Разработка занятий по казахскому языку для младшего и среднего возраста
04.02.2015
3677
0
Жанайдарова Гульмиа Бексултановна
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күзгі мектептің қазақ тілінен бірінші сабағын бастаймыз.
Жаңылтпаштар
Көсе көсеге көсеу
көрсетті,
Көсе көсеге нешеу көсеу
Көрсетті?
Көсенің көсеге көрсеткен
Көсеуі – бесеу.
* * *
Циркте қонжық конжықты
он жықты,
Он жыққан қонжық
шоң мықты.
Он жығылған қонжық
көндікті.
* * *
Таудан тұман түсті,
Таудан Жұбан түсті.
Тұман түскен соң бір аң түсті,
Арқасы қылаң түсті.
* * *
Балтабай
Мал таба алмай жүр,
Баласы тал таба алмай
жүр.
Ағасы бал таба алмай
жүр,
Балтабай әлі мал таба
алмай жүр
Санамақтар
Тез тап!
БАС – біреу
ҚАС – екеу
ЖҮРЕК – біреу
БІЛЕК – екеу
МҰРЫН – біреу
БҰРЫМ – екеу
БАРЛЫҒЫ нешеу?
* * *
Екі бала көзін басты,
Бес бала тұра қашты.
Үшеуі сайға тығылды,
Екеуі ойға тығылды.
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап?!
* * *
НЕШЕ АЛМА?
Биік терек алда тұр,
Басында көп алма тұр.
Бұтақ сайын бес алма,
Бес бұтақта неше алма?
Кәне, ойлап бағайық,
Шешімін тез табайық!
Мақсат шешті мезетте:
- Алма өспейді теректе.
* * *
Жарқын аға да арғымақ құмар,
Зарқұм аға да арғымақ құмар.
Жарқын аға: «Торғыл ат арғымақ», - дейді,
Зарқұм аға: «Тарғыл ат арғымақ», - дейді.
Торғыл ат та арғымақ,
Тарғыл ат та арғымақ.
* * *
Үйдің іші шаң-шаң,
Үйде отырған шал шаң-шаң,
Шалдың алдындағы
Шам шаң-шаң.
Қайсын шапшаң баласың,
Сыпырғыш алып шап, шапшаң!
* * *
Кісінің кісенінің кілті
Кісінің кісеніне келмейді.
* * *
Бір үңгір түбі – мың үңгір,
Мың үңгір түбі бұлыңғыр.
* * *
Балта қалтаға сыймайды,
Қалтаға малта сыяды.
* * *
Жаз кетті, қаз кетті,
Күз кетті, қыс түсті.
Қар жауды үсті-үсті,
Тұс-тұсты қыс қысты.
* * *
Санауды нақтылаңдар
Тез тап!
Бас – біреу
Қас – екеу
Жүрек – біреу
Білек – екеу
Мұрын – біреу
Бұрым – екеу
Барлығы нешеу?
* * *
Неше алма?
Биік терек алда тұр,
Басында көп алма тұр.
Бұтақ сайын бес алма,
Бес бұтақта неше алма?
Кәне, ойлап бағайық,
Шешімін тез табайық!
Мақсат шешті мезетте:
- Алма өспейді теректе.
* * *
Тығылмақ
Екі бала көзін басты,
Бес бала тұра қашты.
Үшеуі сайға тығылды,
Екеуі ойға тығылды.
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап?!
- Сау болыңдар, балалар! Келесі сабақта кездескенше!
2 – ші сабақ
Кел, ойнайық, балақан!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күзгі мектептің қазақ тілінен екінші сабағын бастаймыз.
«Соқыр теке» ойыны
Бұзау, Бота, Қозы, Лақ,
Тоқты, Серке, Құлыншақ,
Торпақ, Тана, Тай, Тайлақ,
Құнан, Дөнен, бесті бар –
Бәрін біліп, естіп ал!
Сүзегенсің, тентек Теке аппақ,
Ізде оларды, ұста оларды, бақ-бақ!
Ойын тәртібі: Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы тұрғандардың әркайсысын жеке-жеке мал атымен атап шығады. Ең соңғы аты аталған бала «Соқыр теке» болады.
Далада ойналғанда жерге шеңбер сызылады. Ойын басқарушы ортаға көзі орамалмен таңылған «Соқыр текені» шығарады. Содан кейін балалар: «Соқыр теке, бақ-бақ.. Қайдан бізді таппақ?» - деген өлеңді барлығы қосыла айтады. Өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған «Соқыр теке» балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады.
«Соқыр теке» ұстаған бала оның орнына тұрады, ойын әрі қарай жалғаса береді.
«Пойыз ойыны»
Қатар – қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық:
Кімнің болса бойы ұзын –
Паровозы пойыздың.
- Кімнің, апай, бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың?!
Мұғалім бойы ұзын баланы көрсетеді. Мысалға: «Манаттың бойы ұзын» деуі мүмкін. Балалар мұғалім көрсеткен баланы паровоз етіп алға қояды. Ал, қалғандары соның соңынан етектерінен ұстап тұра бастайды.
Ал, паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да!
«Пш-пш, пш-пш!» - біз кеттік, (2 рет)
Жүрісті біз үдеттік.
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма бірің де.
«Пш-пш, пш-пш!» - біз кеттік, (2 рет)
Жүрісті біз үдеттік!
«Қуаласпақ» ойыны – сөздерді аудару біліктіліктерін тексеру бағытында қолдану. Нөмерленген асық бойынша сөздерді аудару, сөйлем құрастыру: доп, дойбы, куаласпақ, жасырынбақ, тоқаш, сүт, ағаш, көже, аула, үй, терезе, сыпыртқы, күрек, шелек, гүл, шырша, ал, әкел, ойын, ойнадым, қазір, күн, су, қант.
Айгөлек
Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөленеді де, арасы 15-20 метрдей жерде қол ұстасып қарама-қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады.
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізден саған кім керек?
Екінші топтың ойыншылары жауап береді:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Тебінгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек.
Шолпан атты (шақыратын баланың немесе қыздың атын айтады) қыз керек, - дейді.
Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп етуге тиісті. Егерде ол үзе алмаса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе – онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына ала келеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол жақ ұтқан болып есептеледі.
- Сау болыңдар, балалар! Келесі сабақта кездескенше!
3– ші сабақ
Киелі сандар
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күзгі мектептің қазақ тілінен үшінші сабағын бастаймыз.
Қазақ тілінде сандардың арасында киелі сандар бар. Олар үш, бес және жеті саны.
3 санына байланысты байламдар
3 қуат 3 ғажайып 3 арсыз
1 ақыл қуат ажал ғажайып ұйқы арсыз
2 жүрек қуат қонақ ғажайып тамақ арсыз
3 тіл қуат несібе қуат күлкі арсыз
3 даусыз 3 қадірсіз 3 көз
1 мінез жігіттік су анасы-бұлақ
2 кәрілік денсаулық жол анасы-тұяқ
3 ажал жақсы жар сөз анасы-құлақ
5 санына байланысты байламдар
Бес асыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз...,
өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ
бес дұшпанын білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат,рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
7 санына байланысты байламдар
Жеті қазына Жеті ата Жеті ұрпақ
1 ер жігіт бала әке
2 сұлу әйел әке бала
3 ақыл, білім ата немере
4 жүйрік ат үлкен ата шөбере
5 қыран бүркіт баба шөпшек
6 берен мылтық түп ата немене
7 жүйрік тазы тек ата туажат
Одан басқа Жеті шәріп-әулие, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті қат жер
-Ал, балалар, бүгінгі сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.