Математика 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Есептер шығару. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жақшаларды ашу, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару,
ұқсас қосылғыштар, ұқсас қосылғыштарды біріктірудің ережесін пайдаланып, пысықтауға есептер шығарту.
Дамытушылық: Алған білімдерін есептер шығарғанда пайдалана білу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету,бір-бірінің
білімін бағалай білуге тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын сабақ, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка, ведио,
бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу,
ІІ.Үй жұмысын
тексеру.
III.Өткен сабақты қайталау:(ауызша сұрақ арқылы)
1.Екі теріс санды қосу ережесін тұжырымда.
2.Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымда.
3.Қарама-қарсы екі санның қосындысы неге тең?
4.Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қалай табылады?
5.Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қалай
табылады?
6.Жақша алдында«+» таңбасы болса,жақша қалай ашылады?
7.Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
IV.Жаңа сабақ.
Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
Мысал.4а-9а+3а-17а
алгебралық қосындысы берілген .
4а-9а+3а-17а
қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
4а-9а+3а-17а=(4-9+3-17)а=-19а
Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
1)Олардың коэффициенттерін қосу керек
2)Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Ұсас қосылғыштардың әр түрлі бірнеше тобы болуы
мүмкін.Мұндай жағдайда әртүрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып ,соған
қарап біріктіреді.
Мысал:5,7х-8у+3,6+4у-3х-5=(5,7-3)х+(4-8)у+(3,6-5)=2,7х-4у-1,4
Мысал: Өрнекті
ықшамдап, оның мәнін табайық:
5mn-4,8mn+7,5mn мұндағы m=2 ,n=-3
5mn-4,8mn+7,5mn=(5-4,8+7,5)mn=7,7mn=7,7·2·(-3)=-46.2
Жауабы:-46,2
Сергіту сәті: Қолмен ауада 0 ден 9ға дейінгі цифрларды жазу.
V. «Банк» ойынын
пайдаланып есептер шығару. Банк-қаржы мекемесі
онда барлық халық,барлық мекемелер, кәсіпорындар қаражаттарын жинайды және
несие береді. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз. Әр топқа банк атауын береміз. І-топ -
Халық банкі, ІІ-топ - БТА банкі. 2 топтың президентін сайлаймыз. Қалған оқушылар
- салымшылар. Әр банктің тапсырмалары 1 мыңдық, 2 мыңдық, 3 мыңдық, 5 мыңдық,
10 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға
жазылады.
1,2,3 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті деңгейіне
байланысты, яғни жеңіл тапсырмалар беріледі.
5 мыңдық бейнесінде
сәл күрделі тапсырмалар.
10 мыңдық бейнесінде қиындығы жоғары тапсырмалар беріледі.
2 топтағы әр оқушы өз деңгейіне байланысты өзі шығарған есеп
теңгелерді өз банкісіне салып отырады. Қай
банк қаржысының өсімі көп болса ,сол банк жеңіске жетеді.
1
мыңдық:№779.1)2а-8а+3а 3)9в-5в-3в 5)0,6с-с+0,5с
2 мыңдық.№780. ___________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
3 мыңдық. №788.
Тік төртбұрыштың ұзындығы а см,ал ені одан 3см қысқа. Тік төртбұрыштың
периметрін табыңдар. Мұндағы а=8
№789.1)6а+4в+3в-8а
мұндағы а=1,в=0,5
5 мыңдық.№790 .
1) ( 3 х + у ) — ( -х — 4 у ) ___________________________________________
__________________________________________________________________
5)(х-у ) + (х-у)
— (2х+у) ____________________________________________
№792 ___________________________________________________________________________________________________________________________________
10мыңдық.№802.1)
2(а-3в)+3а+в, мұндағы а-в=4_________________________
__________________________________________________________________
№801.1)4(3а+1,6)-(5+2а)-3(а-1,2)_____________________________________
__________________________________________________________________
VI. Үйге тапсырма: (сыныпта шығарылған есептердің жұптары)
Қорытындылау:(ауызша
сұрақ арқылы)
1.Қандай
қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп атайды?
2.Ұқсас
қосылғыштар қалай біріктіріледі?
VII. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.