СЫНЫП: 6 САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Болымсыздық есімдігі.
21.02.2016
6280
748
Бекмагамбетова Мульдир Армановна
ПӘН: қазақ тілі СЫНЫП: 6 « »
ӨТІЛЕТІН КҮНІ:
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Болымсыздық есімдігі.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: болымсыздық есімдігін меңгерту.
1. БІЛІМДІЛІК: болымсыздық есімдігі жайында түсінік беру.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: болымсыздық есімдігін үйрете отырып, оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру.
3. ТӘРБИЕЛІК: тілге деген ынтасын молайту, адамгершілік қасиеттерге баулу.
САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.
ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру көрсету, әңгімелесу, сұрақ – жауап, бекіту.
КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, үлестірмелі кеспе қағаздар, интербелсенді тақта.
САБАҚ БАРЫСЫ
I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: 1. Оқушылармен амандасу:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2. Кезекшімен сөйлесу:
– Сыныпта кім кезекші?
– Бүгін сыныпта кім жоқ?
– Балалар, сабаққа дайынбыз ба?
– Үйге қандай тапсырма берілді?
II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ:
1. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
2. Қайталауға арналған сұрақтар
– Есімдік дегеніміз не?
– Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?
–Белгісіздік есімдігі туралы не білесіңдер?
III. ЖАҢА САБАҚ КЕЗЕҢІ:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Болымсыздық есімдігі.
Сабақтың мақсаты: болымсыздық есімдігін меңгерту.
Жаңа сабақ түсіндіріледі:
Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады.
Болымсыздық есімдіктеріне мына сөздер жатады: дәнеңе, дәнеме, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір, ешқайсысы, ешқаша, ешқандай, ешқандай, ешқайдан.
Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме, Әдетіне қарысып. (Абай). Болымсыздық есімдіктерінің ішінен, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендер зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендер сын есім орнына, ешқашан, ешқайда, ещқайдан дегендер мезгілдік ұғымды білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып не етейін? (Абай). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама (Ш.ААйманов).
Болымсыздық есімдіктері көпбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қайдан, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Сондықтан олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен тіркесіп, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмаспын орнымды (Абай).
202-жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Есімдіктерді мағыналық түріне қарай ажыратыңдар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
ЕСІМДІКТЕР МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРІ
Жіктеу Сен, оларды.
Сілтеу Оны, осы.
Сұрау –
Өздік –
Жалпылау Барлығы, бәрін
Белгісіздік –
Болымсыздық Ештеңесін, ештеңесі, ештеңе, ештеңеге.
Тапсырма. Үлестірмелі кеспе қағаздарды тарату. Сөйлемдерден болымсыздық есімдікті тауып, оның қандай сөздердің орнына қолданылып тұрғанын айту.
1 – қағаз. Ашық мінез, ақмаңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері).
2 – қағаз.Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама (Ш. Айманов).
3 – қағаз. Ешқайда болмай шықты оған жер тең (С. М.)
4 – қағаз. Мен оған айтсам да, ол ешқашан уәдеде тұрған емес («Мөлдір бұлақ» журналы).
5 –қағаз. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде ешнәрсе менсіз мәдмәлатқа жетпейді, әуелі өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай өзденіп, үйреніп, орнына келтірмек менің ісім...» (Абайдың қара сөзінен)
6 – қағаз. Төзе алмай ешкім қарсы тілсіз жауға, Қырылды қаза тауып мал да, жан да (Т.Жароков).
7 – қағаз. –Балам, сен еш нәрсені аңғара алмай отырсың-ау деймін. Бекберген менің немере інім болады. (Ғ.М.).
8 – қағаз. Ең жақсысы – ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі еді (С.М.).
(Қалған оқушыларға тақтада жұмыс орындатылады. Мақсаты: Болымсыздық есімдіктерін қатыстыра отырып сөйлем құрау ).
IV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Бекіту сұрақтары:
1. Болымсыздық есімдігі деп қандай мағынаны білдіретін есімдіктің түрін айтамыз?
2. Болымсыздық есімдіктерінің түрлері қандай?
3. Үстеудің орнына қандай болымсыздық есімдіктері қолданылады?
4. Зат есімнің орнына қандай болымсыздық есімдіктері қолданылады?
5. Сын есімнің орнына қандай болымсыздық есімдіктері қолданылады?
6. Қандай есімдіктер бірігіп, қайсылары бөлек жазылады?
V. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ. Үйге: 100 беттегі, 203-204 – жаттығуларды орындау. Болымсыздық есімдігін қайталап келу.
VI. БАҒАЛАУ.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.