Оқу қызметінің ұйымдастырылған технологиялық картасы МАД топ. Тақырыбы: Түйе жайылып жүр.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Мақсаты:
Білімдік: әдемі түйенің мүсінін ермексазбен жасай білу
әдіс-тәсілдерді үйрету.
Дамытушылық: есу, шымшып созу, домалақтау әдістерін меңгеру
ептіліктерін, түстерді дәл таңдай білу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік: үй жануарларына күтім жасауға, қамқорлық болуға тәрбиелеу,
еңбекке баулу.
Көрнекіліктер: сюжетті сурет, DVD,
үнтаспа, №1 жұмыс
дәптері.
Қажетті құрал-жабдыктар: ермексаз, тақтайша,
су құйылған ыдыс сүрткіш.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әнгімелесу.
Сөздік жұмыс: шұбат, өркеш.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: өлең мәтінін дайындау.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларға үнтаспа арқылы төлдердің даусын тыңдатамын. - Балалар, төлдердің даусын естеріңе түсірдіңдер ме? «Төлдерді қалай шақырады?» ойыны. - Кәне, айтыңдаршы, қой қозысын қалай шақырады? - Ешкі лағын қалай шақырады? - Жылқы құлынын қалай шақырады? - Түйе ботасын қалай шақырады? - Сиыр бұзауын қалай шақырады?
|
Балалар үнтаспадан естіген төлдердің даусын ажыратады. Балалардың жауабы. - Пұшайт-пұшайт! - Шөре-шөре! - Құрау-құрау! - Көк-көс! - Ау-хау, ау-хау! |
Балаларға жайлауға саяхатқа шығуды ұсынамын, жайлау
туралы әңгімелесемін. -
Жайлауға барғанда
не көрдіңдер? Онда кімдер тұрады? Үй жануарларының суреттері ілінген немесе макеттері
қойылған үстел қасына келгенде, жайлауға жеткендерін хабарлаймын. -
Балалар, жайлауға
жеткенше шөлдеп қалдыңдар ма? -
Кім не ішкісі
келеді? - Үй жануарлары бізге қандай сусындар береді, білесіңдер ме? - Ал, балалар, сендерге жұмбақ жасырсам, шешесіңдер ме? Үстінде екі тауы бар, Кезікті бір жануар. Ол не? - Балалар, сендер түйенің бізге қандай сусын беретінін білесіңдер ме? Түйенің беретін сусыны шұбат деп аталады. Шұбаттың
адамдарға пайдасы көп екен. |
Балалар білгендерінше жауап береді. Балалар суреттерге қарап шығып, үй жануарларын
атайды.
-Иә. - Сүт ішемін. - Иә, сиыр сүт береді. Жылқы кымыз береді. -Иә.
- Түйе.
-Жоқ. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-
Ал, балалар,
дәптерлеріңде не бейнеленіпті, қараңдаршы. (Шағын әңгіме жүргіземін). Балалар, сендер мүсіндеуге дайынсыңдар ма? -
Балалар, түйенің түсі қандай болады? -
Түйені қандай түсті ермексазбен жасаймыз? Ермексазды 4-бөлікке бөліп дайындаймыз 1.
Түйенің денесін, мойнын жасаймыз. Ермексазды
алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз,осы бөліктен мойнын, өркешін
шымшып созу арқылы шығарамыз. 2.
Басы, тұмсығы, құлағы. Ермексазды шар тәрізді
домалактап, осы бас бөлігінен тұмсығын, кұлағын шымшып созу арқылы шығарамыз.
Ақ және кара ермексаздан көзін жасаймыз. -
Енді бәріміз сергіту сәтін жасап,
сергіп алайық. Балалармен бірге лақ болып шұнаңдап, қозы болып
ойнақтап, бұзау болып секіремін. -
Ал, балалар, сергіп қалсаңдар, түйемізді
мүсіндеуді жалғастырайық. Дайын болған
бөліктерді шымшып жапсыру аркылы түйенін мүсінін толықтырамыз. |
-Иә -Қоңыр. - Қоңыр түсті.
Қолдарын қозғап, төлдердің жүрісін салады Аяқтарын тыпырлатады, дауыстарын салады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Балалар, біз бүгін әдемі түйені мүсіндедік. Түйенің
пайдасы өте көп екен. Үйден аналарыңмен бірігіп мынадай өлең жолдарын жаттап
келіңдер (өлең мәтінін таратып беремін). Ең зор түлік
- түйемін, Тікенді шөпті сүйемін. Пайдалансаң, сүтім - шұбат, Дертке - дауа, жанга
- қуат. Қу тышқанга алдандым Жыл басынан ңұр ңалдым. (Қ.Қайым.) |
Балалар өлең жолдарын кайталап, жаттайды |
Күтілетін нәтиже:
Бітеді: жануарларды қарап, күтуді,
қамқорлықпен қарай білуді, мүсіндердің бір-бірінен айырмашылығын ажыратуды;
Игереді:
саусақтарымен жұмыс істей білуді, түйені мүсіндеуді;
Меңгереді: түйенің дене
мүшесін, өркешін, сусынының пайдалы екенін.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.