Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: "Жазғытұры"
«Құбылыс ретінде жаһанданудың жақсы жақтары да, кемшіліктері де көп. Адамдар және қоғам дүниежүзілік қауымдастыққа кірігуде өз жолын таңдаған кезде, олар идеалдағы және кемелденген даму үлгісіне әуестенбейді, өйткені ондай мүлдем жоқ. Тап солай біз, қазақстандықтар, өтіп жатқан жаһандану процесіне осы жол толық кемелденген болғандықтан емес, онда Қазақстан үшін теріс жақтары мен кемшіліктеріне қарағанда, жағымды жақтары мен артықшылықтары көбірек болғандықтан сүйене отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа кірігуде өз жолымызды таңдаймыз».
(Нұрсұлтан
Назарбаев. Сындарлы онжылдық. – Алматы, 2003)
(сабақты ОҚУҒА ҮЙРЕТУ мақсаты бойынша модельдеу )
ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 20-шы
сессиясымен қабылданған анықтама бойынша білім деп тұлғаның қабілеттері мен
құлықтарының жетілу үрдісі мен нәтижесі, оның сол үрдісте әлеуметтік ересектік
және жеке өсуіне жетуді түсінеміз.
Білім сала ретінде тұрғындардың білімдегі
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамның кадрлық әлеуетін жаңғырту мен
дамытуға баағытталған білім қызметін жүзеге асыратын мекемелер, ұйымдар,
кәсіпорындардың жиынтығы болып табылады. Білімнің педагогикалық үрдіс ретіндегі
басты мақсаты, оның миссиясы азаматтың тұлға, қызметкер, азамат ретіндегі
құндылықтарын арттыру болып табылады.
Білім жүйесінің компоненттерінің бірі
ретінде білім бағдарламасы танылады. Ол ммлекеттік деңгейде бекітіледі және
білім қызметтерінің кешені болып табылады.
Жалпы білім бағдарламалары тұлғаның жалпы
мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны өмір мен қоғамға бейімдеудің негізгі
міндеттерін шешуге бағытталған.
Көптеген дамыған елдерде жалпы білім
беретін бағдарламалар заманауи қоғамда адам білімнің нақты деңгейін аяқтағаннан
кейін меңгеруі тиіс қасиеттер/құзыреттіліктер тізімін көрсетеді. Мұндай
бағдарламалар оқыту үрдісі мақсат қою, яғни жалпы білім беретін бағдарламада
көрсетілген мақсаттар негізінде жобаланатын құзыретті педагогика арқылы жүзеге
асырылады. Бұл жаһандану реалдылығымен, жоғары ақпараттық технологиялар
уақытымен, ғылыми прогрестің ашықтылығымен талап етіледі.
Өкінішке орай, кейбір елдерде жалпы білім
беретін пәндер бұрынғысынша қандай да бір мектеп пәні бойынша білім тізімін
көрсетеді және білім бадарламасында оқыту үрдісі көрсетілген мазмұнға негізделетін дәстүрлі
педагогика арқылы жүзеге асырылады. Бұл -
ескінің, жұрнағы, білім-мемлекеттік идеология мен саясаттың құралы
болды/болуда, ал білім жүйесі - жабық болды/болуда. Білім саясатында
европалық және әлемдік кеңістікке интеграциялауға бағытталған елдер білімдегі
түбірлік реформаларды жүзеге асырады. Реформалар жолында көптеген кедергілер
кездеседі, жаңа құндықтарға көшу қиынға соғады, ол мемлекеттік басшылары,
саясаткерлер, білімді басқарушылар деңгейінде де, заманауи мұғалім деңгейінде
де терең менталды өзгерістерді қажет етеді.
Берілген модульде мұғалімге мазмұны емес,
мақсат бойынша құрылған заманауи сабақты түсіну, ұғыну және практикаға көшіру
мүмкіндігін беру әрекеті жасалады. Берілген модульде сабақты бір мақсатпен
- оқушының «ОҚУ ІСКЕРІЛГІН»
қасиеті/құзыреттілігін қалыптастыру мақсаты бойынша жобалау қарастырылады (ақпарат:
ХХ ғасырдың соңында ЮНЕСКО оқыту үрдісінде қалыптасуы қажет, қызметкерге
қажетті 13 қасиетті анықтады; Европалық Біліктілік Стандарттары (2006) 8
базалық қасиет/ құзыреттілігін анықтайды).
Модульдің мақсаттары:
1. Мақсат
қоюға бағытталған заманауи сабақтың мәнін ұғыну
2.Сабақты қойылған және жеткен мақсаттар
призмасы арқылы талдай алу
3.Сабақты қойылған мақсаттар бойынша жобалай
алу.
4.Сабақты мақсат қою контекстінде
ұйымдастыра және жүргізе алу.
Педагогикалық практикада аффективті ортаны дамыту
үшін Кротвелл таксономиясы кең қолданылады.
Кротвелл таксономиясы 5 аффективті
категориялар мен 13 категория бөлімдерінен тұрады, олар оқу тапсырмаларының
базисі болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген кестеде таксономияның
әр категория бөлімі үшін әрекеттердің етістіктері мен операнттар берілген, олар
оқушының қандай да бір аффективті категориясын дамытуға бағытталған оқу
тапсырмаларын жобалауға көмектеседі.
Аффективті ортаны дамытуға бағытталған оқу
тапсырмаларын орындау үшін оқушы өз ракурсы мен аффективті стратегияларын
қолдануы қажет.
Когнитивті
ортаны дамытуға арналған оқу тапсырмаларын әзірлеуде барлық оқушылар
үшін 1.2 және 3 деңгейдің тапсырмалары міндетті болса, аффективті ортаны
дамытуға арналған оқу тапсырмаларын жобалауда барлық бес деңгей де міндетті
болып табылады.
Сабақтың мақсаты:
Ақынның табиғатты ауыл өмірімен бейнелеудегі
ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға
мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін
санада жаңғырту арқылы оқуылардың қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті
көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай
туғызу.
Сабақтың көрнеккілігі: Ақын портреті.
Сабақтың барысы:
1) Қызығушылығын ояту.
Абайдың бұрын өтілген, балалар білетін өлеңдерінен
бір-бір жолдан үзінді оқылады, ақынның өмірбаяны айтылады.
Оқулықпен жұмыс:
1) Өлеңді түсініп, іштей оқып қабылдау.
Сөздерді пайдалана отырып, бұл сөздердің мағынасын дәптерге жаз.
2) Өлеңді оқығанда көктем табиғатынан
құлағыңа қандай дауыстар естіледі. «Өрмекші» сызбасы түрінде ұсын.
3) Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер
болғанын талқылау. Осы өзгерістер қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай
жердің көтемін суреттеген? (дәлелдеу)
4)
Өлеңде
күн көзін ақын неге ұқсатады? (талқылау)
5)
Абай
аталарың көктемді сөзбен суреттеген, ал сендер көктемді сан алуан бояу тілімен
суреттей алар ма едіңдер? Көктемгі табиғат суретін салып толықтыру.
Сергіту сәті
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Жыршы құстар көп келді.
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел, балалар
Қарсы алайық көктемді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.