Орыс топтарында қазақ тілін орыс тілімен салыстыра оқытудың тиімділігі
Ахметова Шамшыпану Махметовна,
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі, Павлодар қаласы.
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз тіліміз. Мемлекеттік тілді меңгеру –Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Осыған орай қазіргі кезде қазақ тілін орыс аудиторияларында дұрыс әрі тиімді оқыту үшін оны мынадай үш бағытта үйымдастырып жүргізудің тиімді екендігін тәжірібемізде байқадық. Практикалық сабақтың сапалылығы, оның әдіс –тәсілдері, үйымдастыру мәселелері жан –жақты түрде асқанда ғана оқыту, үйрету мәселесін дұрыс жолға қоюға болады. Ең алдымен қазақ тілі пәнінің ғылыми – теориялық, практикалық , әрі әдістемелік дәрежесін көтеру қажет.
Демек ,қазақ
тілін үйренуге деген оқушылардың ықыластарын, қызығушылығын арттыруда түрлі
көрнекіліктерді ,әсіресе мультимедиялық тақта, интерактивтік тақта, слайдтар,
компьютер, бейнетаспа, фотохрестоматиялар, оқытудың лекция – семинар формаларын
пайдалану, оқытушының сабақ өтудегі шығармашылық әдіс-тәсілдерінің үлкен мәні
бар.
Орыс,қазақ
аудиторияларында сабақ беретін оқытушы, ең алдымен екі тілдегі (қазақ
,орыс тілдерініңграмматикалық құрылысын, лексикалық, дыбыстық жүйесінің айырмашылығын,
ұқсастығын жақсы білуге тиіс. Мұндай ерекшеліктерді білмей тұрып,сабақ беру өте
қиын екенін тәжірибе жұмыстарынан көруге болады. Күнделікті жұмысымызда
алдымыздан шығып жүрген мәселелерге тоқталуды жөн көрдік.Жас мамандар үшін
мұның маңыздылығы да ескерілді.
1.Фонетика-екі
тілде де дыбыстарды зерттейтін ғылымның бір саласы.Әріптердің рет-ретімен
тізілген жиынтығын әліпби дейміз. Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.37 дыбыс бар.12
дауысты дыбыс,25 дауыссыз дыбыс бар. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар тілдің
қатысына қарай жуан,жіңішке болып екіге бөлінеді. Жуан дауысты дыбыстар:а,о,ұ,ы(у),жіңішке
дауысты дыбыстар:ә,ө,і,ү,е,и(у). «У»дыбысы кейде жуан(табу-найти),кейде жіңішке
(теру)айтылады.
Қазақ
тілінде дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық,және қысаң болып екіге
бөлінеді. Ашық дауытылар-а,ә,о,ө,е,э. Қысаң дауыстылар-ы,і,и,ү,ұ,у. Дауысты
дыбыстар еріннің қатысына қарай :еріндік,езулік болып екіге бөлінеді. Еріндік
дауыстылар-о,ө,ү,ұ,у. Езулік
дауыстылар-а,ә,е,э,ы,і,ң. Қазақ тілінде ерекше ерекше деп саналатын он дыбыс
бар:дауысты дыбыстары: ә,ө,ұ,ү,і,ы. Дауыссыз-ң,һ,ғ,қ. Қазақ тілінде дауыссыз
дыбыстар-25. Дауыссыз дыбыстар дауыс пен салдырдың (үннің) қатысына қарай:
қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді. Қатаң дауыссыздар – п,ф,к,т,с,ш,щ,х,й,ч,.
Ұяң дауыссыздар – б,в,г,д,ғ,ә,ж,һ. Үнді дауыссыздар – р,л,й,у(тау),м,н,ң.
Дауыссыз дыбыстардың ешқайсысы да, өздігінен дауысты дыбыссыз буын құра
алмайды. Мысалы: жаз (пиши), бар (иди), кел (приходи). Ал дауысты дыбыс жеке
тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркеліп тұрып та буын құра береді. Мысалы: а-ға,
а-па, а-та, төрт-тік. Орыс тілінде жоқ әріптер – ә,ө,ұ,ү,і,ғ,қ,ң,һ. Орыс
тілінде 41 дыбыс, 33 әріп бар. 6 дауысты дыбыс, 34 дауыссыз дыбыс, 10 дауысты
әріп бар: а,э,н,о,у,ы,я,е,е,ю. Қазақ тілінен бір өзгешелігі орыс тілінде
дауыссыз дыбыстар жасалуына қарай жуан, жіңішкеболып бөлінеді (қазақ тіліндегі
дауысты дыбыстар бөлінетіні сияқты) Орыс тіліндегі ұяң және қатаң дауыссыздар:
б-п, в-ф, г-к, д-т, ж-ш, з-с. Ал х, ц, ч, щ сияқты ұяң дауыссыздардың сыңарлары
жоқ.
2. Морфология,
сөз құрамы жағынан екі тілде де өзгешеліктер бар. Қазақ тілі жалғамалы
(агглютинативті) тіл болғандықтан, сөздердің түбірлері белгілі бір мағынаны
береді. Түбірлерге белгілі бір жүйемен сөз тудырушы жұрнақтар (аффикстер),
тәуелдік жалғау көрсеткіштері, септік жалғаулардың қосымшалары жалғанады.
Мысалы: оқы – учись, оқу – ученье, оқу-шы – ученик, оқу-шы-лар – ученики,
оқу-шы-лар-мен – с учениками.
Орыс тілінде
біршама түбір сөздер өз алдына аффикссызжеке мағынаға ие болмайтындары да
кездеседі. Грамматикалық мағынада род, число, септік жалғаулары арқылы
беріледі. Алайда, орыс тілінде кейбір сөздердің (түбірдің жеке мағына
беретіндері де бар: верх, низ, сон, ночь, век, свет, плен, т.б). Мысалы:
тяг-тяжесть, тяжкий, тяжелый; дав-добавка, забавка; мер-мерка, мерить,
отмерить, т.б.
Қазақ
тілінде орыс тіліндегідей префикстер жоқ , тек парсы тілінен енген бірен-саран
сөздерде ғана кездеседі. Мысалы: бимаза, би-шара, би-күнә, бей-бітшілік,
бей-сенбі, т.б. Орыс тілінде приставка түбір сөздің алдына келіп, кейде
суффикспен қатар келіп, жаңа сөздер құрамын жасайды. Мысалы, «дел» деген
түбірден: от-дел, от-дел-ить, пере-дел, раз-дел, раз-дел-ить, раз-дель-ный
деген сөздер жасалынып тұр. Сөз таптарында екі тілде де ұқсастықтармен қатар,
біршама айырмашылықтар да жоқ емес. Қазақ тілінде сөз таптары 9-ға бөлінеді:
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш
сөздер. Орыс тілінде де сөз табы 10-ға бөлінеді: имя существительное, имя
прилагательное, имя числительное, местоимение, глагол, наречие – бұлар есімдер
тобы деп аталады (самостоятельные), предлоги, союзы, частицы – бұлар служебные
деп аталады. Қазақ тілінде зат есім кім?не? деген сұраққа жауап береді. Кім
деген сұрақ тек адамдарға байланысты қойылады. Не? деген сұрақ адамнан басқа,
заттарға, жан-жануарлар, өсімдік, өзен-су,қала, т.б қойылады. Ал орыс тілінде
кім? Деген сұрақ жанды заттардың бәріне де қойыла береді. Қазақ тілінде род
категориясы бар: мужской род, средний род, женский род.
Септік
жалғауларда да айырмашылықтар бар. Қазақ тілінде септік жалғауы 7-ге бөлінеді:
атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс
септік, көмектес септік.
Қазақ
тілінде түбір сөзге септік жалғауларының
бәрі де жалғанып септеле береді.
Орыс тілінде
зат есімнің барлығы емес: сын есім, есімдік (кейбірі) сан есім, есімше
септеледі.
Қазақ
тілінде септеу екіге бөлінеді: жай септеу, тәуелдік септеу. Ал орыс тілінде
тәуелдік септеу тәуелдік есімдіктердің мағынасы арқылы беріледі. Мысалы: биік
үй – высокий дом (какой дом?). кең бөлме – просторная комната (какая комната?)
Қазақ
тілінде сын есім анықтайтын сөздінің алдында тұрады. Мысалы, қызық кітап –
интересная книга, жақсы адам – хороший человек.
Орыс тілінде
сын есім зат есімнің алдында, немесе
артында (кейін) келеді. Мысалы, черная доска (қара тақта), Здание большое (үй
биік).
Сан есім.
Екі тілде де аздаған айырмашылықтар бар. Екі тілде де сан есім реттік,есептік
сан есімдер, (количественные, порядковые) болып екіге бөлінеді.
Қазақ
тілінде сан есім 6 –ға бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық ,топтау,
бөлшектік сан есімдер. Орыс тілінде де осындай мазмұнда жинақтау сан есімі 7-ге
дейін саналады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу (сегіздеу) деп
айтылмайды.
Қорыта
келгенде орыс аудиторияларында қазақ тілін орыс тілімен салыстыра отырып оқыту
өте тиімді деп айтуға болады. Келешекте арнайы оқу орындарына арналып жазылатын
оқулықтар мен бағдарламаларда қазақ тілі мен орыс тіліндегі ерекшеліктер
сараланып көрсетілсе, екі тілде оқытудағы тәжірибелер назарға алынса деген
ұсыныстарымыз бар.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.