Алгебра 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені бірмүшеге көбейту.
Сабақтың білімдік мақсаты:
Оқушыларды көпмүшені бірмүшеге көбейте білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еңбек ету қабілеттерін
жетілдіру, шыдамдылыққа, байқағыштыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:
Алған білімдерін есеп шығаруда, жаңа білімді
бекітуде қолдана білу, оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттыру, экономикалық сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі:
Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Сабақтың түрі:
«Математик – кәсіпкер» ойыны
Сабақтың көрнекілігі:
Ойын тәртібі жазылған плакат, тақырыпқа қажетті сызбалар, теңгелер, касса.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырудан кейін үй тапсырмасы
тақтаға жазылып тексеріледі. Үйге көбейтудің (V - VI) үлестірімділік қасиетін
пайдаланып есептер шығаруға берілген.
Бірмүшелерді көбейту
ережесін еске түсіру мақсатында
ауызша есептер шығарылады.
Көпмүшені
бірмүшеге көбейтуді схема түрінде
де көрсетуге болады.
«Бүгінгі сабақты
«Математик – кәсіпкер»
атты ойыны түрінде өткіземіз». Ойын тәртібі түсіндіріледі.
І – қатар «Бірмүше» банкі.
ІІ – қатар «Көпмүше» банкі.
ІІІ – қатар Акционерлер.
Сендер – Банксіңдер – яғни, қаржы – несиелік
мекемесіңдер. Сендердің мақсаттарың ақшаға, түсім, табысқа байланысты
экономикалық сұрақтарды шешу, сол арқылы капиталдарыңды өсіру. Бүгінгі сабақта сендердің
капиталдарыңның өсуі – есепті сатып алып, шығару арқылы жүзеге асады.
Есептердің сатылу бағасы.
№ 179 (1,2,3,4) – 50 теңгеден.
№ 180 (1,2,34) – 50 теңгеден схема түрінде
орындарында шығарылып тексеріледі. Бұл жерде
капиталдарынды бірнеше есе
өсіру мүмкіндігі бар.
№ 182 (1,2) – 100 теңгеден.
№ 183 (1,2,3,4) – 100 теңгеден.
№ 186 – 200 теңгеден.
№ 188 – 200 теңгеден.
«Математик – кәсіпкер» ойынының
тәртібі:
1. Банк басқарушысын сайлап алу керек. Ол есеп
тандап отыруға құқылы.
- Банктың
бастапқы капиталы 500 тг.
Әрбір банк кезекпен 50 – 200 тг
тапсырмаларды орындайды.
- Егер
есепті дұрыс шығарса, сонша бағаға капиталы өседі.
- Егер
есепті шығара алмаса, есеп екінші банктегілерге беріледі де, сонша капиталы кемиді.
- Егер
ол банктегілер де шығара алмаса, тек капиталының 50% кемиді.
- Банктер
өзара келісім бойынша есепті
сатуына болады.
- Әрбір
акционер бір банкке өз капиталын қоса алады.
- Қай
банктің ақшасы көп, сол банк жеңіске жетеді.
Әрбір есептің құнына байланысты ақшасы
беріліп отырады.
Әрбір банк капиталы есептеледі. Есеп шығаруға қатысқан оқушылар
бағаланады. Қорытындысы шығарылады.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.