§1.10.Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.
Сыныбы – 10  (Ж)         сабақ реті:                              күні________
| 
  Тақырыбы  | 
 
  §1.10.Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.  | 
 
  уақыты  | 
 
| 
  Білімділік мақсаты: 
 дамытушылық: 
 тәрбиелік:  | 
 
  қышқылдар мен негіздердің жалпылама
 теориясы туралы алған білімдерін қалыптастыру;  теңдеуді
 талдау,түсіндіру,қорытындылау, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін
 жетілдіріп, дамыту; 
 сабақ уақытын бағалауға
 үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. 
  | 
 
  
  | 
 
| 
  Сабақ типі:  | 
 
  Жаңа сабақ.  | 
 
  
  | 
 
| 
  Сабақ өткізілу түрі:   | 
 
   Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз
 бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 10- ЕТЖ -1  | 
 
  
  | 
 
| 
  Құралдар мен реактивтер:  | 
 
  интерактивті тақта, ерігіштік
 кестесі,10- ЕТЖ -1.  | 
 
  
  | 
 
| 
  Ұйымдастыру кезеңі:   | 
 
  (Сабақтың мақсаты мен
 кезеңдерін анықтау.)   -сабақта 
 қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;   -оқушыларды психологиялық дайындау.  Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын
 тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын
 көрсету.   | 
 
  1-2  | 
 
| 
  Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:    | 
 
  Сабақтың 
 білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық
 орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен
 кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою.  1.Айналым бойынша берілген тапсырманы
 тексеру.  2.Нашар үлгерушілермен жұмыс: кеңесшілер
 көмегі.  | 
 
  5-7  | 
 
| 
  Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде
 меңгеруге дайындау кезеңі:  | 
 
  1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен
 біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету.
 Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.   (Актуализация ) Білімділік міндеттері: .  -оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.  -оқушыларды 
 білім алудың мақсаттарын анықтауға; - оқушылардың материалды бір мезгілде
 қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.  2.Оқыту проблемалары:  Қышқылдар мен негіздердің
 жалпылама теориясы 1.Білімді жаңғырту:  1.Фронталды сұрақтар: * Аквохимия деген не? ? * Бренстед теориясы неге протондық теория деп атайды? * Иондық теориясы көзқарасы бойынша қышқыл және негізге анықтама беріңдер? * Солбважүйелер теориясы бойынша қышқыл
 және негізге анықтама беріңдер  | 
 
  3-4  | 
 
| 
  Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  | 
 
  Білімділік міндеттері:   Берілген материалды оқушылардың
 қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 
  - оқушылардың білімді қабылдауына,алған
 білімнен қорытынды        шығаруға,жүйелеуге
 қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту
 әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді
 ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 2.Мұғалімнің түсіндіруі:       Жаңа
 сабақты түсіндіру: 
 1939 
 ж белгілі кеңес химигі ,КазКСР Ғылым академиясының  академигі Михайл Ильч Усанович қышқылдық –
 негіздік  әрекеттесудің  жаңа теориясын ұсынды .Бұл теория сендерге
 белгілі  басқа теориялармен
 салыстырғанда  қышқылдық – негіздік
 әрекеттесудің  табиғатын кеңінен
 қарастырады . Мұнда әрекеттесудің 
 өнімдері  тұздар болып табылады
 деп есептейді . Усанович теориясы бойынша , тұз – қышқылды негізбен (немесе негізді қышқылмен) бейтараптау
 реакциясы  нәтижесінде түзілген өнім .    Қышқыл - катионды беруге (мұнда
 протон да кіреді ) немесе анионды (оның ішінде электрон да бар )  қосып алуға қабілетті  бөлшектер , ал негіз – анионды  беруге немесе катионды қосып алуға  қабілетті 
 бөлшектер . Михайл Ильич Усанович    Химия ғылымдарының докторы  , профессор , ҚазКСР Ғаның академигі
 ,Өзбекстан КСР және Қазақстан КСР-нің 
 ғылымға еңбек сіңірген қайраткері . Дүние жүзіне белгілі  қышқылдар мен негіздер теориясының  авторы , аты әлемге әйгілі  ғалым    Ғылыми еңбектері  ерітінділер табиғаты  саласына арналған . Сулы және бейсулы
 ерітінділер  табиғатын зерттеу
 негізінде  тұжырымдалған қышқылдар мен
 негіздер  теориясы әлемдік  ғылыми әдебиетке «Қышқылдар мен негіздердің
 жалпылама теориясы» деген атаумен енген.                                                                                               
 +                    -   
 Егер қышқылды – Қ , негізді –Н, Катионды – К    және анионды – А    әріптерімен белгіленсе , онда бұл
 анықтамаларды  сызбанұсқа түрінде былай
 белгілейді  .                 +        +                                 -       - Қ: - 
 К  ( Н   ) немесе + А   (е) -   -                                   +         + Н: - А  
 (е)  немесе  + К 
 ( Н )    
 Бұдан бұрынғы келтірілген 
 анықтамаларға көңіл аударсақ , иондық , сольважүйелер  және протондық теориялар
 анықтамалармен  дәл келетінін атап
 өтуге болады . Басқаша айтқанда , қышқыл мен негіздің бұрын белгілі
 анықтамасы Усановия теориясында да сақталады . Сондықтан оның теориясын «Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің  жалпылама теорисы » деп аталады , ал
 алдындағыларды  жалпы теориға
 бағынатын  дербес теориялар деп
 есептейді .   
 Усанович теориясы бойынша  тұз
 түзе жүретін кез – келген процес 
 бейтараптану  теакциясына жатады
 . Ке келген тұз ктионнан  яғни
 қышқылдан және  анионнан яғни негізден
 тұрады . Шынында да катионның анионды қосып алу қабілеті  болғандықтан ол қышқылдық қасиет көрсетеді
 , ал анионның катионды қосып алу қабілеті болғандықтан негіздік қасиет
 көрсетеді .    
 Мысалы сулы ортады  тұнба түзіп
 жүретін реакцияны алайық .          2+                            2-                      
 
 қышқыл        негіз                   тұз   
 немесе еритін қосылыстың  диссоциациялану процесі:                                             
 2+                            - 
               тұз                    қышқыл       негіз  
 Осыдан катион мен анионның  өзара
 қосылуын немесе   олардың бөлінуін  қышқылдық – негіздік  қасиеттің 
 көрінуі  түрінде қарастыру керек
 екендігі  көрінеді .    
 Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің 
 жалпы теориясын түсіндіру үшін 
 нақты мысалдар қарастырайық .                             
                                           2-   
 Су күкірт қышқылының 
 ангидридімен әрекеттескенде О  
 анионын  беріп негіз болса , ал
 күкірт (ҮІ)  оксиді  анионды өзіне қосып алып  қышқыл болады .  Н2 О  +SO3 =    H2SO4   (күкірт қышқылының  халықаралық атауы  тұздың атауына ұқсас – сутек сульфаты)                     SO3    +   К2О   =      К 2SO4                      Бұл реакция да  бейтараптану реакциясына жатады , өйткені
 бастапқы күшті қышқыл  SO3 және күшті негізден К2О  , әлсіз
 негізбен  SO4 - әлсіз қышқылдан К+  тұратын тұз алынады .   
 Мұндай талқылаулар  протондық
 теорияны түсініргенде де қолданылды . Демек , Бренстед теориясы бойынша  жасалған қорытындылар Усанович теориясы
 үшін де дұрыс .   
 Усанович теориясы бойынша түзілуде басты орын  әрекеттесуші бөлшектерге бөлінген .Бұл
 белгі бойынша қышқылдық – негіздік 
 әрекеттесуге бізге таныс 
 көптеген процестер жатады . Мысалы :   
 1. Zn (OH) 2    + 2 
 HCL  = ZnCL2   +2 H2 O                                                                               
            
   
 2. ZnO   + 2  HCL 
 = ZnCL2  + H2O   
 3 . Zn +
 2  HCL 
 = ZnCL2  + H2 
 2 е  
 4. . Zn + CL2    = ZnCL2                                           
  Бірінші реакцияның  қышқылдық – негіздік реакцияға жататының
 Аррениус  теориясы  көмегімен дәлелдеуге болады . Өйткені
 оксоний ионы  гидроксид ионымен  бейтараптанады . Бұл теорияларға  сүйеніп , қалған үш реакцияның  жүру механизмін  қышқылдық – негіздік әрекеттесу  тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес .   
 Усанович теорисы бойынша  барлық
 4 реакция  қышқылдық – негіздік  әрекетесуге жатады , өйткені  олардың барлығында  тұз – мырыш хлориді  түзіледі . Олардың біріншісі-  дәстүрлі аквоқышқылдың  аквонегізбен  әрекеттесуі болып табылады . .Екіншісі тұз
 қышқылы мен  аквоқышқылдан суды  аластатқанда түзілетін  ангидриттің 
 бейтараптануын сипаттайды . Үшінші реакцияның теңдеуінен металл-  негіз екеіні көрінеді , өйткені ол
 өзінің  электрондарын беріп , тұз
 қышқылымен бейтараптанады . Төртінші реакцияда  мырыш атомы қышқылмен – хлор молекуласының  электрондарын қосып  алып бейтараптанады . Нәтижесінде сол тұз –
 мырыш хлориді түзіледі .   
 Усанович бойынша , жоғарыда келтірілген  қышқыл мен негіздің  анықтамалары тотығу  мен тотықсыздану  реакцияларын  қышқылдық – негіздік  әрекеттесуге  жатқызуға мүмкіндік береді . Шындығында
 Усанович теориясы бойынша  мырыштың
 хлормен  тотығуы кезінде  жүзеге асатын негізден қышқылға  электрондардың ауысу процесі , қышқыл мен
 негіз арасындағы бейтараптану реакциясына 
 сәйкес.  
  | 
 
  6-7  | 
 
| 
  Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңі:   | 
 
  Білімділік мақсаты: . 
 - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;    
 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;     
 - кеткен кемшілікті жою жұмыстары;  1. 10- ЕТЖ -1 жұмыс істеу:   № 1,2,3,4 нұсқа1,2 .(8бет)   | 
 
  20-22 
 
  | 
 
| 
  Білімді қорытындылау және жүйелеу:     
 
  | 
 
  -тпсырмаларды оқушылар өз бетінше
 орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың
 ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;   Жеке сұрақтар: · 
 Усанович
 теориясын жалпылама теория деп атайды?  · 
 Магний
 сульфатын алуға болатын реакция теңдеулерін құрастырып,оны Усанович теориясы
 тұрғысынан түсіндіріңдер. 
  | 
 
  2-3; 
  | 
 
| 
  
 Білімді тексеру  
 және өз бетінше тексеру кезеңі:    | 
 
  -оқушылардың өтілген материалды
 қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау; -оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі
 олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың  
 себебін анықтау.  -оқушылардың өзін –өзі бағалау
 қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. 1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:  | 
 
  3-4  | 
 
| 
  Үй тапсырмасын беру кезеңі:  | 
 
  Білімділік міндеттері: -оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны
 шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін
 нұсқаулар. параграф 1,10 оқу. № 3-6– жазбаша
 орындау. (39бет). 
  | 
 
  1-2  | 
 
| 
  Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.   | 
 
  - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына
 баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.    | 
 
  1-2  | 
 
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.