Қазақ тілінен бақылау жұмысының жинағы 5 сынып
Мақсаты:
- Бастауыш сыныпта алған білімдерінің деңгейін
байқау, жалпы сауаттылығын тексеру.
- Мемлекеттік стандарт талабына сай
оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкестік деңгейлерін анықтау.
Сауаттылығы
бойынша:
- Оқылған мәтінді тыңдау арқылы түсініп, сөйлемдерді емле
және тыныс белгілерінің ережелеріне сай сауатты жазу дағдыларын тексеру.
Грамматикалық
тапсырмалар бойынша:
-
Сөйлемнің негізгі мүшелерін таба білулерін тексеру.
І. Жатжазу
Күн шайдай ашық , жылы еді. Аспанда шөкімдей бұлт
жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың
иірім-иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай.
Қайың мен
терек ағаштарының жапырақтары сарғая бастаған. Хамит осы орман ағаштарының
ішінен ескілеу жолмен жүріп келеді. Ол төңірекке қарап, қалың жылқысынтүстеп,
түгендеген жылқышыша ағаштарды аралап
келеді.
Қызыл ала,
жасыл түсті далалар, көкорайлар солып бурыл тартқан. Көк жасыл ормандардың
жапырақтары селдірей бастаған. Ормандар да, дала да, жан-жануарлар да – бәрі де
солғын тартып, күзге салымғы күнге жай ғана шуақтап тұрған тәрізді.
ІІ. Тапсырма
- Мәтінге ат қой.
- Мәтіндегі қос сөздер мен біріккен
сөздерді теріп жаз.
- «Күз бейнесі» тақырыбы бойынша шағын
ойыңды жаз.
Қазақ тілінен өздік жұмыс
Тақырыбы: Әдеби тіл және мәтін
Мақсаты: Оқушылардың осы тақырып бойынша
алған білімдерін пысықтау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сөзден
әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға, мәселен, түрлі
зат керек. Жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй
де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шықпақ.
Сөзден
құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Үйдің түрлі
болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты,
әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің
тізілуінен. Рас, әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме
айтушының пікірлеуінде. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де
соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай,
пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып
шықпақ.
Тапсырма:
- Мәтінге ат қойыңдар.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
- Мәтіннің түрін анықта.
- Мәтіннің құрылысы.
- Мәтіннің жазылу формасын анықта.
- Мәтіннің анықтамасын жаз.
- Өзің мәтін құрастыр.
5
Қазақ тілінен І тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты:
- І тоқсанда алған білімдерінің
деңгейін байқау, жалпы сауаттылығын тексеру.
- Мемлекеттік стандарт талабына сай
оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкестік деңгейлерін анықтау.
Сауаттылығы
бойынша:
- Оқылған мәтінді тыңдау арқылы түсініп, сөйлемдерді емле
және тыныс белгілерінің ережелеріне сай сауатты жазу дағдыларын тексеру.
Грамматикалық
тапсырмалар бойынша:
-
Синонимдерді, омонимдерді, көп мағыналы сөздерді білу, айыру біліктерін
тексеру;
-
Лексикадан алған білімдерін қолдану біліктіліктерін тексеру.
І. Терме жатжазу
Бетіндегі күлкі, қуаныш ізі тез арада ғайып болды. Әжемнің
жүзінен ерекше сұс аңғарғандай болдым. Ашулы түрімнен қаймықты. Мынау Жайық
сәл-пәл үлкендеу. Арал Жайыққа қарағанда зор. Екеуі бір жылы туған. Екеуі де
шашы сарғыш, қой көз, дөңгелек бет, қыр мұрынды сүйкімді ғана балалар. Сен
көңілін сұрап барсаң, әжең ауруынан тез айығады. Адам қайда жүрсе де, еңбегімен
елеулі, қызметімен қадірлі.
ІІ.
Тапсырма
І
деңгей:
1) Мәтіндегі синонимдерді теріп жазу.
2)
беті сөзімен тіркес жасау арқылы көп
мағыналы сөз жасау.
ІІ
деңгей:
- Жүз сөзімен мағынасы омоним
болатындай сөз тіркестерін жасау.
- Лексика дегеніміз не?
ІІІ
деңгей:
Лексикадан өткен материалдарды қамту негізінде «Шебер
ағай» атты мәтін құрастыру.
Қазақ тілінен
тақырыптық бақылау жұмысы
Мақсаты:
- «Сөз және мағына» тақырыбы бойынша
алған білімдерінің деңгейін байқау, жалпы сауаттылықтарын тексеру.
- Мемлекеттік стандарт талабына сай
оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкестік деңгейлерін анықтау.
Сауаттылығы
бойынша:
- Оқылған мәтінді тыңдау арқылы түсініп, сөйлемдерді емле
және тыныс белгілерінің ережелеріне сай сауатты жазу дағдыларын тексеру.
Грамматикалық
тапсырмалар бойынша:
-
Синонимдерді, омонимдерді, антонимдерді, тұрақты тіркестерді, эсфемизді,
көп мағыналы сөздерді білу, айыру біліктерін тексеру;
-
Лексикадан алған білімдерін қолдану біліктіліктерін тексеру.
І.
Терме жатжазу
Оның мына сөзі
төбемнен жай түскендей етті. Жаңағы өсіп тұрған көңілім су сепкендей басылды.
Жүрегім алып ұшты, ас батпады. Атайдың мына сөзі менің шымбайыма батты. Жоғарғы
адырлар жаққа көз тігеміз. Кер бие қазір де арықтағы суға бас қойды.
ІІ. Тапсырма
- Мәтін ішіндегі тұрақты тіркестерді
тауып, мағынасын жазу.
- Арық сөзін омоним етіп көрсету.
- Ас сөзі бойынша синонимдік қатар
құру.
- Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған
сөзді табу, ол сөздің антонимін табу.
Ақыл
– дос, ашу – ... Қыс
азығын ... жина.
Дұшпанға
тастай қатты бол, Жолдасы жақсы
жолды болар,
... балдай тәтті бол. Жолдасы ... қолды болар.
- Эвфемизм мен дисфемизм екенін
анықтау:
өлді , мылжың,
аузы жеңіл, құлағының мүкісі бар.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.