ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ САБАҚ ТАРЫНДА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Халықтық тәрбиенің тәжірибелерінен тыс
жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ.
К.Д.Ушинский.
"Этнос” (грек тілі) халық деген сөз, ал
этнопедагогика – халық педагогикасы.
Этнопедагогика
– тек халық даналығы, халықтың ойы тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы
ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.
Белгілі
жазушы, қоғам қайраткері Ш.Айтматов: ”Өзінің және басқа халықтың даму тарихын
білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қане өмір
сүреді” деген.
Қазіргі
таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс –
қылықтардың етек жаюы – халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі
екені даусыз.
Жас ұрпақтың
санасына батыстық құндылықтар мен нормалардың, тұрмыс – салт үлгілерінің ықпал
ете бастағаны да жасырын емес.
Академик
Г.Н.Волков: ”Батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың
жолын қарастырыуымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде
қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық
педагогика болмақ” – деп тұжырымдайды
|
|
МІНДЕТТЕРІ: ·
Халық
педагогикасының элементтерін қолдануға қолайлы жұмыс түрін ұйымдастыру; ·
Керекті
материалды іріктеу; ·
Қазіргі заман
оқыту технологияларын тиімді қолдану; ·
Этнопедагогика бойынша
көрнекі құралдарды қолдану; ·
Өз іс – тәжірибең
бойынша әдістемелік нұсқалар жазу |
МАҚСАТТАРЫ: ·
Қазіргі заман
талабына сай азаматты тәрбиелеу; ·
Ұлттық намыс,
қадір – қасиет тәрбиелеу; ·
Қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеу; ·
Басқа халықтың
салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын
сыйлауға тәрбиелеу |
Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ
ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте замандағы
ата-бабалар салт-дәстүрмен сабақтастыра тәрбиелеу- қазіргі күннің өзекті
мәселесі.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің
тәуелсіз, әрі тегеурінді, терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі болуы керек. Ол
мемлекеттің экономикалық, қорғаныс қабілеттерін күшейтері анық.
Жас жеткіншектерді ұлтын, елін шексіз сүюге
тәрбиелейтін бірден бір құрал,оқу тәрбие ісіне қазақ халқының этнопедагогикасын
сәтті ендіру болып табылады.
Халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер
жиынтығы ғұмыр бойы жинақтаған тәжрибелерінің қорытындысы. Оларға талай
ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Сондықтан қазақ
халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен
асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні
әрқашанда адамзат баласына нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім
беру саласының алтын желісі болып отыр.
Көшпелі елдің барлық тіршілік болмысы
табиғатта және табиғатпен бітене қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір
сүруге бейімделген олар өзі мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін
танып,біліп сол кеңістіктегі құрбыластарды уақыты мен зерделеуге, теңдестіруге,
пайымдауға машықтанды.
Ертедегі қазақ халқы қоршаған ортаның
бір-бірімен оқшау тұрған заттар мен құрбыластардың ретсіз жиынтығы емес,
тұтастай байланысты бірліктегі дүние деп таныды.Табиғат заттар мен ондағы
журетін құбылыстардан тұратынын пайымдады. Табиғат туралы қазақ халқында оның
кеңістік укақыттық мөлшері жағынан біркелкі және жалпы заңдылықтары бар екенін,
ондағы заттар мен құбылыстардың (реакция) мәңгі әрі шексіз екендігі бойынша
дүниетаным қалыптасты.
Дүние тану ата-бабаларымызда алғаш дайын
тұрған материаларды, құбылыстарды танып, білуден басталады. Бұл кез адам санасы
дамуының төменгі сатысында тұрған шақ еді. Мыңдаған жылдар өте келе көшпелі
өмір кешкен бабаларымыз тіршілік барысында практикалық іс-әрекеттің нәтижесінде
жаңа заттардың қасиетіне үңіле түсіп, құбылыстардың сырын аша білді.
Адамзат баласының даму
эволюциясына байланысты дүниетаным деңгейі де өсіп күрделене түседі. Өйткені
адамның дүниені тануы табиғат туралы білімдердің жиынтығының сол кездегі өмір
сүрген қоғам арасындағы байланысты негізінде өрбиді. Адамның ой-өрісі өзін қоршаған
табиғат, ондағы құбылыстар туралы білімдерді неғұрлым толыққан сайын,
дүниетаныы да соғұрлым байып тұрақтанады.
Тарихи зерттеулер тас дәуірден бері өмір
сүріп келе жатқан қазақ халқының арғы ұрпақтарының малмен, егіншілікпен
айналысып, жартылай көшпелі өмір сүргенін дәлелдейді. Тіршілік ету барысында
осы аталған кәсіптің барлығында да еңбек құралдары қажет болды, әрі олардың
сапалы болуына да мән берілді. Көшпелі өмір салтын үнемі көшіп жүруге ыңғайлы
тұрмыс бұйымдарының формасына әсер етті, яғни бұйымдар көбіне дөңгелек шар
тектес не түбі жалпақ болуы керек болды Мұндай пішіндер дала көшпенділері үшін
қолайлы болды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.