Сыныптан тыс шара "Тапқыр достар" 2 сныпы
Сабақтың мақсаты:Білімділігі:оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы,олар жөнінде мағлұматтар беру.Құстарғақамқор болуға,аялауға үйрету.
Дамытушылығы:құстар туралы ой-өрістерін,түсініктерін
дамыту.
Тәрбиелігі:Отанын,жерін,орманын,көлін,табиғатын сүюге
баулу.
Көрнекілігі:құстардың
суреттері.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру.
«Ақ көгершін»әнін
орындау
Сынып оқушыларды үш топқа бөлінеді.Жарыстың шартымен
таныстыру.
1-топ« Қыран »
2-топ «Лашын»3-топ «Аққу».
Жарыс шарттары.
1.
«Сәлем сөздің
анасы».Әр топ өздерін таныстырады.Әділқазылар өздерін сайланады.
2.
Мұғалім:Ал,балалар,енді
жарысымызды бастаймыз.Алғашқы шартымыз бойынша әр топ өздерін таныстырады.
3.
«Қыран»тобы:
4.
Көгінде
қалықтаймыз,қырандаймыз,
5.
Тәуелсіздік болсын
деп ұрандаймыз
6.
«Құстар біздің
досымыз» деп қуантып ,
7.
«Қыран»тобы алға
озбай,тұра алмаймыз.
8.
«Лашын»тобы.
9.
«Лашын»тобы келеді,қарсы алсаңыз,
10.
Жеңіс қолда болсын
деп жар салыңыз
11.
Жанашыры
құстардың бәрі осындай,
12.
Өнеріне
олардың тамсаныңыз
13.
«Аққу тобы»:
14.
Аққудай көл бетіне
қалықтасын
15.
Әнұраным көгімде
шарықтасын
16.
«Аққу»атты
тобымның жұлдыздары
17. Құсқа қамқор болудан жалықпасын!
Мұғалім:Ертеде жоңғар шапқыншылығында ел жерінен босып қаша жөнелген кезде Төле
бидің үйін жықпай,жұртқа отырғанын көріп,қалмақтың әскербасы оның себебін сұраған
екен.Данышпан ата шаңырағына қарлығаштың
ұя салып балапан шығарғанын және сол
қызылшақа балапандарды қырып алмау үшін үйін жықғанпай отырғантын айтады.Мұны
естіген әскербасы ақсақалдың адам баласы сүйсінер қасиетіне разы болып,оның
өзіне де, қарлығаш балапандарына тимеген екен деген аңыз бар.Сондықтан Төле би
атаны қастерлеп, «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би»,деп күні бүгінге дейін
құрметтейді.
2. Ой қозғау стратегиясы.
Жарыстың бұл кезеңіндегі сұрақтар беріледі.Әр сұраққа
толық,нақты жауап беріп отырған топқа 10 ұпай қосылады.
Қазақстанымыздың туының түсі қандай?
Құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшып келеді?
Орманның емшісі.
Көктемнің екінші айында ұшып келетін құс.
.....................атпа!Досыңды сатпа.
«Мақал сөздің мәйегі»,мақал-мәтел айтудан жарыс.
«қыран»тобы.
Құс птшасы-бүркіт
Аң патшасы –арыстан
Көліне қарай қазы
Қысына қарай жазы.
«Лашын»тобы
Қаз келсе,жаз
келер
Қарға келсе, қатқақ болар
Бөдененің үйі жоқ,қайда жүрсе бытпылдақ
Ақсұңұардың баласы
Алдына қарай ас жемес
«Аққу»тобы
Сақ қарға сағағыңа ілінер
Құсты алғанынан,салғаны қызық
Құсты алғанынан
,салғаны қызық
Құзғын ас талғамайды.
Ән «Құстар қайтып барады».
Жұмбақтың
шешуі.
«Қыран
тобы».
Жайнаған бақтың әншісі
Тамсанған оған бар кісі( бұл-бұл)
Көл бетіне қалқиды
Мақтасындай үйілген
Үні әсем сан қилы
Су бетін сызып
Ақ құман жүр жүзіп (Аққу)
Түсі қара
мақпалдай
Мойны ақ сұр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көкте жұлдыз аққандай.(қарлығаш)
«Лашын»тобы.
Тұмсығында ауы бар
Бұл қай құс тауып ал(бірқазан)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның
мекені
Жаздай сайран салып ақ
Қыста алысқа кетеді(қараторғай)
« Аққу»тобы.
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға етіп
Тоқ,тоқ соғады.(тоқылдақ)
Бір құс
үлпілдеген жүні жұмсақ
Тұяғы бейне болат алмас пышақ
Тұмсығы имек,көрмейді күндіз көзі
Шарықта көкті
кезіп түнде ұшар.(үкі)
Өлеңнің
ұйқасын табу.
Жарысымыздың соңғы шарты бойынша әр топ өлеңін ұйқасын
табу.
«Қыран»тобы.
Тастан тасқа
секіріп
Жем тереді ................(кекілік)
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді (шымшық)
«Лашын»тобы
Шабақ аңдып жағада
Шарқ ұрады(шағала)
Үні ғажап дүл-дүл
Бақта сайрар ......(бұл-бұл)
«Аққу тобы»
Орыннан орынға ауысқан
Ұшқалақ қара ала.....сауысқан
Құстардың
пайдасы туралысұрақ-жауап)
Мұғалім:Құс –табиғат,өмір-көркі.Халық шебер әншісі
бұл-бұлға,ардақты азаматын. сұңқарға,қас сұлуын аққуға теңегендер.Ертеде байлар
мен патшалар, хандар,бұлбұлды бағында
сайратып,тотыны үйінде ұстаған,аққуды көлінде жүргізген.Құс барлық пен
байлықтың,әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.Ал балалар бүгінгі сайысымыз
сендерге үлкен ой салды.Құстармен дос
болып,оларды өз қамқорлықтарына алып
жүріңдерыт.
Қорытынды:Әділқазылар сайыс қорытындысын шығарып жеңген топты марапаттайды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.