Фонетика. Тіл дыбыстары.
29.03.2017
4662
571
Амренова Гульден Сериковна
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым - фонетика екенін және дыбыстардың жасалу, айтылу,естілу , буын, екпін, интонация мәселелерін зерттейтінін де жан-жақты түсіндіру.
Оқу нәтижелері
Барлық оқушылар
• Оқушылар фонетика туралы түсінік алады, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым жинақтайды
Оқушылардың басым бөлігі
• Оқушылар жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіте алады.
Кейбір оқушылар
• Алған білімдерін есте ұзаққа сақтайды,шығармашылықпен жұмыс істеы алады
Тілдік мақсат Оқушылар:
• тіл дыбыстарын игереді; тілін дамытады, танымдылығы артады, түсінгендерін айта алады.
Сыныптағы диалог (жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер: Берілген сөздердің дыбыстарын өзгерту арқылы басқа сөздер құрастыра алады
Талқылауға арналған тармақтар: Фонетика, тіл дыбыстары. Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыланады.
Айтылым бойынша ұсыныстар: Оқушылардың сауаттылығы артады, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйренеді.
Алдыңғы оқу Лексикадан өткенді қайталау, алған білімдерін бекіту
«Ыстық орындық» тәсілі бойынша сұрақтарға жауап беру
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Басталуы
І. Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңберіне» шығып бүгінгі күнге сәттілік тілеу.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім - деп анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеп, бүгінгі сабағымызды бастайық.Тіл білімінің 4 саласы өз тобына оқушыларды таңдап алады, сынып «Лексика», «Фонетика», «Морфология», «Синтаксис» болып бөлінеді.
1. Үй тапсырмасын сұрау.«Ыстық орындық» арқылы
« Лексикадан өткенді қайталау» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.
3. Сабаққа зейіндерін аударту.
Мұғалімнің сөзі: Біз өткен сабақта Лексика саласын аяқтадық. Ал бүгін, тіл білімінің тағы бір үлкен саласы Фонетиканы бастағалы отырмыз. -Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Олар: өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай (суретте) жатады.Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.Фонетика гректің «фоно» сөзі «дыбыс» дегенді білдіреді.Фонетика ғылымы тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді, яғни, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.Адам баласының тілі –дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары адам пайда болғалы бірге өмір сүріп келеді. Тіл дыбыстары болмаса тіл өмір сүре алмайды.Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.1-шісі:оның сапалық сипаты.мыс: мал, тал, қол. Бұл сөздердегі дыбыстың саны бірдей , бір дыбысы өзгерген сайын, мағыналары да өзгереді. 2-шісі:сөздердің дыбыс саны әр түрлі болады.мыс: бала ,ала, ал. 3-шісі:сөздердегі дыбыстың орын тәртібі, яғни, дыбыстардың орын ауысуы. мыс:тас-сат, қас-сақ, қош-шоқ т.б. Біз әріптерді көреміз және жазамыз, ал дыбысты естиміз және айтамыз.Әріптер кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе(а,ә,ұ,ү) ал кейде, бір әріптер (ю,я,ё) бірнеше дыбыстың қосындысын өрнектейді (иу, иа, ио). Мына әріптердің дыбыстың мәні жоқ (ь,ъ).
Ортасы
Сергіту сәті
ІІ.Оқулықпен жұмыс.
233-жаттығу.Төмендегі сөздерді дыбыстарын мүмкіндігінше өзгертіп айт.
Сал-қал,тал, бал, шал, мал, зал,
Жат-хат,тат, сат, зат.
Тас-қас,бас, жас, рас.
234-жаттығу.Сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы жаңа сөз жасаңдар.
Ал-ала, алты, Алматы, Алатау.
Ат-ата, атақ, атарба, Атырау.
У-уыс, уық, уран, уылдырық.
235-жаттығу.Метаграммаларды шешіңдер.
Егер т-дан бастасаң-
Биіктердің биігі.
Егер д-дан бастасаң,
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)
Егер б-дан бастасаң-
Түтіндей боп көшемін.
Егер н-дан бастасаң-
Жап-жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң-
Ішкен жанға кеселмін (бу,ну,у)
1. Әзіл жұмбақ
Фонетикалық екі ұғым
Бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі – айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады а көрінеді. (Дыбыс, әріп)
****
Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,
Жалпы қарауындағы әріптері
Құрамындағыдан алты есе көп. (Алфавит)
****
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді
Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)
Аяқталуы
Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылау.
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым
А. Синтаксис
В. Фонетика
С. Лексика
Д. Морфология
2. Фонетика сөзі қай тілден енген.
А. Латын
В. араб
С. грек
Д. парсы
3. Дауысты дыбыстарды ажырат.
А)б.в.ғ.д,г. С)м.н.с.т,
В)ұ,ү,ы,і,у, Д)р,ф,ң,ъ,ш
4. Дауыссыз дыбыстарды ажырат.
А) я, ю, у, е С) ә, е, ң, ү
В) а, о, ы, ұ Д)ж, з, п, т, с
5. Тіл дыбыстарының жасалуына қатысты сөйлеу мүшелерін тап.
А) көз, қас, ауыз, қуысы С) тіс, құлақ, бас
В) өкпе, тамақ, тіл, Д) өкпе, бауыр, мұрын
6. Қазақ тілінде неше әріп бар.
А)40 с)41
В)45 Д)42
Саралау Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Пәнаралық байланыс
АКТ құзыреттілігі
Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды смайликтнрмен бағалау •
Кері байланыс Оқушыларға ИНСЕРТ кестесін толтырту. «Бас бармақ» арқылы •
Үйге тапсырма Метаграммалар жазу, ереже, 236-жаттығу, А. Байтұрсынов жайлы мәлімет.
•
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.