Қазақ тілі 6 сынып. Сөздік қорға – төрт түліктің пайдасы «Алтын қақпа» ойыны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың төрт түлік мал туралы білгендерін бір
жүйеге келтіріп, толықтыру. Олардың адам баласына тигізер пайдасы туралы айту.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін,шығармашылық
ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге деген белсенділіктерін
арттыру.
Тәрбиелік: төрт түлік малды күтіп баптауға, қорғауға,
қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, сергіту сәті.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, төрт түліктің суреттері,
оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі;
ІІ.
Негізгі кезең:
-
Үй
тапсырмасын тексеру;
-
Сабақтың
мақсатын, барысын айту.
ІІІ. Қорытынды кезең.
Көшпелі қазақ халқының өмірі,
тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланыста болған. Малды қастерлеп,
күтіп-баққан. Өйткені, жесе – азық, кисе – киім, мінсе – көлік болды. Малдың
адамға пайдасы көп. Олай болса, бүгінгі сабағымызды төрт түліктің пайдасы
тақырыбын ойын түрінде өткізбекпіз.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрады. Олар – «Темір қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын
қақпа». Әр қақпаны ашу үшін түрлі тапсырмалар орындау керек. Ал, «Алтын
қақпаны» ашқан соң оның ішінен «Алтын сандық» шығады. Ал сандықты ашу үшін
мақалдар айту керек. Сандық ашылса, онда «Білім қазынасы» бар. Ал сендердің
мақсаттарын – «Білім қазынасына жету».
Әр қақпаны ашу
үшін берілген тапсырмалардың орындауына қарай 3 түрлі фишкамен бағалаймыз. Қызыл
фишка–«5»,көк фишка–«4»,сары фишка–«3».
І
сайыс. «Темір қақпа».
Интерактивті тақтада – «Темір қақпа». Бұл
қақпаны ашу үшін бірнеше тапсырма орындаймыз. Кім білгіш? бәсекесі. Интерактивті тақтада жұмыс.
Мал баққан халық әр жануардың өзінің пірі бар деп санаған. Сол пірлерге
сиынған халық мал күтуді ең зор қасиетті іс-әрекет деп таныған. Енді, балалар,
сол төрт түлік мал пірлері туралы не білеміз?
Түйенің
пірі - ... Ойсыл қара
Сиырдың
пірі - ... Зеңгі баба
Жылқының
пірі - ... Қамбар ата
Қойдың пірі - ... Шопан
ата
Ешкінің
пірі - ... Шекшек ата
Балалар, біз сөйлейміз, күлеміз,
айқайлаймыз, ренжиміз, осы күйімізді біз белгілі бір дыбыспен, қимылмен
білдіреміз ғой, ал енді малдың қалай дыбыстайтынын есімізге түсірейік.
Қой маңырайды
Жылқы кісінейді
Сиыр мөңірейді
Түйе
боздайды
Енді, осы төрт түлікті шақырып
көрейік.
Биені - ... Құрау-құрау
Түйені - ... Көс-көс
Сиырды -
... Аухау-аухай
Ешкіні -
...
Шөре-шөре
ІІ сайыс. «Күміс қақпа».
Бұл қақпаны ашу үшін әр оқушы өз білімін
көрсетеді.
«Кім білімпаз?» бәсекесі.
1. Интерактивті
тақтада жұмыс
2. Сөзжұмбақты
шеш.
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көлденеңінен (по горизонтали):
1. Кобылье молоко
2. Баран
3. Верблюжонок (двухгодичный)
Тігінен
(по вертикали):
1.
Лошадь
2.
Ягненок
3.
Верблюд
4.
Козленок
Сергіту сәті.
Коза – ешкі,
Старый - ...;
Верблюд – түйе,
Пуговица – ... ;
Корова – сиыр,
В этом году – ...
;
Овца – қой,
Рост - ... ;
Жеребенок –
құлын,
Давно - ... ;
Козленок – лақ,
Стул - ... ;
Лес – орман,
Мечта - ... .
ІІІ сайыс. «Алтын қақпа». Сөз маржаны – мақал. Мақал сайыс.
Отан – оттан да ыстық.
Халықтың ортақ үйі – Отан.
Елін сүйген ер болар.
Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.
Еңбек етсең емерсің.
Күшіңе сенбе,
Ісіңе сен.
Мал – баққандікі,
Жер жыртқандікі.
Міне, балалар,
«Алтын қақпамыз» да ашылды. «Алтын сандыққа» да жеттік.
Ал, сандығымыз
ашылу үшін жасырған жұмбақтарды шешіп көріңдер.
- Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Бұл не? (жылқы)
- Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Ол не? (түйе)
- Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
- Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
- Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)
- Арқасындағы ерімен туған,
Аптасында бір ішеді судан. (түйе)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.