дүниетану пәнінен сабағы "Адам және табиғат"
2-САБАҚ.
Адам және табиғат
Сабақтың
мақсаты: 1. экология
және адам өміріндегі оның рөлі туралы ұғым қалыптастыру; оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру. 2. қорытынды шығару сияқты зерттеу
жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.3.Табиғатты
сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: «Экология»,
«эколог» сөздері жазылған
кестелер; балалардың топсеруен барысында салған суреттері; қарындаштар және жұмыс дәптері.
Әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу.
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың
барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық
дайындық.
«Табиғат»
сөзіне топтастыру жасау.
Денсаулық емделу ауа тамақ
демалыс |
жануарлар |
су өсімдіктер киім жәндіктер баспана
Оқушылар
«тірі және өлі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады.
Жаңа
тақырыппен жұмыс.
Оқулықтағы
мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу. Тақтаға сурет ілінеді.
- Суретте
нелер бейнеленген? Не байқадыңдар?
Оқушы жауаптары:
-
Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген
құс, балықтар.
-
Зауыт бейнеленген. Зауыттың мұржаларынан қара түтін будақтап
шығып жатыр.
-
Сынған ағаштар. Бүлінген табиғат.
Мұғалім:
-
Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу
керек?
-
Табиғатта бүлінгендерді қалпына келтіру керек. Ағаш отырғызып, гүлдер өсіру керек. Жануарларға қамқорлық
жасау керек. Қоқыстарды өзен-көлге
төкпей, арнайы коқыс төгетін жерлерге
төгу керек.
Тақтаға
«экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді.
Оқушылар
экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды толықтырады.
- Экология
– тірі табиғаттың ортасы мен
байланысын зерттейтін ғылымның бір
саласы. Эколог - табиғатты бүлінуден сақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі).
Оқулықтағы
мәтінмен жұмыс.
Экологиялық
ережелермен жұмыс. Оқушылар экологиялық ережелерді толықтырады.
Осыдан
кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерін тақтаға іледі, сурет бойынша қорытынды
шығарады.
Бақылау
күнделігімен жұмыс.
Сабақты
қорытындылау.
-
Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола
аламыз ба?
-
Өзен-көл мен теңіз, мұхиттарда балықтар қырылып, құс, жәндік, жануар, өсімдіктер жойылып
кетпеуі үшін не істеу керектігін
естеріңе түсіріңдер. Бұған
кім кінәлі?
- Жер планетасы үшін сен қандай жақсылық істер едің? Сабақ соңында оқушылар табиғат, табиғат құбылыстары туралы білетін өлеңдерін оқиды. Мәселен:
Жау, жау, жаңбыр,
жау жаңбыр!
Жау, егіннің көгі
өссін!
Сұлудай бұраң құракты,
Айдын шалқар көлі
өссін!
Ой мен қырдың шалғыны
Жатқан малды жасырсын!
Табиғаттың көркіне
Таңғалып, жан бас ұрсын!
Б.Майлин
Үйге тапсырма беру. Адам және табиғат – мәтінін оқып,
мазмұндау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.