№ 38. Тақырыбы: Сақтандырғыш рең
Мақсаты:
Жәндік тіршілік сақтандырудағы бүркеніш, қорғаныш, сақтандырғыш
реңнің маңызы салыстырмалы сипаты
туралы алғашқы түсінік беру. Өмірде көрген білгендерін
толықтырып, дамыту.Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер бунақденелілер
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, талдау, түсіндіру,
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бүркеніш рең , тізбектей оқыту, мазмұндату.
ІІІ. Білімдерін тексеру: Бунақденелілерге нелер жатады? Сурет бойынша бұл не? Ойынын
ойнату. Жануарлар-өсімдік, жануарлар-жануарлар қарым-қатынасы туралы ұғым.
Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар.
Бунақденелілердің табиғаттағы маңызы.
Сергіту сәті.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сақтандырғыш рең
Ү. Жаңа сабақ:а/ Жаңа сабаққа берілген мәтінді оқып,
проблемалық сұрақ қою арқылы мазмұнын түсіндіру. / Негеш энциклопедиясын
қолдану/. ә/ Мәтінді іштей оқыту.Тізбектей
оқыту.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Ошаған көбелек құстардан қалай қорғанады.
/Қанатын жинап ағаштың бұтағына қыстырылып қалады/ оның қанатының асты басқа
түсті.Ал кейбіреулері жасыл жапыраққа ұқсайды. Ал кейбір көбектер қанатын жайып
жіберіп, гүлге қона қалғанда, гүлден айнымай қалады. Қарашыбын қалай қорғанады?
/қарашыбын кенеттен түрленеді. Үсті түкті,арадан аумай қалады./ Қанқызының үсті толған ноқат, қып-қызыл ол
қалай қорғанады? Денесінде тиген жерін күйдіретін сұйық зат бар. Оны қауіп төнген
кезде шығарады. Аузын күйдіретіндіктен құстар оны жемейді. Бұның бәрі –
сақтандырғыш рең. Көбелек пен шегіркелердің аталған бейімділігі бүркеніш рең
деп аталады.
ҮІІ. Сабақты бекіту.Біз бүгін не білдік? Бунақденелілер өз
жауынан қалай қорғанады? Табиғат туралы мақал-мәтелдер айту. Сабақты қорыту,
бағалау.
ҮІІІ .Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.