Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері 8 - сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері
Шығарма (жазба жұмысы) әдеттегіше төмендегідей бес түрлі талап
тұрғысынан бағаланады.
- Шығарманың
мазмұны, ой тереңдігі – 10 балл.
- Оқушының
әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 балл
- Шығарманың
жазылу стилі – 10 балл
- Емле –
10 балл
- Тыныс
белгілері, пунктуация – 10 балл
Жазбаша турдан (шығармадан) оқушы 50 баллға дейін жинай алады.
Екінші ауызша турда оқушы екі сұраққа жауап береді және сөйлем талдайды.
Бірінші және екінші сұрақтар 10 балдық
жүйемен бағаланады. Cөйлем талдауға – 10
балл беріледі. Бұл кезеңде оқушы барлығы – 30 бал жинай алады.
Ескерту: Оқушы екінші турдың сұрақтарына нақты жауаптар мен мысалдарын
жазып өткізуі керек. Теориялық ұғымдарды кім зерттегені, зерттеудің аты, оқулық
беті көрсетілсін.
Аудандық олимпиадада оқушы ең көп
дегенде 80 балл жинай алады. Олимпиаданың келесі турына оқушылар жинаған балына
қарай іріктеленіп алынады.
Қазақ тілі мен әдебиеті
( Қазақ мектептері үшін)
8 - сынып
Шығарма тақырыптары:
1. Адамзат тудырған
алып тұлға (ұлы Абайдың туғанына
165 жыл толуына).
2. Асыл мұра (Ежелгі дәуір әдебиеті).
3. Елордасы – Астана..
1. Ілімге толса көкірек... (Майлықожа толғауынан).
2. Ақын және аққу (М.Мақатаев шығармашылығынан).
3. Менің сүйікті кейіпкерім.
(Шығармаға – 50 ұпай)
1- билет
1.Орхон ескерткіштері.
2.Сөйлем.Сөйлемнің түрлері.
3. Морфологиялық талдау
жаса.
Түркілердің ежелгі мекені – Орхон өзенінің аңғарынан табылған.
2-билет
1. Қорқыттың нақыл сөздері.
2.Сөйлем мүшесі дегеніміз
не?Сөйлем мүшесі болудың негізгі белгілерін айт.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Жалған сөз бұл дүниеде
болғанша, болмағаны игі.
3-билет
1.Ахмет Йасауи (ХІІғ.) кім? Өмірі туралы не білесің?
2.Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш. Дара және күрделі бастауыш.
3.Морфологиялық талдау.
Шығыс жаққа қараған терезенің алдына
қос тізерлеп, екі шынтағын тізесіне
салып, иегін қолдарының үстіне қойып
Абай отыр.
4-билет
1.Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
- Жалқау болсаң, балалар, жаман
болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін. Авторы кім және ол туралы не
білесіз?
2.Анықтауыш. Күрделі анықтауыштың жасалу жолдары.
3.Сөйлемге лексика - грамматикалық талдау жаса.
Қонақтар жаудың алысқа шегініп кеткенін естіді.
5-билет
1.Абайдың өлеңге, поэзияға қояр талаптарын ата. Сен оны қалай түсінесің?
2.Құрмалас сөйлем, оның түрлері.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау
жаса.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.
6 –билет
2.Салалас құрмалас сөйлем.
3. Морфологиялық талдау жаса.
Бақтығұлдың есінде сайрап
тұрған нелер арманды, өксікті күндер
бар.
7 -билет
1. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр»поэмасындағы Мамыр образы.
2.Сабақтас құрмалас сөйлем..
3.Менің айтайын дегенім...
Түсініктемесі.
Өмірде,
қоғамда болып жатқан құбылыстар мен түрлі оқиғалар жөніндегі өзіңді толғандырып
жүрген бір мәселе төңірегінде өз көзқарасыңды білдір
(Билеттің әр сұрағы 10
ұпай, сонда барлығы 30 ұпай)
(Барлығы 80 ұпай).
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.