Табиғат зоналары.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға алған білімін
тиянақтап, есте сақтау, тапқырлықпен толық толық тақырыппен таныстыру.
2.Дамытушылық: Оқушыларға танымдық қабілеттерін
қалыптастыру, алған білімдерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды белсенді іс-әрекет
жасауға, білім алуға, іскерлікке, ізгілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ
Оқыту
әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың
әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас
карта, оқулық, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
Оқушылар назарын өзіме аударту
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оңтүстік Америка
жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандарт
(гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, субтропиктік қатты жапырақты
мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала
(пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы.
Экватордың
екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып ижатыр. Олар
түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды
ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана
ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі»
деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас»
дейді. Ағаштардың аса бағалы түлеріне
табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағакшы, дәрілік шикізат беретін
хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.
Жануарлар
дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир,
опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су
шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі.
Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен туканлдар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай
тқұс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан –
анаконда да кездеседі.
Ауыспалы
ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс
жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты
араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің
нәтижесінде жойылу алдында тұр.
Саванналар
мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы
– кампос деп ажыратыладжы. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан
қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.
Солтүстік
жарты шар сававннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктерн
таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы- кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті
кактус, мимоза, суттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су
жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар
өсетін Мексика таулы қыратын «кактутың екінші отаны» деп атайды.
Жануарлар
дүниесінен пекари, ернгежейлі, бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың
бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы
болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп
жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.
Субтропиктік
дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта
таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа депе атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен
ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойыенша жылдық
жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас
пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы,
пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен
тернісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан
Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған
аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи
өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.
Шөлейт
зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай
континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған.
Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір
бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз
өсіп, киіздей тұтасқан жамылғысы
құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада
жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі
кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы , магеллан түлкісі және ірі
құстар мекендейді. Ірі жануарлар гуанако
ламасы мен пума кездеседі.
Материктің
Тынық мұхит жағалауындағы жіңішек алқапта, экавтор маңында ылғалды мәңгі жасыл
ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл
зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен
бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстк
жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.
Анд
тауларының жанартаулар дүниесі ендемиктерге бай. Анд тауларының барлық
бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және
гуанако мекндейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака
мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю,
пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс-
кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3
м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.
Жаңа сабақты бекіту:
1.
Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат
зоналары орналасқан?
2.
«Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын
түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.
3.
Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы
географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін оқулық мәтіні мен
58-суретті салыстыра отырып, дәлелдеңдер.
4.
Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері
жоқ.
Қорытынды:
Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың жалпы табиғат зоналарының түрлерімен
таныстырдым.
Үйге тапсырма: §41-42-оқу.
Кескін картаға табиғат зоналарын салып келу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.