Математика 10 сынып. Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Мақсаты: Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін терңдету;
ой-өрісін кеңейтіп, іздену қабілетін арттыру.
Тапқырлыққа,
жылдамдыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды
ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке қалыптастыру;
Барысы
Ал оқушы, ұстаздар!
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа
Қол соғып, қарсы алайық
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектеніп, жалықпай
Сәт сапар тілеп бәріне
Сайысты біздер бастайық
Көрсетіңдер өнерді
Қалмаңыздар жасқанып.
Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол
соғылады.
1.
Таныстыру
кезеңі
2.
Үй
тапсырмасы. Әр топ өз көріністерін қояды.
3.
"Қозы
Көрпеш - Баян сұлу” жырынан құрастырылған
есептер:
Солар да бізден бұрын өткен жандар
Сап қасқа, өңшең манап сөзді аңдар.
Қалыпсыз Қарабайдай бай өтіпті,
Тоқсан мың, тәңір алса да, жылқысы бар.
Жылқы түнде кете-дүр жер дүниеге,
Қайтара гөр, қодар құл, дүлділ мін де.
Қарабайдың жылқысын сол алпыс құл,
Әзер түгел қыладв алпыс күнде.
Алпыс құлдың санау жылдамдығы бірдей десек, әрбір құл
неше жылқы санайды?
Жауабы:
25
Қодар құл бұл сөзді естіп тұра келді,
Жылқыдан ала айғырын ұстап мінді.
Не де болса тілдесіп қалайын деп,
Бірнеше құл атпенен іздеп жүрді.
Қодар мен Әлжаппар құл төрт ат мініп,
Қасына қос атпенен алтау еріп.
Ит ішпестің бойында жатқанында,
Неше құл қанша атпен келді жетіп?
Жауабы: 8 құл, 16 ат.
Жалғыз туған бір ұлдан ел қашыпты,
Асқаралы көрмеген тауды асыпты.
Бір бөгеттен құтылып бара жатса,
Он екі айлық, қырық күн шөл басыпты.
Сарсаң болды Қозыекем үйден кетіп,
Он екі айлық, қырық күн шөлдеп өтіп.
Есептеп көр, білімпаз неше күнде,
Ел шетіне Қозыекем келді жетіп?
Жауабы: 405 немесе 406
Іледен қайта көшіп шыршық барды,
Ұдай көшіп барады Сыр бойына.
Азғана сыр бойына дамыл алды.
Бір күні ол қаңғырып Қоқан кепті,
Тоқсан атқа бір белбеу сатып алып,
"Не қыласыз?” – дегенде, "Шұлғау”, - депті.
Тәуке хан (1680-1718) кезінде қабылданған "Жеті жарғыдағы” алдардың құнымен 90 жылқыны
неше түйе немесе неше қойға теңестіруге болады?
Жауабы: 45 түйе немесе 450 қой.
Екі бай аңға шығып келген екен,
Бір-бірінің тіліне көнген екен.
"екеуміз құда
болсақ, қарғыбау”, - деп,
Айбас құлды сол жерде берген екен,
Екі бай аңға шығып келген екен,
Бір-бірінің тіліне көнеген екен.
"Екеуміз құда
болсақ, қалыңмал”, - деп,
Қырық қара нар, жүз жылқы берген екен.
Тәуке хан
(1680-1718) кезінде қабылданған "Жеті жарғыдағы” малдардың құнымен қалыңмалды
тек түйемен, не тек жылқымен немесе тек қоймен берсе қаншадан беруі керек және
сол кездегі адам құнымен есептегенде Айбас құлдың құнынан қаншага кем?
Жауабы. 90 түйе,
180 жылқы, 900 қой беруі керек, ол кезде адам құны 100 түйе немесе 200 жылқы,
яки 1000 қой болған. Онда 10 түйеге немесе 20 жылқыға, не болмаса 100 қойға
кем.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.