Физика 11 сынып. Сабақтың тақырыбы: Физика пәнін оқытуда кәсіби білім берудің ерекшеліктері
Орындаған: Тусупова С.А. Семей қаласы № 42 жанында интернаты бар ЖОББМ
КММ Физика
пәні мұғалімі Оразбеков Е.Н № 34 жалпы орта білім беретін мектеп КММ Физика
пәні мұғалімі
Орта мектептерде кәсіптік білім беру
жүйесін жетілдіру туралы Елбасы Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық
білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз және осы заманғы білім берумен
кәсіптік қайта даярлау,жаңа технологияларды,идеялар мен көзқарастарды
пайдалану,еліміздің кез-келген азаматы әлемнің
кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге дейін көтерілу
болып табылады»- деп атап өтті.
Мектепте
жаратылыстану пәндеріне оның ішінде физика пәнінің оқытылуы жайына көңіл аудару
– тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса маңызды. Елімізде 350-дей
мамандық түрлері бар десек соның 80 пайызы жаратылыстану пәндерімен тығыз
байланысты. Ендеше мектеп қабырғасынан бұл пәндерді терең меңгермеген адамнан
келешегімізде дұрыс маман иесі шықпайтындығына еш күмән келтіруге болмайды.
Кәсіптік
білім беру дегеніміз – педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және
басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының
қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен
қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде мақсатты
істелетін жұмыс.
Мамандық
– адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани
өндірісте алған білімі мен өмірлік дағды жиынтығы. Мамандықты таңдау мен игеру
жеке адамның туа және жүре пайда болатын көп санатты қабілетіне де байланысты
болады. Саналы түрде таңдалған мамандық тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді.
Оның өзін-өзі жүзеге асыруының, әлеуметтенуінің, кәсіби өсуінің нәтижелігін
анықтайды. Жасөспірімнің қоғамдық сұраныстарға жауап беретін мамандықтарды
таңдауына бағыт беру – қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі. Соңғы жылдары
таңдау пәні физика болатын мамандықтарға грант саны көптеп берілуде. Сондықтан
мектеп бітірушілердің басым бөлігі грант пен оқу үшін келешек мамандығы жайлы
толық мағлұмат білмесе де, сол салаға бейімділігімен санаспай мамандығын
таңдайды. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен,
жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай
қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі жайт.Мысалы, биылғы физика
пәнін таңдап отырған мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларымен жүргізілген
әңгіме-сұхбат нәтижесіне сүйенсек 6 оқушының да мамандықты өз қызығушылығымен
емес ата-анасының, өзгелердің кеңес беруі бойынша немесе не үшін мамандықты
таңдағанын білмейтіндігі белгілі болды және әлі де екі ойлы екендіктері
анықталды. Осы жүргізілген әңгіме-сұхбатқа талдау жасағанда, мектепте жоғары
сынып оқушыларына «Мамандыққа шолу» лекциясын ұйымдастыру қажет екендігі
айқындалды. Келешекте «Мамандыққа шолу» лекциялары ұйымдастырылса,
жаратылыстану – техникалық мамандықтарға кең өрісті сипаттамалар берілсе
оқушылар кәсіптер жайлы барлық сұрақтарына жауап ала алар еді. Сондай-ақ
қазіргі таңдағы ең көп сұранысқа ие мамандықтар мен әр маманнның қызмет ету
сферасы тағы с.с.с. мәселелер қамтылар еді.
Орта мектепте физика пәнін оқытуда
кәсіби білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың түрлі тәсілдері бар. Солардың бірі
– сабақ барысында, яғни тақырыпта меңгерткен білімдерін болашақта қолдануға
болатын саламен байланыстыру арқылы кәсіби бағдар беру болып танылады.
Кәсіби білім беру жұмысының
ерекшеліктерін және түрлі тәсілдерін саралай келе жұмысты нәтижелі жүзеге асыру
үшін, ең алдымен, сабақ жоспарында кәсіби білім беру тәсілдерін қолданып,
сабақтар жүйесіне үнемі талдау жасалып отыруы керек деген қорытындыға келуге
болады. Ол үшін мектеп физика курсының мазмұнын физикалық және профильдік
тақырыптарға бөлу керек. Мысалы «Электромагниттік толқындар және
радиотехниканың физикалық негіздері» тарауындағы: радиобайланыс принципі;
модуляция және детектирлеу; радиолокация; теледидар; байланыс құралдарының
дамуы; жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әрекеті және
одан қорғану – атты тақыптарды профильдік тақырыптарға жатқызуға болады.
Оқущылардың басым бөлігінің
қызығушылық танытатын мамандығы байланыс аясындағы мамандық екендігін
көрсетеді. Біз оқушылардың ең көп таңдауына ие болатын, сондай-ақ қазіргі
таңдағы заманауи мамандықтардың бірі саналатын (факультет коды)
«050719-Радиотехника,электроника және телекоммуникациялар» мамандығына сабақ
барысында рейтингілі деңгейлік дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып кәсіби
бағдар беруді жүзеге асыруға болады. Тіпті оқушылардың бұл мамандықтардың толық
атауын білмейтіндігін анықтауға болады. Олардың көпшілігі жай
«телекоммуникация» деп атаса, енді бірі «связь» дей салады. Мысал ретінде
бітіруші сыныпқа профильдік тақырыпқа өтілетін бір сабақ жоспарын қарастыруға
болады.
Сабақтың
тақырыбы: Радиобайланыс принципі. Модуляция және детектирлеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Электромагниттік толқындар
қасиеттерін қайта жаңғырту арқылы құбылыстарды өзіндік демонстрациялау
қабілеттерін тексеру, оқушыларға радиобайланыстың негізгі физикалық принципін
жүзеге асыру тәсілдерін меңгерту.
Тәрбиелік:
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.