Эссе "Қазақстан халықтарының 20-жылдық Ассамблеясы"
Қазақ елі алғаш тәуелсіздігін алған уақыттан бастап міне 20 жылдан асып кеткен екен. Жарты ғасырдан астам орыс елінің құрсауында қалған елім міне аңсаған бостандығын алды. Оның құрамында болған ондаған халықтың қарасы саналы ғұмырыларын мызғымас елде өткізген Кеңес Одағы құлағанына сенбеді.Әрбірінің көкейінде «не істейміз?», «қалай күнімізді көреміз?» секілді сұрақтар мазалады.Осыған ұқсас туындаған сұрақтардың көптігі сонша, тіптен ең басты сұрағының көлеңкесінде қалды. «Қалай өмір сүреміз?» деген меніңше ең басты сауал секілді. Халықтың хал-ахуалы төмен жағдайда еді. Жартыжылдан астам еңбекақы, зейнетақыларын көрмеген, ас-нанын арнайы талон арқылы алу үшін ұзыннан-ұзақ сарыла кезектерін күткен таласып-тармасып жатқан халықты көрдік. Бұл Кеңес Одағының құлағаннан кейінгі көрінісі еді. Сол уақыттың қазіргі тілмен айтқанда сәнді сөзі «дефицит» деген пайда болды. Оның ішінде ел мен елге, ұлт-ұлтқа, діни көзқарастары бойынша бөлінушілік ұлғайып бара жатты.Осы аласапыран заманда егемен еліміздің алғашқы президенті болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан атты шаңырақтың астына бастарын біріктіре білді. Осының негізінде алғаш рет дүниежүзінде болмаған ерекшелігі көзге түсетін Қазақстан халықтарының Ассамблеясы атты қоғамдық институты іргетасын қалады.
20 жыл.Ол деген не?
Осы уақытта мектеп бітіріген түлек көзге елестейді. Ел үшін бұл уақыт қас пен көздің арасы сияқты өтіп
кетеді.КСРО құлағаннан кейін Қазақстан егемендігін алды, жері кең-байтақ болса
да қазақтармен қатар ол жерде 130-дан астам ұлт пен түрлі өкілдер бар.Не
болмақ? Нені күтуге болады? Сырт көзге Қазақстан екінші Ауғанстан немесе діни
соғысқа бас бұрған мемлекет болады, ол мемлекеттің ғұмыры қысқа екені даусыз
секілді ойлар айтылып, үрей туғызды.
Уақыт өтті. Ғаламтор мен теледидарды қосып қалсаң соғыс,
аштық жылдарында келген орыс, татар, неміс, ұйғыр тағысын-тағылар ұлт
өкілдерінің қазақ жеріне келіп, өз бақыттарына ие болғандарын айтып, бүгінгі
күнге дейін өз өмірлерін Қазақстанмен байланыстыратынын, өздерінің екінші Отаны
Қазақстан екенін бар дауыс пен зор мақтаныш сезіммімен айтып тұрғанын көресіз.Неге
бұлай? Себебі қазақ халқы еш ұлтты жат санамаған, аштық, соғыс болса да өз
бауырындай қарсы алып, соңғы нанымен бөліскен.Тар үйді 20 шақты адамға кең етіп
берген.Қалай дейсіз ғой? Бір ауыз сөзбен: «таршылық ештеңе етпес, бауырым,
көңіліміз сыйса болды». Бұл қазақ халқының дархандығындығының бір көрінісі.Ұлт
пен ұлтты ұйыстыра білуі ата-баба қанымен келгендігінде.Бұл Ассамблеяның басты
жетістігі деп білемін. Түрлі ұлттардың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын өз
көзіммен күнде көремін.Менің көшемде көптеген жылдар бойы украин, орыс, неміс,
татар, қазақ ұлттарының адамдары тұрады.Ес білгелі олармен көршіміз.Қазақстан
дегенде көз жанарларынан «менің елім» деген отты көздерін көремін.Қиын
90-жылдары бірге болған халықтардың еліме адал да ыстық ықыласын көремін.
Солардың бірі Фая апай. Таза қазақы иісі қонған, тілінен тек бал таматын, әрдайым «Отаным
Қазақстан» деп жүрегі соғатын бірбен-бір адам.Кішкентай ауылымызда елімнің
бірлігі үшін, тұтастығы үшін ол адамның жасар жақсылықтары ел ішінде мәлім.Тағы
бірі Байер Фердинанд.Көрші орналасқан көшеде тұрады.Неміс ұлтының өкілі.Осы екі
адамның жақсылығын айтсақ: кішкентай бүлдіршіндерге арнап балалар саябақтарын
жасатқан Фая апай, репрессияға ұшыраған боздақтарға арналған стеланың ашылуына
қатысқан Фердинанд Иосифовичтің айтқан сөздері қандай жалынды! Әр сөзінде еліне
деген ыстық сезімі көрінеді.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың құрған халықтар
Ассамблеясының басты жетістігі – осындай өмірлік институттан өткен халықтар
достығына еш сызат түспегенін, керісінше нығая түсетіндігін көреміз. Ассамблея
- біздің мақтанышымыз.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.