Кітапхана білім мен ғылым ордасы
05.10.2015
8518
836
Фазылова Сагира
Кітапхана – білім мен ғылым
ордасы
"Кітапхана тірі болса –
халық та тірі.
Ол өлсе – біздің өткеніміз бен болашағымыз да өледі"
Д. Лихачев
Бүгінгі күнде кітапхана – ақпарат
орталығы. Мектептің кітапханасы мектеп
негізі қаланған күннен бастап бар. Мұғалімдер
«Оқу үрдісіне көмек» деп аталатын көрмеде жаңарып, көрсетіліп отыратын әдістемелік
жаңалықтармен, мерзімді басылымдармен таныса алады. Оқушылар олимпиадаға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалу
үшін кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін белсенді пайдаланады. Оқушылардың жыл сайын өтетін
кітапхана тәжірибесінде «Кітапхана достары» анықтама әдебиетімен, тізбелермен,
картотекалармен дағдыланып жұмыс істеуіне мүмкіндіктері бар.
Кітапхана – бұл 6 орынға арналған абонемент және оқу залы. Оқу
залында жасөспірімдерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған мерзімді
баспалармен танысуға болады. Мектеп кітапханасы түрлі кітаптар қорымен
орналасқан. Жалпы қор - 45238 дана, кітапханалық қор - 28743
дана, оқулықтар – 16495, дисктер- 467. Барлық
оқушы- 348, соның ішінде кітапханаға жазылғандар- 562 оқырман (мектеп
қызметкерлерімен бірге). Көркем әдебиет классикалық шығарма түрінде де,
заманауи, шетел әдебиеті және қазақ авторларының шығармаларымен де ұсынылған. Кітапхана –
білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға,
әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана
– ғылым отаны. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға
апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани
демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылым жұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!! Кітапхана – басқа әлемге
апаратын жол. Әрі, мұндай әлем өте көп, әрқайсысы мұнда өз әлемін табады. Бұдан
басқа ол таусылмайтын білім көзі. Кітапхананың бары қандай керемет! Кітапхана –
сүңгіп, барлық мәселелерден арылатын білімнің үлкен дариясы! Адамзат
баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол
ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап
адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит
Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған
әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен
парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл
сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол
себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос
бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі
кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы,
жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым
саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.
Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен
өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі
құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін,
естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын
ашып, ғажабын танып біле алады.
Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы
ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын
тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.
Мектеп кітапханасы – бұл ақпарат және рухани, адамгершілік-зиялылық,
эстетикалық даму орталығы. Жақсы кітапханасы жоқ мектеп білім беру және тәрбие
қызметін жоғары деңгейде атқара алмайды.
Родина орта мектебінің кітапханашысы
Фазылова С.А.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.