Үш тілді білім берудің маңызы
26.03.2019
813
394
Сагидуллина Асем Тулегеновна
Үш тілді білім берудің маңызы
Мемлекетіміздегі қазіргі тілдік жағдай бізге үш тіл бірлігі туралы айтуға мүмкіндік береді.Қазақ тілі – бұл қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті.Орыс тілі- халықаралық қарым-қатынас тілі.Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға кіру құралы.
Қарқынды өзгеріп жатқан әлем білім беру жүйесін жаңғыртуды талап етеді. Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мектепте оқушыларға көптілді білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өтеді.Полимәдениетті тұлғаны қалыптастыруда мектеп маңызды рөл атқарады.Білім беру жүйесі мектеп түлегінің бәсекеге қабілетті,дүниетанымы кең,тек қана техниканы қолдана алатын тұлға емес,сөз мәдениетін де меңгерген тұлға болуды көздейді.
ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ. Елбасы білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан , оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Қазақстан тұрғындары үш тілді қатар қолданып, яғни қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі –халықаралық тіл ретінде, ағылшын тілі - әлемдік экономиканың жетістікті интеграция ретінде, жоғары білімді елдер қатарында қабылдауы тиіс»,- деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан елбасымыздың Қазақстандықтарың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде,орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын.
Көптілділік-мен үшін президентіміз қойған және әрбір ұмтылуы тиіс жоғары мақсат қана емес. Сонымен қатар "көптілділік" ұғымы мен үшін мұғалім ретінде,кейбір кәсіби аспектілермен толықтырылады. Атап айтқанда:
- Сабақтарымда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру, кіріктіру;
-Үш тілді меңгеру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
-Толеранттылық тәрбие беру.
Қазақ,орыс,ағылшын тілдерін меңгеру – қазіргі біздің қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналды.Мектеп деңгейінде үш тілді меңгеруге болатынына түлектеріміздің көзі жетуі керек.Әрине,мектеп бітіргеннен кейін шет тілінде кәсіби деңгейде сөйлей алатынына күмәніміз болуы мүмкін,дегенмен қарапайым деңгейде қарым-қатынас жасап,өз ойын жеткізе айта алатын деңгейде үйрету әбден мүмкін.
Еліміздегі қазіргі тілдік жағдайды - тілдің үш тұғырлығы қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюының факторы ретінде қарастыруға болады.Жүргізіліп отырған тілдер саясаты,еліміздің әрбір азаматына өзі қалаған тілде білім алып,өзінің шығармашылық қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.