Черчение. Сабақтың тақырыбы: «Киіз үй»
07.01.2015
2171
954
Барменбаева Бекзат Олжабаевна
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік
Оқушыларды ұлттық сәулет өнерімен таныстыру, кеңістік қиялын, графикалық қабілетті және құрастыру қабілеттерін дамыту.
ІІ Дамытушылық
Оқушылардың назары мен бақылау қабілетін дамыту, қол саусақтарын бейімдеу.
ІІІ Тәрбиелік
Адамгершілік, көзқарасты, негізгі тұлғалық сапаларды қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, практикалық жұмыстар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: меңгерген білімдеріне шолу жасау.
Құрал жабдықтар: картон парақ, ермексаз, таяқша, сурет дәптер, карындаш.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.
А) оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу
В) Сынып тазалығын,оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
С) Жаңа сабаққа оқушылардың назарын аударту.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Барлық оқушылардың үй жұмысын толық, дұрыс, түсініп орындалуын анықтау.
Сынып жұмысын аяқтап келгендерін тексеру.
Өзектілеу кезеңі: Сабақ мақсатын анықтауда оқушылармен бірлесе іс-әрекеттерді кірістіруді қамтамасыз ету.
Жаңа сабақты оқып білу кезеңі: Оқушының оқу материалын қабылдауын, түсінуін, алғашқы есте сақтауын қамтамасыз ету.
Кереге
Уық
Шаңырақ Сықырлауы
Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды.
Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісін, қысқалауын – балашық, ең қысқасын – сағанақ деп атайды.
Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.
Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.
Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кеғреге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.
Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.
Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз – қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.
Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады.
Жаңа сабақты бекіту кезеңі: өзіндік жұмыс жүргізуге қажетті оқушылардың білімі мен іс-әрекет тілдерін бекітуді қамтамсыз ету.
Сұрақ – жауап арқылы бекіту.
1. Ою - өрнектердін түрлерін атаңыз?
2. Өсімдік тәріздес ою – өрнетерге қандай өрнектерді жатқызамыз?
3. Өзіндік жүмыс: өрнек салып олардын қандай түрін салғаның айтып беру.
Тірек сызба құрастыру
Киіз үй Қолөнер
Үй тапсырмасы: Оқушыларға үй жұмысының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
Пластелинмен рельеф жасап келу.
Рефлексия кезеңі: Оқушының жеке көңіл-күй жағдайын, іс-әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
-Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма?
-Бүгінгі сабақ бойынша қандай әсер алдыңдар?
Оқушылардың білімін бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.