Табиғаттың жанды денелері
Дүниетану |
Уақыты: |
Мұғалім: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Табиғаттың жанды денелері |
|||
Сабақтың жалпы мақсаты |
1. оқушыларға адамның дене мүшелері мен ішкі ағзаларын ажырата білуді үйрету; адамның
табиғаттың бір бөлігі екендігін ұғындыру.2. қорытынды
шығару сияқты зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін
қалыптастыру.3.Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. |
|||
Әдіс-тәсілдер |
әңгіме,
сұрақ-жауап, |
|||
Көрнекіліктер |
«Адамның дене мүшелері. Ішкі ағзалары» және «Жануарлар» суреттері. |
|||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||
Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру |
Би «Қаражорға» |
|||
Топқабөлу |
І топ «Табиғи күш» тобы - Сендер қандай қажеттілік туралы сыр шертесіндер, олар қандай күштер?
- Күн, таза ауа, судың денсаулыққа тигізетін пайдасы қандай? - Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіндер? - Ата-бабамыз табиғи күш куаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі
сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол аталы асыл сөздерден мысал келтіріндер. ІІ топ «Ептілер мен күштілер» тобы. -Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтырудың түрлерін ата. - Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығулар түрлері?
(оқушы өзінің күнделікті айналысатын жаттығуларын көрсетеді) -Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Неге? Ұлттық ойындар оның пайдасы?
-Соңғы кезде шыққан спорттың түрлерін ата. Оның мақстаы қандай? |
|||
Үй тапсырмасын сұрау |
Тақтамен жұмыс Электрондық оқулықтан табиғи, жасанды
денелерді ажырату |
|||
Қызығушылықты ояту |
Денсаулық пирамидасын құру. |
|||
Жаңа материалмен жұмыс. |
Адам денесі қандай бөліктерден
тұрады? Адамның қандай ішкі ағзаларын білесің? (Оқушы
жауаптары тыңдалады, толықтырылады). «Венн
диаграммасын» толтыру. «Венн диаграммасы»
Мұғалімнің басшылығымен оқулықпен жұмыс. а) Оқушылар өздерінің денесінен
дене мүшелерін көрсетеді. ә) Мұғалім суреттен адамның ішкі ағзаларын көрсетеді, ал оқушылар сол ағзалардың
орналасқан орнын өздерінің денелерінің сыртынан көрсетеді. Мұғалім
әрбір ішкі ағзаның қызметін
түсіндіреді. Өкпе - тыныс алу органы. Ойлау бастағы мимен байланысты. Жүрек - бойға қан жүргізуші басты ағза. Басқа ағзалардың жұмысы жүрекпен байланысты. Ең
бастысы, сабақта дені сау адамның ағзалары
белгілі тәртіппен жұмыс істейтінін атап
кеткен дұрыс. Сондықтан адам организмін дұрыс сақтап, салауатты өмір сүру
керектігі айтылады. б). Кез келген жануар мен адамның денесіне салыстыру жұмысы жүргізіледі |
|||
Ой толғаныс |
Біз бүгін қандай тақырыпта ой қозғадық? - Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға
тиіспіз? - Сендер
қандай азамат болып өсулерің керек? (оқушылар жауаптары тындалады және
сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындылайды).
|
|||
Үйге тапсырма беру. |
Құстар мен жануарлардың ағзаларынын жұмысы туралы оқып келу.
|
|||
Бағалау |
Сабаққа жақсы қатысқан
оқушыларды бағалап, баға қою. |
|||
Кері байланыс |
Оқушылар бір-біріне деген
тілектерін қағазға жазып бір –
біріне ұсынады . |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.