Биология 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Пияз тұқымдастар.
Сабақтың мақсаты:1. Пияз тұқымдастармен жалпы танысу, пияз тұқымдастардың адам өміріндегі маңызы және дәрілік қасиетімен, медицинада қолданылуы жөнінде түсіндіру.
2.Оқушылардың байқампаздық, есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың
көрнекілігі: презентация,
плакат, суреттер, пияздың түрлері.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау
технологиясын (СТО) пайдалану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі (Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру);
1) Психологиялық дайындық.
ІІ. Ой
қозғау (өткен тақырыпқа шолу, слайд).
1) Бұршақ тұқымдастар.
2) 62- сурет бойынша бұршақ тұқымдастар гүлінің құрылысын
сипаттау.
ІІІ. Бекіту. Кубизм әдісі бойынша.
113 бет кесте
(тақтада сипаттау, слайд арқылы жазылып тұрады).
ІV. Жаңа сабақ. Пияз тұқымдастар.
1) Қорапта (4)
пияздың түрлерін салып қою. Қорапты ашпай ішіндегі затқа сипаттама беру, жаңа
сабақтың тақырыбын табу.
2) Кластер арқылы
жаңа сабақты талдау.
зияны
↑
медицинада қолданылуы ← Пияз → пайдасы
↓
халық
медицинасында қолданылуы
3) Жаңа сабақты
слайд арқылы түсіндіру. Таралуы, бағалы өсімдік түрлері.
Пияз туыстастар
-
даражарнақты өсімдіктер. Бұлар пиязшықты, кейде түйнекпиязшықты және
тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Гүлдері - ұсақ, жай
шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, үлгін және қанқызыл түсті. Пияз
тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі- қауашақ. Пияз тұқымдастарды
тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады.
Ғаламшарымызда
пияз тұқымдастардың 650- ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110- ға
жуық түрі өседі.
Пияз тұқымдастар –
азықтық, малзықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.
Сарымсақ - пияз туысты, көпжылдық өсімдік. Оның пиязшығы өте көп
пиязшықтардан - «тілшелерден» құралады. Сарымсақтың пиязшығы және тілшелері
жұқа құрғақ қабықшамен қапталады. Сарымсақ - тағамдық, көкөністік өсімдік,
құрамында С дәрумені бар.
Пияз (Allіum cepa) — жуа туысының
ең көп тараған түрі. Шыққан жері — Орталық Азия және Ауғанстан. Пияз өсіріп алынатын бадана тегіс,
ұзын немесе домалақ пішінде болады. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де,
жамылғыға айналады.
Басты пияз - екіжылдық дақыл, көкөніс
дақылдарының ішіндегі маңыздыларының бірі. Диаметрі 15 сантиметрге дейін
жететін қабыршақты пиязшығы болады. Пиязшықтың сыртын құрғақ, сары, ақ кейде
күлгін түсті қабық қаптайды. Пияз өсіру бүкіл ғаламшарда кеңінен қолға алынған.
Дүние жүзінде 1,5 млн гектарға жуық егістік жерге басты пияз өсіріледі. Әлемде 15 млн. тоннаға жуық пияз өндіріледі.
Басты пияздың дүние жүзінде 1 000-ға жуық сорттары бар. Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитонцидтер деп аталады. Бұл грекше «фитон» - өсімдік + латынша «жою», яғни «жойғыш өсімдік» деген мағына береді.
Сөйтіп пияз бен сарымсақ медицинада тұмауға қарсы дәрі ретінде
пайдаланылады.Пияздың бойындағы эфир майы ауру қоздыратын – құрт, бактерияларды
жояды.
V. Іздену жұмысы
(кітаппен жұмыс)
1)Ашылған
жаңалықтар.
● Пиязды ежелгі
адамдар да білді. Олар тіпті пиязды өздері тұрақтаған орындарға екті де.
Ғалымдар пияздың мәдени дақылдарға айналуын жыл санауға дейінгі (ж.с.д.) 4000
жылға жатқызды. Мысырлықтар пияз бен сарымсақты тәңір жаратқан өсімдік деп
есептеп, ерекше қастерлеген. Фараондардың мазарына мүрдемен бірге көмілген.
● Испаниялықтар
Х-ХІ ғасырларда пияз өсіруден үлкен жетістікке жетіп, әйгілі ірі пиязшықты
испаниялық тәтті іріктемелер шығарған.
● Пияз Ресейге өте
кеш – ХІІ- ХІІ ғасырларда тап болған.
● Пияз- бағалы
дәрілік өсімдік. Ол қанда холестерин деңгейін жояды, баспаны, іріңді, жараны,
жүрек ауруын емдеуге қолданылады. Жылан шаққанда жәрдемі тиеді, авитаминозға
көмектеседі.
● Пияз және
сарымсақ құрамында ұшқыш зат- фитонцид болады. Фитонцид бактериялардың көптеген
түрлерін жойып жібереді, сондықтан жұқпалы ауруларға қарсы қолданылады.
VІ. Шығармашылық
жұмыс (алдын ала берілген тапсырмалар).
1) Дәрілік
қасиеті;
2) Мәдени өсімдіктер;
3) Мәдени өсетін
пияз тұқымдастар.
VІІ. Сабқты
бекіту.
Тест сұрақтары (5 сұрақ)
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма §31оқып келу.
Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.