  • К списку параграфов

§3. Жер қыртысының қүрылымы


бөлім

ЖЕР ШАРЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шексіз Ғаламдағы үздіксіз қозғалыстағы сан мыңдаған аспан де- нелерінің бірі Жер ғаламшары болып табылады. Оның жасы шамамен 3,5-5 миллиард жыл деп есептелінеді.

Жер тарихындағы барлық өзгерістер екі түрлі күш әсерінен туын- даған. Ішкі күштер жинағын эндогендік, сыртқы күштерді экзогендік деп атайды. Олар әр уақытта бір-біріне ықпалын тигізіп отырады де- генмен де ішкі күштердің әрекеті басымырақ орын алады.

Эндогендік процестер әсері - жер қойнауына магмалы заттар мен су буы және газдардың кіруі, жер қабығының пішіні мен қүрылымы- ның өзгеруі, жер бедерінің өзгеруі. Тау жыныстары жер бетіне шыққан кезде басқаша физикалық-химиялық жағдайға үшырайды да, әртүрлі факторлардың әсерінен үгітіліп, шайылып, тасымалданады, қайта шөгеді. Осы өзгерістердің жиынтығын экзогендік деп атайды.

Жер шарында үзақ геологиялық уақыт аралығында тіршілік пай- да болып, оның дамуына қажетті жағдайлар қалыптасты. Сондықтан адамзат болашағы табиғи орта мен қоғам арасындағы күрделі қарым- қатынастарға тәуелді.

Ғаламшарымыздың табиғаты айрықша алуан түрлі. Табиғат ком- поненттерінің арасындағы өзара байланыстардың ішкі себептеріне тал- дау жасау мақсатында Жер қабаттарының басты қүрылымдық ерек- шеліктерімен, ондағы табиғат кешендерімен, сондай-ақ материктердің үзақ қалыптасу тарихымен танысасыңдар.

ЛИТОСФЕРА 

I. Литосфера дегеніміз не, ол қандай бөліктерге бөлінеді? 

2. Жер қыртысы қандай тау жыныстарынан түрады?

Материктік және мүхиттық жер кыртысы. Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Жер қыртысы қүрылымдық ерекшеліктеріне қарай материктік және мүхиттық болып бөлінеді. Олардың қүрылысындағы айырмашылықтар 9-суретте айқын көрсетілген.

Ғалымдардың болжамы бойынша, алдымен мүхит табанының жер қыртысы қалыптасқан. Жердің ішкі күштері әсерінен біртіндеп пайда болған жарылыстар бойымен магмалық жыныстар жоғары көтеріліп, жер қыртысын қалыңдатады. Осылайша материктік жер қыртысы түзіліп, қүрлық қалыптасты.

 

I. 9-суретті пайдалана отырып, материктік жөне мүхиттық жер қыртысының басты айырмашылықтарын ажыратыңдар. 

2. Өрбір жер қыртысы түрлерінің қалыңдығын анықтаңдар.

Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте. Геология- лыц жыл санау - Жер қыртысын қүрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім. Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап ееептеледі. Яғни тау жыныстарының төмен жатқан қабатының жасы көне, үстіңгі қабаты астыңғысынан гөрі жас. Егер Жердің жасы шамамен 5 млрд жылға жуық деп есептелетін болса, жер қыртысының қалыптасуына кет- кен уақыт 2,5-3,5 млрд жыл шамасында. Оған шөгінді жыныстардан табылған ежелгі өсімдіктер мен жан-жануарлардың тасқа айналған қалдықтары дәлел болады. Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі. Грек тілінен аударғанда гео - жер, хроноло­гия - жыл санау деген мағына береді.

Геохронологиялық кесте Жер қыртысының түзілгеннен бергі уа- қыты мен қазіргі кезге дейінгі уақыт аралыгына сай қүрылгандықтан төменгі жагынан жогары қарай оқылады.

Ал Жер қыртысындагы тау жыныстарының жасын анықтау әдіс- терімен сендер 8-сыныпта тереңірек оқып танысасыңдар.



Сонымен геологиялық замандардың жалғыз ғана қүжаты - жы- ныс қабаттары. Сондықтан оларға дәлме-дәл мезгілдік (хронология- лық) эра, дэуір терминдері қолданылады.

Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғүрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы бес эраға жіктеледі. Эр эра неғүрлым қысқа уақыт аралықтарына - дәуірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы, кембрий, пермь, юра.Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы бас­ты оқиғалар - тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б. көрсетіледі.

Литосфералың плиталар (таңталар) теориясы. Материктер мен мүхит қазаншүңқырларының қалыптасуы және дамуы жөнінде әртүрлі ғылыми болжамдар бар. Қазіргі кезде жер қыртысының қүрылысы мен қалыптасу кезеңдері литосфералыц плиталар теориясы түрғысында түсіндіріледі. Бүл ілім XX ғасырдың басында неміс ғалымы А. Вегенер үсынған болжамға негізделеді, бірақ ол кезде плиталарды қозғаушы күштердің шығу тегі белгісіз болатын.

Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан түрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталаранықталған. Олар қүрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мц- хиттық плиталарға ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материк пен оларға жалғасып жатқан мүхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Аме- рикалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мүхиттық плиталар жатады. Ал Тынық мү- хиттық плита мүхиттық плита болып табылады. Мүхиттық плиталар- да гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жүқа және қозғалмалы болып келеді.

Плиталардың шекаралары тектоникалық белсенді аймақ болып та­былады. Бүл аймақта қозғалыстың негізгі үш түрі, яғни соқтыгысу, ажырау және кірігу айқын байқалады.

Плиталар бір-бірінен мүхиттағы су асты жоталары мен терең шүң- ғымалар арқылы бөлініп жатыр (11,

12-суреттерді қараңдар). Плиталардың жылжуы мантияның тығыздығы томен, иілгіш жоғарғы қабатында жүреді. Мүндағы заттардың жоғары бағытталған қозғалыстары нәти- жесінде жер қыртысында терең жары- лыспгар пай да болады (13-сурет). Жа- рылыстар әсіресе жер қыртысы жүқа болып келетін мүхит табандарында жиі кездеседі. Жер қыртысындағы неғүрлым терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады. Риф- тер көбінесе мүхиттық плиталардың шеткі бөліктеріне сәйкес келеді. Мүн- дай аймақтар қүрлықта да кездеседі.

Мысал ретінде Шығыс Африкадағы жарылыстарды айтуға болады.

Жарылыстар бойымен көтеріл- ген ыстық магма ееебінен жер қыр- тысы қалыңдайды. Мүхиттық пли­талар ауданы біртіндеп үлғаяды. Бүл әрекет плиталардың ығысуына се- бепші болады.Рифтер плиталардың ажырау шекарасы және мүхит табанының қалыптасу ауданы болып табылады (12, а-сурет). Ал сал- мағы мен тығыздығы жағынан айырмашылық жасайтын материктік (30-40 км) және мүхиттық (7 км шамасында) плиталар шектеекен- де, мүхиттық плита майысып, материктік плитаның астына сыналап енеді. Мүхиттық плиталардың күшті майысқан бөліктерінде терең шүңғымалар, ал материктік плитаның шеткі бөліктерінде аралдар доғасы мен жағалық теңіздердің қазаншүңқырлары қалыптасады (12, ә-сурет). Бүл заңдылық Тынық мүхиттық плитасы мен Еуразиялық плитаның әрекеттесу аймағында айқын байқалады (физикалық карта- дан осы аймақтағы терең шүңғымаларды, аралдар доғасы мен жағалық теңіздерді анықтаңдар).

Кейбір материктердің жағалық бөліктерінде қүрылымы күрделі биік тау жоталары түзіледі. Тынық мүхиттық плитаның Солтүстік және Оңтүстік Америкалық плитасымен шектескен аудандарында Кордильера және Анд таулары, оларға жалғасып жатқан шүңғымалар қалыптасқан. Материктік және мүхиттық плиталардың шектесу ау- дандары плиталардың кірігу шекарасыдеп аталады (12, ә-сурет).

Екі материктік плитаның жанасқан аудандарында олардың шет- кі бөліктері өзара ығысу нәтижесінде сығылып, қатпарлануға үшы- райды. Дүние жүзіндегі ең биік Гималай таулары Еуразияға Үндістан плитасының соқтығысуы нәтижесінде түзілген (11-суретті қараңдар).

Литосфералық плиталар теориясына сәйкес, материктер мен мү- хиттардың пішіні мен аумағы геологиялық уақыт аралығында өз- герістерге үшырайды.

Бұл литосфералық плиталардың қозғалу бағыты мен жылдамдығына байланысты. Мысалы, Тынық мухиттық плита жылына 10-11 см жылдамдықпен Еуразия плитасы- на жақындап келеді, керісінше Қызыл теңіз табаны мен Арабия плитасы жылына 5 см жылдамдықпен Африка плитасынан қашықтай түсуде. Болашақта осы тектес қозғалыс- тар нәтижесінде материктер менмұхиттардың қазіргі орны мен пішіндерінің өзгеретіндігі жөнінде ғылыми болжамдар бар (14, 15-сурет). Литосфералық плиталар қозғалысының нәтижесінде ежелгі біртұтас Пангея (гректің «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан) құрлығы Лавразия мен Гондвана материктеріне ажырады. Кейінгі қозғалыстар олардың қазіргі материктерге бөлшектеніп мұхит табандарының ашылуына себепші болды.

Лавразия қүрамында Еуразия мен Солтүстік Америка материктері үзақ уақыт бірге болған. Ал Гондвана Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия мен Антарктика материктерінің жиынтығынан түрды. Сондықтан Лавразиялық және Гондваналық материктердің табиғат қүрылымдары бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды.

Өрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстыр- малы түрде түрақты бөліктерін - платформалар қүрайды. Олар ежелгі және жас платформалар болып бөлінеді. Аналық жыныстарының негізі архей-протерозой эраларында қалыптасқан қүрылымдар ежелгі платформалар деп аталады. Оларға Шыгыс Еуропа, Сібір, Ара- бия, Солтцстік Америка, Аустралия және т.б. платформалар жата- ды. Ежелгі платформалардың негізін қүрайтын қатты кристалды жыныстардың жер бетіне ашық шығып жатқан бөлігі қалқан деп аталады. Бүл жыныстардың абсолюттік жасы 3-3,8 млрд жыл шама- сында болады. Ірі қалқандарға Канада, Балтыц, Алдан қалқандары мысал бола алады. Ал палеозой эрасында көтерілген жер қыртысының неғүрлым түрақты бөліктері жас платформаларды қүрайды. Оларға Батые Еуропа, Батыс Сібір, Тцран және т.б. қүрылымдар жатады. Плат­формаларды әртүрлі шөгінді жыныс- тар жауып жатқан кішігірім бөлігінплита деп атайды. Платформалық қүрылымдарға көбінесе үстіртті жазық жер бедері сәйкес келеді.

Сейсмикалық белдеулер. Жер қыртысының қозғалмалы бел­деулер! геосинклиналдар деп ата- лады. Қазіргі кезде аласарып, мү- жілген ежелгі таулар да, биік таулар да кезінде геосинклиналдық аймақ- тарға жатқан. Бүл аймақтарда да қазіргі геосинклиналдардағы си- яқты күшті тау жасалу, жанартау атқылауы қарқынды жүрген. Біртін деп ішкі күштер әрекетінің бәсеңдеуі нәтижесінде таулар сыртқы күштер әсерінен үгіліп, аласарған. Ал қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге Алъпі-Гималай, Батыс және Шыгыс Тынық мүхиттық белдеулер жа­тады.Олар литосфералық плиталардың шектескен аудандарына сәйкес келеді (11, 12-суреттерді қараңдар). Осы аталған ірі сейсмикалық бел­деулер бойында сөнбеген жанартаулар орналасқан және жер сілкінулер жиі байқалады (16-сурет).

Жер шарында 800-ден астам еөнбеген жанартау бар, олардың ба- сым көпшілігі мүхит табанында шоғырланған. Қосарбеттегі «Жер қыртысының қцрылымы» деп аталатын тақырыптық картада литосфералық плиталардың орналасуы, материктік және мүхиттық жер қыртысының арақатынасы, қүрлықтағы және мүхит табанындағы жарылыстардың таралуы берілген. Сонымен қатар жер қыртысын қү- райтын жыныстар, пайдалы қазбалардың шығу тегі мен орналасу заң- дылықтарын көрсетеді. Бүл картада жер қыртысының түрақты және қозғалмалы бөліктері, апатты жер сілкінулер мен жанартаулардың атқылауы жүріп жатқан аудандар да беріледі.



Сүраңтар мен тапсырмалар. 

1. Қосарбеттегі «Жер қыртысының қүрылымы» • картасы мен 11-сурет бойынша басты литосфералық плиталарды анықтаңдар, олардың түрлерін ажыратыңдар. 

2. Картадан жер қыртысының түрақты жөне қозғалмалы бөліктерін анықтап, олардың қалай аталатынын жөне оларға төн бас­ты белгілерді атаңдар. 

3*. Аталған карта бойынша өздерің түратын жерде жер қыртысының қүрылымы қандай екендігін анықтаңдар.