Қолтанбалы курстың методикалық нұсқау
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Сапанова З.К., Жүсіпова М. М., №7 мектеп
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері
Түсініктеме хат
Бағдарламада іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері республика көлемінде басылым көрген түрлі әдістемелік құралдарды пайдалану арқылы өзара сабақтастықта іріктеліп алынды. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүйелі түрде жүргізуге одан әрі ықпал етеді деген сенімдеміз.
Тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы бұл--өнер мен тілді мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу деген сөз. Ал мұндай қамқорлыққа алынған тіл сол мемлекет иесі болған халықтың үдесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни оқу, өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым өндіріс, шаруашылық, ресми іс қағаздары т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет.
Сондықтан қазақ тілінің қоғамдық сипатын ашып, қолданылу аясын кеңейту мақсатында еліміздің болашағы—бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпаққа әсіресе орыс мектептерінде оқитын оқушыларға қазақ тілі ретінде мемлекеттік басқару орындарына және қоғамдық ұйымдарға кеңінен еңгізіп, кез келген салада терең қолдануды міндеттеп отырғанын түсіндіру арқылы келешекте соған даяр болуға үйрету.
Оқушының ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру, сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдана білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Осы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бағдарламасын жасадық.
Бағдарламаны құрастырғанда біз модульдік технологияны пайдалануға негіздедік. Әр модуль тілді қарапайымнан күрделіге қарай сатылап білу мақсатында құрылған. Әр модульде нақты тпқырыптар топтастырылған; әр көлемі—фонетикалық, грамматикалық, коммуникативтік , лексикалық минимумы тақырыптарда қайталанып, күрделене түсіп отырады.
Бағдарламаның құрылымында тіл қызметінің—сөйлеу және жазу, тыңдау және оқу түрлері өзара тығыз байланыста.
Әрбір тақырыптың материалы жүйемен берілді; тақырып бойынша оқу ақпаратының ықшам көлемі фонетикалық, грамматикалық және коммуникативтік минимум айқындалды. Сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға , айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
Жазу тілінде сөздер де, сөз тіркестері де, грамматикалық тұлғалар да, сөйлем құрамы да түрліше болып жұмсалуының белгілі бір жүйеге түсірілген, қалыптасқан заңдылықтары бар. Жазуда ой жинақы, жатық баяндалуы керектігі талап етіледі. Сонымен қатар тілінің нормаланған, бір ізге, жүйеге түсіп қалыптасқан стильдік тармақтары бар екендігі, жазба тілінің мәтіндері белгілі бір стиль негізінде жазылатындығы талап етіледі.
Ғылыми көпшілік әдебиеттер стилінде баяндалатын ой күрделі сөйлемдермен беріліп, нақты дәлелдемелер, анықтамалар, қорытынды тұжырымдама түрінде жазылатындығы талап етіледі.
Көркем әдеби шығармаларда оқиғалар, ой желісі, түрлі сезім—күйлер көріністі баяндау, суреттеу, бейнелеу, әсірелеу, теңеу, салыстыру тәрізді көркемдігіш сөздер мен фразиологиялық
қолдану арқылы өрнектелетіндігі талап етіледі.
Публицистикалық стильде шешендер сөздері орфография мен орфоэпия нормалары, әдеби тіл заңдылықтары негізінде қалыптасатындығы түсіндіріліп, өмірде солай қолдану керектігі талап етіліді.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бағдарламасының
мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру арқылы—міндет жүгін қиналмай
көтере алатын аса бай оралымды да сұлу тіл екендігін көрсету.
Міндеттері
- Іс қағаздары үлгілерін сауатты жазуға дағдыландыру, жазба тіл мәдениетін қалыптастыру
- -Оқушылардың қызығушылығын көтеру, ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын калыптастыру
- Дүниежүзілік халық мәдениетінің құндылығын меңгеру арқылы мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу
- Грамматика ерекшеліктерін дұрыс пайдалану арқылы шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсалуына мән беру
- Іс қағаздарын өз өмірінде жан-жақты қолдануға үйрету
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсында қолданылатын жұмыс түрлері
- Өздік жұмыс, жеке нысана жұмыс, топпен жұмыс
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Өз ойын анық, дұрыс және көркем етіп ауызша, жазбаша жеткізе алу
- Стиль түрлерін ажырата алу
- Өмірдегі өзекті мәселелерге мазмұнды тақырыптар төңірегінде диалог құрастырып, ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білу
- Тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білу
- Автор сөзі, цитата, төл сөз, төлеу сөһз , диалог сөздерді шығармалардан таба білу, талдай алу, олардың өзара айырмашылықтарын түсіндіре алу
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар іс қағаздарды күнделікті өмірінде қолдануы қажет
- Әр түрлі іс қағаздарының—хат, өтініш, сенім хат ,қолхат т.б. жазылу,толтыру үлгілерін білу, ауызша және жазбаша сөйлеу, дұрыс айту дағдыларын меңгеру
- Бағдарламада берілген теориялық түсініктерді білу және қолдану
- Тіл ғылымы саласынан терең білімі бар жан-жақты жетілген, еңбекке икемді, барлық іс-
әрекетте белсенділік көрсете алатын саналы азамат тәрбиелеп шығару.
- Тілдің әлеуметтік мәнін, қоғамдығы коммуникативтік қызметін байқайтын, тіл мәдениетін арттыруға, шығармашылық ізденісі, іскерлік дағдысы қалыптасқан тіл, сөз өнері қатысатын мамандықтарды игеруге қабілетті, өмірге икемді адамды қалыптастыру.
Біздің бағдарламамыздың ерекшелігі іс қағаздарының үлгілері мақсат-мазмұнына қарай « Кеңселік іс қағаздар үлгілері», « Қызметтік хаттар үлгілері», « Блантік іс қағаздар үлгілері» деп бөлінеді, әр іс қағазының үлгісінің алдынан қысқаша теориялық түсінік беріледі.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулық 34 сағаттан ( 6 сағат – лекция, 28 сағат – практикалық сабақтан) тұрады. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптары, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бағдарламасы
Рет саны |
Тақырып |
Са ғат | Өт Кізі ле тін күні |
Грамматика |
Лексика |
| Ι модуль | 6с |
|
|
|
Ι | Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. | 1 |
|
|
|
ΙΙ | Іс қағаздарының стилі | 2 |
|
|
|
1.
2.
3.
4.
5. | а) Ғылыми көп-шілік әдебиеттер стилі ә) публицистикалық стиль б) көркем әдебиет тілінің стилі в) ауызекі сөйлеу тілі стилі г) ресми іс қағаздар тілінің стилі |
1
1 |
|
|
|
6. | Нәтиже сабақ | 1 |
|
|
|
| ΙΙ модуль Кеңселік іс қағаздары | 5 |
|
|
|
1. 2. 3. 4. |
Өмірбаян Өтініш Арыз Тест |
1 1
1 |
| Морфология Синтаксис Етістіктің өткен шағы Күрделі реттік сан есімдер Жалқы есім |
Құжат ,Арызданушы,Өмірбаян, Жағдай, Жеке қолы, Мекеме, Өтініш, Арыз ,Ақпарат Сілтеме |
5. 6. 7. 8. |
Сенімхат Қолхат Түсініктеме Нәтиже сабақ |
1
1 |
| Сөз тіркесі Байланыс тәсілі, түрі Тәуелдік жалғау, І.с. Ауыспалы осы шақ Жектік жалғау | Сенімхат, құқық, қолхат, түсініктеме, мөр, құнды зат, жағдай, лауазым, мазмұн, қызмет, мүлік, міндеттеме, кепілдік беру. |
| ΙΙΙ модуль
| 2 |
|
|
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.