Сабақтың тақырыбы "Сын есім"
18.01.2017
1488
622
Наурызбаева Гулзира Табелгановна
Сын есім
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру, жалпы мағлұмат беру, сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; 2) түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың ой-қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштың қасиеттерін дамыту; 3) ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі. Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, тест сұрақтары, оқулықпен жұмыс, ойын элементтері. Көрнекілік: ойыншықтар, топшамалар, кесте, сөзжұмбақ, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік ту.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру. Балалармен амандасу. Сабаққа қатысуын тексеру. Сыныпты екі топқа (I топ – «Жүйріктер», II топ – «Зерделілер») бөлу. Екі топ бір-біріне сәттілік тілейді.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2. Зат есім деген не? Мысал келтір. 3. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір. 4. Зат есім тудырушы жұрнақтарды атап, мысал келтіріңдер. 5. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? 6. Жалқы есімдерге қандай атаулар жатады? 7. 123-жаттығу.
III. Жаңа сабақ. Кесте арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Сын есімнің маңызды белгілері:
1 Заттың түрін, түсін білдіреді. Ақ қағаз, көк сия, ссссұр бұлт.
2 Заттың көлемдік, аумақтық белгісін, сынын білдіреді. Биік үй, тар бөлме, түзу көше.
3 Заттың сапалық сипатын білдіреді. Жақсы сөз, сараң адам, тентек бала.
4 Заттың дәмін, иісін және басқа сипатын білдіреді. Ащы пияз, тұщы су, тәтті бәліш, жағымды иіс.
5 Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді. Тасты жер, балалы үй, көтеріңкі көңіл, малды ауыл.
IV. Жаңа сабақ бойынша жаттығу жұмыстары:
1. 129-жаттығу.
Терең сай: аумағын білдіріп тұр; тасыған өзен: іс-әрекетін білдіреді; қалың ағаш: салмағын не көлемін білдіреді, т.б.
2. 128-жаттығу.
I топ. «Жүйріктер»
II топ. «Зерделілер»
3. «Ойыншықтар дүкенінде». Топтың бір мүшесі сатушы, екіншісі тұтынушы болып, сын есімдерді қатыстырып диолог құру керек. Қалған мүшелері қолданылған сын есімдерді теріп жазып отырады. Қай топ көп сын есімді қолданар екен?
4. 131-жаттығу.
5. «Менің әжем» тақырыбына сын есімдерді қатыстырып, шағын мәтін жазу.
6. 127-жаттығу.
I топ: Ту, II топ: Елтаңба.
7. Топшамен жұмыс. Берілен мақал-мәтелдерге тиісті сын есімдерді қой.
1. .............. қария – ағып жатқан дария.
2. .............. бала - ........ бала, ...................... бала - ...................бала.
3. .............. бала ата – анасын мадақтар, ............... бала ата –анасын қақсатар.
4. Ең .................. де тіл, ең ................ ащы да тіл.
5. ............... достықтың өмірі .............. қысқа болады, ................... достықтың өмірі .............. болады.
6. ............... адам бірді жығады, ............... адам мыңды жығады.
Y. Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы арқылы білімдерін бекіту:
1. Сөйлемдегі сын есімді тап. Мен де қызық кітап оқыдым.
а) мен; ә)қызық; б)кітап; в)оқыдым; г)де;
2. Деректі зат есімдерді көрсет.
а)қиял; ә)көк; б)құй; в)адам; г)ақыл;
3. Дерекіз зат есімді көрсет.
а) қиял; ә) есік; б)кітап; в)әкел; г)қол;
4. Сын есімді тап.
а)қойшы; ә)күнделік; б)қызыл; в)ал; г)тау;
5. Туынды зат еімді тап.
а)айтыс; ә)он бес; б)бала-шаға; в)аяқ; г)көл;

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.