Математика "Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару" 5 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Мазмұнды
есептерді теңдеу құру арқылы шешу дағдысын қалыптастыру;
2. Дамытушылығы: оқушылардың тез ойлап, нақты нәтижеге жете білу
дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру; рухани-адамгершілік қасиеттерді
насихаттау, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі : интегративтік
Оқытудың әдісі: практикалық
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Ауызша сұрақ-жауап.
III. Үй тапсырмасын тексеру
IV. Ойтүрткі
V. Сергіту сәті
VI. Сабақтың қорытындысы
VII. Үйге тапсырма. Рефлексия
Сабақтың кезеңдері:
I. Оқушылармен
амандасу ,түгендеу, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау. Оқушылар деңгейлері
бойынша топқа бөлініп отырады, топ басшылары тағайындалады, оларға бағалау
парақтары таратылады. Сабақтағы ұстанымға тоқталу: «Адамның алдында ақылға
апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі;
жеке тәжірибе жолы, бұл – өте жауаптысы»(Конфуций). Олай болса сабақ барысында
әр оқушы өзі таңдаған жолмен жұмыс жасайды.
II. Ауызша сұрақ-жауап кезінде қойылатын сұрақтар:
1. Теңдеу дегеніміз не?
2. Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?
3. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын тексеру
тауық 3 есе кем
Қозы – х 4 аяқ 40 аяқ
Тауық – 3х 2 аяқ
4.
х + 2 . 3х = 40
4х + 6х= 40
10х = 40
х = 4 3 . 4=12 Жауабы: 4 қозы, 12 тауық
IV. Ойтүрткі
Ойтүрткі
кезеңінде әр топқа 3 есептен тұратын
тапсырмалар беріледі:
1.
25 . (х + 3) = 150
х = 3
2. 169 : (х – 3) = 13 х = 16
3. (х + 97) : 28 = 4 х = 15
4.
14 . (х + 9) = 168
х = 3
5. 121 : (х – 3) = 11 х = 14
6. (х + 27) : 15 = 4 х = 33
Есептердің
жауаптары тақтада жазылып тұрады, дұрыс жауапты таба білген оқушы есепті
тақтада орындап көрсетеді. Әр жауаптың сыртында сәйкесінше сөздер шығады:
жалқау, дөрекі, мейірімсіз, өтірікші, сараң,мәдениетсіз. Табылған сөздерді өсіп
тұрған ағашқа апарып ілген кезде ол
қурап, өте сәнсіз болып көрінеді. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер қоршаған
табиғатқа да кері әсерін тигізеді екен, сондықтан оны көбейту үшін келесі
тапсырмаларға көшейік.
Әр
топқа тағы да 3 тапсырмадан беріледі:
1. №88 (1) х + 46= 75; х = 29
2. №88 (2) 54 + х + 32 = 96 ; х = 10
3. №88 (3) 78 + 3х = 104+25; х = 17
4. №88 (4) х + 3х + 3х + 29 = 155; х = 18
5. №87 (1) 250 – 3у = 115; у = 45
6. №87 (3) (48 - х) : 8 = 4 х = 16
Есептердің
жауаптары тақтада жазылып тұрады,дұрыс жауапты таба білген оқушы есепті тақтада
орындап көрсетеді. Әр жауаптың сыртында сәйкесінше сөздер шығады:м еңбекқор,
сыпайы, қайырымды, шыншыл, мәдениетті, жомарт. Табылған сөздермен қурап жатқан
ағашымызды нәрлендіріп, өте сәнді түрге келтіреміз. Адамдар бойында да жақсы
қасиеттермен қоса, жағымсыз қасиеттер де болады екен. Өз бойымыздағы жақсы
қасиеттермен бөлісе отырып, бойымызды сергітейік.
Сергіту сәті:
2 топ алдын-ала дайындап әкелген сұрақтарын
қояды
IX. Сабақтың қорытындысы:
«Математика – барлық ғылымдардың бекзадасы.
Оның сүйіктісі шындық, сәні – қарапайымдылық, ұстанары - айқындық» дегендей
бүгін біздің сабағымызда да осы
қасиеттер орын алды деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар, балалар?
Бүгінгі сабақтан
X. Үйге тапсырма. № 112
карточка № 5 Рефлексия
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.