Биология "Шылым шегудің адам ағзасына әсері" 8 сынып
12.02.2015
4819
1010
Кажекенова Эльмира Асимхановна
Сабақтың мақсаты: Шылым шегудің адам ағзасына әсері туралы түсінік.
Білімділік: Шылым шегудің зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру.
Дамытушылық: Темекінің тарихы, оның әсерлері, зиянды жақтары туралы түсініктерін кеңейте түсу.
Тәрбиелік: Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, айналасындағылардың денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Нақыл сөздер;
2. Темекі өсімдігінің кепшешөбі.
3. Адам ағзасының суреті.
4. Тәжірибе жасайтын құралдар;
5. Статистикалық мәлімет;
6. Сөзжұмбақ;
7. Карта.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау, сот үрдісін жүргізу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Темекі өсімдігі туралы, оның шығу тегі, дүние жүзіне таралуы,
темекінің құрамындағы зиянды заттар туралы, ағзасына зиянды әсерлері
жөнінде түсінік беру.
ІІІ. Сот үрдісін жүргізу (оқушылар жүргізеді).
ІV. Тәжірибе жасау.
V. Статистикалық мәліметпен таныстыру.
VІ. Сөзжұмбақ шешу.
VІІ. Өлең жолдарымен сабақты аяқтау.
VІІІ. Нақыл сөздерге тоқталу.
ІХ. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ. Темекі Америкадан шыққан. Ескі Қытай құмыраларында шылым шегіп тұрған адамдардың суреттері кездескенімен, Колумб ашқан жаңалыққа дейін Ескі дүниедетемекіні білмеген.
1942 ж. 12 қазанда адмирал Христофор Колумбтың әйгілі флотилиясындағы «Пинта» кемесінің матросы Родриго Триана: «Алда жер көрінді!» - деп айқай салды. Зеңбіректерден салют беріледі. Кемелердің желкені түсіріліп, олар бейтаныс құрлыққа қарай жақындайды. Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлаған еді. Жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен бірге «петулі» дейтін шөптің кептірілген жапырағын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен.
Темекіге деген сұраныстың күшті болғандығы соншалық , Солт. Американың Вирджиния мен Мэриленд сияқты провинциялары негізінен темекі өндіруге мамандана бастады. ХVІІІ ғ. осы штаттардың темекі плантацияларында ондаған мың негрлер еңбек етті. Американың тең-тең темекілері дүние жүзінің барлық порттарын толтырып, темекі плантацияларының иелері мен саудагерлері пайданың астында қалды.
ХVІІІ ғ. 30-жылдарының орта шенінде хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің классификациясын жасаған шведтің атақты табиғат зерттеушісіКарл Линней темекіні Европаға алғаш рет өсірген Жан Никонның құрметіне темекіге «никотиана» деген туыстық атақ берген.
Шылым шеккен кезде «құрғақ айдау» деп аталатын үрдіс өтеді: темекі түтінің сорғанда ауа жоғары температураға дейін қызады және темекінің құрамындағы түрлі заттар сорылып, түтінмен бірге өкпеге жетеді.
Құрғақ айдау кезінде қатерлі ісіктің тууына себепші болатын аммиак, көміртегі(ІІ) оксиді, канцерогенді көмірсутегі (латынның «канцер» - «рак» деген сөзінен алынған) бөлінуі басты роль атқарады.
Темекі түтініндегі зиянда заттардың мөлшері темекінің өскен жеріне, оны өңдеу әдістеріне – құрғатылуына, кептірілуіне, ферменттелуіне, ал дайын өнімдерінде сорттылығына және тіпті – оларды шегу жылдамдығына да байланысты.
1) Қатты сорып тартқанда никотиннің – 95 %-ы;
2) Жай сорғанда – 70 %;
3) Ал түтінді ішке жібермеген кезде 5-10 %-ы қанға өтеді.
Сигарет сүзгілері түтінді құрамындағы бөлшектерден арылтап, зиянсыз етеді деп санайды. Сүзгі түтін құрамындағы улы заттардың 20 %-ын ғана тұтып қалады. Сөйтіп, улы заттардың басым көпшілігі құрғақ айдай кезінде өкпеге өтеді.
Темекінің организмді бүлдіруі оның қызуынан басталады. Түтінді ауыз бен жұтқыншақтан шығару үшін шылымқұмарлар дағды бойынша аузын жайлап ашып, ауа жұтады, түтін осы ауамен бірге ауыз бен жұтқыншақтан өкпеге барады. Мұндай жағдайда ауызға баратын ауаның температурасы әдетте түтіннің температурасынан 40оС төмен болады. Шылым шегу кезінде температураның бұлайша төмендеп кетуі тіс кіреукесіне әсер етеді. Келе-келе тісте өте ұсақ жарықтар микроорганизмдер «кіретін қақпа» пайда болады. Соның әсерінен шылымқұмарлардың тістері шылым шекпейтіндерге қарағанда ерте бұзылады. Тіс кіреукесінің бұзылуы тістің бетіне қарамайының жиналуына себепші болады. Соның әсерінен ол сарғаяды, ол ауыздан шылымқұмарлармен сөйлескен кезде сезілетін ерекше иіс шығып тұрады.
Үнемі шылым шегу бронхит ауруына әкеп соғады. Дыбыс сіңірлеріндегі кілегейлі қабықшаның үздіксіз тітіркенуі дыбыстың өзгеруіне әкеп соғады, оның үнділігі мен тазалығы жойылады, бұл, әсіресе, шылымқұмар әйелдер мен қыздарда жақсы аңғарылады. Шылым шегетін адамды бетінің реңінен де білуге болады.
Темекінің негізгі әсер етуші компоненті – никотин. Бұл алколоидты тұңғыш рет 1928 ж. ғалымдар Посельт пен Рейман таза күйінде бөліп алды. Темекі жапырағындағы никотиннің мөлшері 1-1,5 % аралығында, кейбір сорттарында 6-8%-ға дейін жетеді. Салмағы 1 г. темекіде әдетте 10-15 мг. , ал, 10 г. темекіде 150 мг.-ға дейін никотин болады.
Химиялық таза күйдегі никотин сарғыш түсті сұйық зат, дәмі ащы, суда және майда жақсы ериді. Темекі сүзгісінде бір тышқанды өлтіруге жетерліктей никотин жиналады екен. Никотин, негізінен, жүйке жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу және жүрек –қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше күшті у. Бір тамшы никотин жылқыны өлтіреді. Никотин уының кеселді күші осындай.
Адам ұдайы шылым шеккенде оның соншалықты мөлшерін қалайша көтереді? Біріншіден, темекінің әрбір данасындағы никотиннің мөлшері өлім қатерін туғызатын мөлшерден әлдеқайда аз, тек бірнеше темекіні қатар тартқанда ғана асақатерлі адам өлімге әкеп соқтыратын естен тану халіне дұшар болады. Екіншіден, ағза никотин уына тез дағдыланады. Бұған қоса ол бүйрек арқылы сыртқа шығарылады.
Европада темекіні «табаго», «табак» деп атайды. Шылым шеккенде ең бірінші адамның жүрегі ауырады. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымды бұзу үшін 1 дана темекі жетіп жатыр.
Тартылған әрбір темекі адам өмірін 15 минутқа азайтатының сеніммен айтуға болады. Ал шылымқұмарлыр болса, «ол минуттарды кім көріп, кім санап тұрған екен?» деп мысқылдайды. Ия, жеке адамға мұны көрсету қиын, бірақ тұрғындардың жалпы көлемінде шылым шегетіндер, оны шекпейтіндерге қарағанда, анағұрлым аз өмір сүреді.
ІІІ. Сот үрдісі.
Қатысушылар:
Сот – 1-оқушы;
Хатшы – 2-оқушы;
Зардап шегуші – 3-оқушы;
Айыптаушы – 4-оқушы;
Қорғаушы – 5-оқушы;
Айыпталушы(темекі) – 6-оқушы;
Куәгерлер – 7-8-оқушылар.
Хатшы: Тұрыңыздар! Сот келді!
Сот: Бүгін ашық сот мәжілісінде зардап шегушінің арызы бойынша темекі айыпталады.
Хатшы: Сөз зардап шегушіге беріледі.
Зардап шегуші: Мен темекіні ересектерге еліктеп шеге бастадым. 1-2 рет шылым шылым шеккен соң қоятын шығармын деп ойладым. Ең алғаш рет шылым шеккенде лоқсып құсқым келді. Жүрек қағысым жиілей бастады, қол-аяғым дірілдеді, түтінді жұтқанда қақалып шашалдым, бірақ тез үйреніп алдым. Бұрын спорт секцияларыа қатысушы едім, темекі шеккеннен бастап қатысуды да қойдым, біраз жұмыс істесем шаршап қалатын болдым. Көбіне тамаққа тәбетім тартпайды, сабақ үлгерімім де нашарлай бастады. Темекі шегу әдетіме айналды. Бірақ босай қалсам темекіге жүгіремін. Мен темекінің адам өміріне қауіптілігін, ағзада әртүрлі ауру тудыратынын, адам өмірін қысқартатынын білмедім. Осының бәріне темекіні айыпты деп санаймын.
Хатшы: Сөз айыптаушыға беріледі.
Айыптаушы:
(Тақтада сау адамның ішкі мүшелері ілінген суретпен және зардап шегушінің мойнына ауру адамның ішкі мүшелері ілінген суретпен салыстырып, көрсетіп айтады)
Темекі жүйке жүйесіне, ас қорыту және тынысалу мүшелеріне, қантамырлар жүйесіне зиянды әсер етеді.
Темекі түтініндегі өте көп улы заттар адам ағзасына зиянды әсер етеді. Олардың ішінде қауіп туғызатыны – никотин заты. Никотин қан тамырларын тарылтады және ең алдымен жүрек бұлшық етінің қанмен қоректеуін нашарлатады, қозу әрекеттері үзілістермен өтеді., сөйтіп, жүрек жұмысы нашарлайды, түрлі жүрек аурулары пайда болады, бойы аласа болып өседі.
Темекі тынысалу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Неғұрлым адам өте ерте – бала кезден шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығады. Темекінің тутініөкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруға ұшыратады. Темекінің түтіні дәм сезуді және адамның тамаққа тәбетін нашарлатады.
Хатшы: Сөз айыпталушыға беріледі.
Айыптаушы: Мен ешқандай кінәлі емеспін. Мен шеккен адам мынадай себептерді айтады:
1) Үлкендерге еліктедім.
2) Достарым күштеп үйретті.
3) Кейбіреуі қызық көріп шегеді: темекі мен сіріңке тауып, оңаша жерге жасырынғанды қызық көреді.
Менің қорабымның сыртында «Денсаулық министрлігі ескертеді: «Темекі шегу сіздің денсаулығыңызғы қауіпті» деп жазылған. Соны біле тұра өз денсаулықтарын өздері ойламай мені кінәләйді.
Хатшы: Сөз куәгерлерге беріледі.
1-ші куәгер: Мен зардап шегушімен бір сыныпта оқимын. Оның темекі шеккеннен бастап өзгере бастағанын байқадым. Кейде айтқан жұмысын орындамайды.
2-ші куәгер: Мен зардап шегушімен бір сыныпта оқимын. Темекі шегудің денсаулыққа зиянды екенін айтуды достық парызым деп санаймын. Темекі шеккеннен бері кластасымның мінез-құлқында да өзгерістер байқала бастады. Кейде тіпті қатты ашуланшақ болып кетеді.
Хатшы: Сөз қоғаушыға беріледі.
Қорғаушы: Айыпталушының атына айтылған айыптарды тыңдадық. Айыпкердің кінәләрін жеңілдететін себептер бар. Біріншіден, темекінің адам өміріне зияны туралы баспасөз беттерінде, теледидарда көптеп айтылып жатыр. Екіншіден, темекі бизнес көзі. Шылым шегудің тұрмысқа берік енгені сондай, сырттай қарағанда ол өмірлік қажеттіліктің бір түрі сияқты болып көрінеді.
Темекіні шегер алдында әрбір адам, әрбір жасөспірім өз денсаулығын ойлауы қажет. Жас кезінен бастап шылым шегу ағзаға тіптен зиян, себебі жас ағза тез бейімделгіш болады.
Хатшы: Сөз сот төрағасына беріледі.
Сот төрағасы: Қорғаушының сөзін, айыпталушының түсініктемесін және куәгерлерді тыңдай тырып сот шешім қабылдайды. Айыпталушы кінәлә емес деп танылсын. Әрбір жасөспірім, әрбір адам өз денсаулығын өзі қолға алуы қажет. Бос уақытты босқа өткізбей, өзімізге пайдалы іспен айналысайық.
Хатшы: Сот осымен өз жұмысын аяқтайды.
ІV. Тәжірибе.
Қажетті құралдар: Пластикалық ыдыс, тығын, түтік(резина), мақта, темекі(бір дана фильтрсіз), сіріңке.
Мақсаты: Тәжірибе арқылы темекінің адам ағзасына зиян екеніне көз жеткізу.
Темекіні тұтатып, пластикалық ыдысқа салып, қолмен сығымдаймыз. Темекі түтіні ыдыстың ішіне толады. 1 дана темекі таусылғанша ыдыс іші көк түтінге толып тұрады. Мұнда, резина түтік, резина тығын ауа кірмейтіндей тығыз жабылуы керек. Түтін сейілген соң ыдыс түбіндегі мақтаның сап-сары болып кеткені көрінеді,яғни ол никотин уы өкпеге де сіңетінің көрсетеді. Ыдыстың қабырғасын мақтамен сүрткенде смола тұрғаны байқалады.
V. Статистикалық мәліметтер.
1. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд. адам темекі тартады.
2. Темекі зардабынан дүние жүзінде күніне 10 мың немесе жылына 3,5 млн. адам қайтыс
болады.
3. Қазақстан Республикасында 3,2 млн. яғни, 33 % адам темекі тартады.
4. Темекінің зардабынан Қазақстан Республикасында жылына 25 мың адам қайтыс болады.
5. Жүректің миемиялық ауруынан болатын өлімнің 20 %-ы, қатерлі ісік ауруынан болатын
өлімнің 30 %-ы, өкпе рагінің 90 %-ы темекінің зардабынан болады.
VІ. Сабақты қорытындылау сұрақтары:
1) Темекіні Европаға кім әкелді?
2) Ресейге темекіні кім әкелді?
3) Темекінің құрамындағы улы зат қалай аталады?
4) Никотиннің қасиеттері қалай?
5) Никотин кімнің есімімен байланысты қойылған?
6) Европада темекіні не деп атайды?
7) Темекі тартуда қандай химиялық үрдіс жүреді?
8) Темекіде қанша никотин бар?
9) Жылқыны өлтіру үшін қанша никотин талшысы керек?
10) Темекіден туындайтын негізгі ауруларды ата?
11) Темекі тартқаннан кейін ең бірінші ауыратын адамның мүшесі?
12) Активті темекі шегу деген не?
13) Пассивті темекі шегу деген не?
14) Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымда бұзу үшін қанша темекі қажет?
15) Салауатты өмір сүруге, денсаулықты сақтай білуге бағыттайтын бағдарлама?
16) Президенттің жарлығы бойынша 2002 ж. қандай жыл болып саналады?
VІ. Сөзжұмбақ шешу.
«Денсаулық» сөзжұмбағы
1) Тынысалу мүшелері адам денесінің қай бөлімінде орналасқан? (кеуде)
2) Тынысалу мүшесі? (көмей)
3) Темекінің құрамындағы улы зат? (никотин)
4) Тынысалу мүшесі? (ауатамыр)
5) Никотиннің түсі қандай? (сарғыш)
6) Никтоин қандай зат? (улы)
7) Темекі шеккенде адам өкпесіне не жиналады? (смола)
8) Тынысалудың бастапқы мүшесі? (мұрын)
9) Өкпенің сыртын қаптап тұратын жұқа қабықша? (сіріңауыз)
VІІ. 2 оқушы өлең шумағын оқиды
1-оқушы:
Жасыңнан шексен темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені,
Никотин уын төккені.
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтың құрғап кеткені.
Мүгедек, ауру, «каллекі»
Өмірге қатер төнеді,
Салауатты өмір сүрейік!
Шекпеңіз дейміз темекі.
2-оқушы:
Табиғат берген денсаулық,
Құртамыз үгіп, қиқымдап.
Денеге дерт боп жетеді,
Әдет боп жаман кетеді.
Зиянды затты көп тұтсаң,
Өмірің қор боп өтеді.
Спортпен болып мәңгі дос,
Мағынасыз жүрме бос!
Зиянды заттан аулақ деп,
Достарыңа ақыл қос!
VIII. Нақыл сөздерге тоқталу.
1. Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.
О. Бальзак
2. Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды.
Н.А. Семамко
3. Дүниеде, тіпті дені сау адамның өзіне де темекі мен түтін деген ауада болудың зиянды екенін білмейтін ешкім жоқ..
В.В. Вересаев
4. Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды
Насыбай – напаң, шылымға.
О.Шораяқов
5. Темекі тегін келмейді
Теңгеге келеді.
6. Темекіні шеккеннің,
Темір табытқа шеге қаққаның.
IХ. Қорытындылау.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.