Главное меню

  • К списку уроков
Тәрбие әліппесі қателесу және оны түзеу
09.12.2014 1688 535 Әли Эльмира Темирхановна

Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген.Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп,дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл ойының жетілуіне назар аударып келген. Бесіктегі балаға үн қатып,сөйлеп баланың дамуына септігін тигізгені жөн. Ата ананың басты қызметі бала тәрбиелеп, баланың тәрбиелі болып өсуіне жағдай жасай отырып, келешегіне жақсы қадам жасауды ұйымдастыра отырып, мектеп, ата ана бірлескен кезде жақсы нәтиже береді.
Ата - ананың басты міндеттері мынадай міндеттерді қамтиды:
- баланы үйлесімді дамыту
- бала денсаулығына жағдай жасау
- баланың білім алуына көмектесу
- еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, мамандық таңдауға жағдай жасау
- ізгі,адамгершілік қарым қатынасты қалыптастыру
- қызығушылықты,шығармашылықты дамыту
-өзін өзі тәрбиелеуге үйрету;
Ұл мен қыз тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана өз ұрпағының қандай адам болатындығына немқұралы қарамау қажет.Біздер бүгін баланың өз кінәсін сезіну –сезінбеу мәселелерін баян етпекпіз. Бала өз мінезінің, не іс әрекетіне, қате болғанын түсініп, жаны қиналып, күйзелісті бастан кешірсе –оны кешіре біліңіз.
Шын күйзеліс пен оны кешіру тәрбие ісінде мақсатқа жеткендік болып саналады.Баланың кінәсін сезіп, шын ұялғаны, беттің қызаруынан көздің жасаурауынан, баланың қозғалысынан байқалады. Осындай сәттерді байқаусызда жіберіп алмау керек. Әдетте кейбір ата аналар өрескелдігі үшін баланы жазалауға құлшынып, өзіне тоқтау салмай, айқайлап, ұрысып, намысына тиетін сөздер айтып кемсітеді, шапалақ жеуге де бар. Өз кінасын сезіп қиналған бала арының алдында жауап беріп тұрғанын біліңіз. демек ол өзінің жасаған істерінің дұрыс еместігін сезіп нәтиже шығарады. Ал ұрысып жеку оңай нәтиже бемеуі мүмкін. Оғаш өзінің ісі үшін опық жеген бала өз өзін іштей сезіп жазалайды. Ал,енді оған сырттан келіп дөрекілік қосылса, жаны күйзеліске ұшырап ,бала осындай әрекеттерге шыдай алмай қорғаныс жолдарын іздестіре бастайды.Оның қарсы сөйлеп, беттен алып, қарсылық әрекеттерден байқауға болады. Ашу ызаға булыққан, бой алдырған бала бойұсынбау нысандарына жол береді. Бұндай жағдайлар жанұяда, мектепте, көшеде де болатын, кездесетін жағдайлар деп айтуға болады. Мұны ғылыми тілде қарым-қатынас психологиясы мен педагогикасы деп айтуға болады. Бала тәрбиесінің бұндай тәсілін түсіну, түсіндіру жіне жанашырлық мәселелерін қамтиды. Адам мен адам арасындағы қарым қатынасында, мейлі ол шешілместей шие жағдай болған жағдайда да сүйіспеншілік пен жанашырлық, мейірім бірінші орында болу керек.
Ата ана өз баласына, ұстаз шәкірттеріне осындай ұстанымдарды қатаң сақтап, баланың оғаш іс қимылдарын түсіну, қателігін түсіндіру және осының бәрін жанашыр мейіріммен атқару.
Енді тәрбиенің әрекеті төмендегідей болмақ :
-егер бала өз кінәсі үшін шын опық жесе сөзге келмей кешіру;
-баланың кінәсі кездейсоқтылық,түсінбеушіліктен болса,шыдамдылықпен
түсіндіру;
-егер ата ана , ұстаз ,тәрбиеші ашулы болса оны кейінге шегеріп,ойланып
байыппен шешуге жағдай туғызу;
Ақыл кеңес айтқанда бала түсіністікпен тыңдаса,арқаға қаққандай болып, мақтап жіберген жақсы.Мақтау көңіл жарасын жазуға септігін тигізеді.Егер сіз айқайлап ұрысқаннан кейін ұзақ уақыт кек сақтамағаныңыз жөн.Баланың қателігін айтып, бетіне басу, сөйлеспеу, дұрыс жауап бермеу оң нәтиже бермейді. Байқап отырсақ бабаларымыз бала тәрбиесіне көп мән берген, оларды адам жанының қалауын істеткен, тәрбие негізі тыйым негізі екендігін басты назарға ұстаған. Өмір дегеніміз күрес, өз өзіңді жеңу. Бала қателессе одан әрі азарда безер боламыз,ол қателіктерді жеңуге көмектесу керек.Абай атамыз «Адасқанның алды жөн,арты соқпақ»деген ғой. Бабаларымыз «Адасқанның айыбы жоқ,қайтіп үйірін тапқан соң » деген сөздер жақсы айтқан деп есептейміз. Бала тәрбиесінде ата ананың алатын орны ерекше екендігін ескере отырып, ұлттық дәстүрімізді,әдет ғұрыптарымызды, ата бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата ананың басты міндеттерінің бірі деп атап айтуға болады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.